Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көшпелілер мәдениеті. Қазақ ырымдарындағы отбасылық құндылықтар мен табиғатты аялау дәстүрі

Автор:   •  Декабрь 15, 2020  •  Эссе  •  1,389 Слов (6 Страниц)  •  667 Просмотры

Страница 1 из 6

Орындаған: Садуакасова Ажар, Баспа ісі, 1 курс.

                                      Эссе

Көшпелілер мәдениеті. Қазақ ырымдарындағы отбасылық құндылықтар мен табиғатты аялау дәстүрі

        Қазақ халқының өмір салтындағы ғұрыптары, оның сан қырлы болмысы кімді болсада қайран қалдыратын құбылыстарға толы. Ертеден бері халқымыздың қаншама әдет-ғұрыпы сақталған, оның тәрбиелік мәні зор. Жастарды, бүкіл қауымды шыншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеген, өтірікке жол бермеу үшін халық құранды қолына алып серт берген. Ел қорғауда жауынгерлер ақ найзаның ұшымен берген анттары қаншама.

        «Тәңірім, жарылқай гөр», - деп тілек тілеген қазақ халқы, ауа райының әр құбылысын тәңірден деп білген. Атақты этнограф-ғылым Шоқан Уәлиханов «ырым-әдет-ғұрыптың бір түрі» деп білген.

        Сол ырым-жырым әлі күнге дейін сақталған, мысалы, ауылда тұратын атамыз жылқысын сатқанда жүгенін алып қояды, неге десеңіз, атбасындағы жылқы малы құрық кетпесін дегені екен. «Тұзды шашпа- үйде ұрыс-керіс болды»,- деген ырым да бар, себебі, қазақ халқы тұзды қасиетті зат деп бағалаған. Кішкентай бала ауырса, көз тиді деп оны тұзбен сұрықтаған, яғни аластаған. Тағы ауылдан көрген ырым- қазақ үйге жылан кіріп кетсе, оны өлтірмей, босағаға сүт құйып ақырындап шығарып жіберген.

        Табалдырықты баспа, сыпыртқыны жоғары қаратып қойма деген сияқты ырымдар отбасы үшін өте маңызды қағида. Қазақ атамыз сол қолы қышыса ақша келе жатыр, оң қолы қышыса алыстан қонақ келе жатыр деген.

Үрейленуге себеп- сол көзің қышыса жылайсың, оң көзің қышыса қуанасын деген ғұрпы бар. Бір керекті болдыру үшін ата-бабаларымыз көбіне бақсының көмегіне жүгінетін. Бақсы қобызын сарнатып, табиғатты деп сенген халық, бұл да бір әдет. Қазақ халқы Мұхаммед пайғамбарды, мұсылман дінін жолық білмеген кезде шаманизммен айналысқан. Олар тәңірге табынып, жаңбыр жаумаса жасаттық беріп тәңірден бақсының көмегімен әдет-ғұрыптарды жасаған.

        Халықтың санасында қалып қойған Қорқыт баба да сондай бақсы болған. Желмаясына мініп алып, қобызын ойнап, бүкіл қазақ жеріне сипаттама берген деседі. Қысқаша: «шөбі шүйгін, жері майса»,- Жетісу жерін сипаттағандағы бір мысал.

        Қазақтар ата-бабаларына, өлген туыстарына құран бағыштап жатады. Қазір ораза, құрбан айтта бүкіл қазақ өткендерге құран бағыштайды. Ол жақсы қасиет. Өткенді есіне алып, о дүниелік болған туыстарға құран бағыштау қазақтың жақсы әдет-ғұрпы болып есептеледі. Аруақтарды қастерлеу қазіргі күнге дейін өз күшінде.

        Қазақтар табиғаттың күштерін қатты бағалаған әдетін айтпай болмайды. Жаңа ай туғанда: ай көрдім, а мен көрдім, келесі айға дейін аман сақта деген ғұрыпы бар. Темірқазық жұлдызы жолаушылар үшін таптырмайтын азимут. «Құс жол», «Шолпан» жұлдыздары туралы әдет-ғұрыптар қаншама.

        Париж қаласынан келген француздың ірі ғалымы И.Кастанье «Қазақ даласы мен Орынбор өлкесінің көне құбылыстары, әдет-ғұрыпы» деген кітабында ерекше әдет-ғұрыптарымызды жазған болатын. Бұнда 1913 ж. Орынборда жарияланған еліміздің наным-сенімдерін де көрсетіп берген.

        Халқымыз әдет-ғұрыптарынан айырылған емес, бір мысал: Келін үйге енгенде, отқа май құйғызады. Оттай жан, майдай балқы, келген үйіңе бақыт әкел деген әдет-ғұрыпы.

        Қысқаша айтқанда қазақ-қазақ болғалы келе жатқан ғұрыпымызды ұрпақтан ұрпаққа жалғаған дұрыс деп ойлаймын.

        Бүгінгі күнге қазақ ырымдарының ғасырлар көшінде әбден сана сүзгісінен өтіп, ешқандай күмән туғызбайтын, наным-сенімге әбден берік ұялаған түрлері ғана жеткенге ұқсайды. Бірақ ғылыми бағасын алып, толық елеп-екшеуден өткізілмегендіктен де бір ізге жүйеге түсірілген жоқ. «Малым — жанымның садағасы, жаным: — арымның садағасы» деп ғұмыр кешкен ата-бабамыздың тіршілікте ұстанған позициясы, көзқарасы арман-аңсары да осы ырымдарында терең жасырынып жатқан тәрізді. Бұған жан-жақты ғылыми талдаулар жасалатынына үміт артамыз.

...

Скачать:   txt (17 Kb)   pdf (59.4 Kb)   docx (11.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club