Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары
Автор: Zharkynai01 • Октябрь 13, 2020 • Эссе • 1,101 Слов (5 Страниц) • 1,011 Просмотры
АЖ-101(с) Төкен Жарқынай
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары (эссе)
Қазақтар малды жылдың төрт мезгілінде барлық маусымдық жайылымдарға жаятын. Көші-қон жолын ұзарта отырып, малдың пайдалы маусымдық азықпен қоректенуіне мүмкіндік беретін. Екінші жағынан, оның сүті мен жүнінің сапасын арттыруға, мал басының табиғи жолмен көбеюіне, жас төлдердің тез жетілуіне жағдай жасайтын. Бұның бәрі мал басы мен оның өнімділігін арттыру үшін жасалынатын. Осының өзі малы аз шаруашылықтар үшін де кең көлемде жайылымдық жерлердің қажет екенін көрсететін. Бірақ, жергілікті әкімшілік жартылай көшпелі мал шаруашылығының жайылым ауыстырып отыруды қажет ететін табиғатын түсінбеді. Қазақ жерлерін қоныс аударушыларға бөліп берерде қазақ халқының өңірдің табиғи-климаттық ерекшелігіне байланысты ғасырлар бойы қалыптасып дамыған шаруашылық жүргізу ерекшеліктерін ескермеді. Көшпелілердің көші-қон аймақтары жергілікті әкімшілік тарапынан белгіленіп беріліп, бақылауда ұсталды. Осы кезден бастап Жетісу облысындағы мал шаруашылығының дағдарысына жол салынды. ХІХ ғасырдың соңында қазақ ауылдарында әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруіне байланысты, бұрынғы жерді рулық негізде қауымдасып пайдалану жүйесі ыдырап, ұсақ қауымдастықтарға – ауылдық қожалықтарға ыдырап кетті. Енді жерді пайдалану түрі де өзгерді. Малшаруашылықты-егіншілікті шаруашылықтар үшін қыстау маңындағы егістік және шабындық жерлер маңызды болды. Жалпы жер қорынан ортақ егістік және шабындық жерлер бөлініп, ол жерлер бара-бара оқшауланып, әр қожалық жеке пайдаланыла бастады. Ал жайлау, күздеу, көктеудегі жайылымдық жерлер жеке немесе бірнеше қожалықтың ортақ пайдалануында қала берді. Бұрын мал қыста тебіндеп жайыла жүріп, ықтап, қарлы борандар мен көктайғақтардан табиғи түрде қорғанатын. Орыс билігі орнағаннан бергі жайылымдық жерлердің тартып алынуы көшпелі мал шаруашылығын дағдарысқа ұшыратып, мал басының кеміп кетуіне тікелей әсер етті. М.Тынышбаев: Қазақтарды мал шаруашылығынан егіншілікке көшпейді деп айыптады; бірақ қазақтарға егіншілікпен шұғылданатын жер қалмаған, олардың қарауына қалдырылған қу тақыр дала мен құмдарда адам түгіл аң тұрмас еді. Жайылымдық жерлер қатты қысқарды, қазақтар малды қоңайту үшін көшіпқонып жүретін әдетін ұмытуға мәжбүр болды. Қыста мал ығын паналап, тебіндеп жайылатын жерлер тартып алынған. Қыстық шөп қорын дайындайтын шабындығы және жоқ. Даладағы қарлы боран, көктайғақ, жұт..., малдың өлімжітімі жиіледі деп, дәстүрлі шаруашылықтың дағдарысты жағдайының себебін ашып көрсетеді. Патша өкіметі жергілікті халыктың ең шұрайлы жерлері мен жайылымдарын казактарга алып бepiп, олардың жақсы eмip cypyiн камтамасыз eтiп қана қойган жоқ. Сонымен бірге жергілікті халыктардың жеріне басқыншылық жасату аркылы оларды бip-бipiнe дұшпан eтiп қойған eдi. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады. Аштықпен бірге сүзек, тырысқақ, оба, дінгене және басқа аурулар да қатар келді. Жұқпалы аурулармен ауырған адамдардың саны республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті. Аштық пен қайыршылық күй, эпидемия, ауруханалардың жетіспеуі, осының бәрі аурулар арасындағы өлімнің санын көбейтіп жіберді. Мысалы, Қостанай губерниясында аштар мен аурулардың 75%-ға жуығы көз жұмды. Республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында 1921 жылдың 1 қарашасы мен 1922 жылдың 1 шілдесі арасында 37 657 адам ашаршылық құрбаны болды. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы осындай әсер етті.Осынын барлығына қарап эссе сонында осы мақалды қолданған жөн деп санаймын: «Елдің көркі - мал, өзен көркі - тал.»
...