Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары
Автор: serketaevaan • Сентябрь 30, 2021 • Реферат • 2,286 Слов (10 Страниц) • 452 Просмотры
Серкетаева Нұрай
102-ОЗ
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары.
Өнеркәсіп құрылысын жүргізудің карқынды түрде өсуі жұмыс күшінің тапшылығына алып келді. Құрылыс нысандарын жұмыс күшімен қамтамасыз ету және жұмысшы қазақтарды үйретуге бөлінетін қаражатты үнемдеу мақсатында биліктегілер елдің жұмыссыздық шарпыған батыс аудандарынан жұмысшылар тартты. 1931 - 1940 жылдары республикаға 559 мың жұмысшы келді. Жұмыс күшін толықтырудың тағы бір қайнар көзі арнайы қоныс аударылғандар: орталык аймақтар мен Сібірдің кулакқа жатқызылып, дүние-мүлкі тәркіленген шаруалары болды. Республика комсомолы жетекшілерінің бірі, ұлттық бағыт ұстанған қазақ зиялысы - Смағүл Сәдуақасов республикаға елдің басқа аудандарынан «бос» жұмысшы қолын жаппай қоныстандыруға қарсы шықты. Ол өзінің 1928 жылы «Большевик» журналына (№1 саны) жариялаған «Ұлттар және ұлт адамдары» деген мақаласында индустрияландыру туралы ұстанымдарын ашып жазды. Жұмысшылардың, әсіресе жеткіліксіз маманданған жұмысшылардың елеулі бөлігін ұжымдастырудың нәтижесінде күйзелген деревнялар мен ауылдардың шаруалары құрады. Еңбек өнімділігі күрт төмендеп, зауыттарда тәртіп сақталмай, маманданған еуропалық нәсілді жұмысшылар және маманданбаған қазақ жұмысшылары арасында қақтығыстар болып тұрды. Мамандық шеберлігі еуропалық нәсілді жұмысшылармен тең дәрежеде болған жағдайда да жергілікті жұмысшыларға төмен жалақы берілді, медициналық көмек көрсетілмеді т. с. с. Республикаға мамандар сырттан өкелінді, кадрлар тұрақсыздығы орын алды. Индустриялық саясатты жүзеге асыру барысында Қазақстанға ерекше мән берілді. Бай табиғи қорлардың болуы республикада ірі индустриялды база құруға мүмкіндік беріп, жұмыс күші сырттан - Ресей және Украинаның орталық аймақтарынан әкелінді. Қазақтар көшпелілер мен малшылар ретінде болашақ «социалистік Қазақстан» жүйесіне үйлесе алмады.
Қазақ халқы түркітекес тілдердің қатарына жатып, басқа түркітектес ұлттары сияқты көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын қолданған. Қазақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал өсіру болды. Мал шаруашылығына қоса егіншілікпен де айналықсан. Қазақтардың көші-қонының қашықтығы әр түрлі болып келеді. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар жазық жерлерде қой, жылқы, түйе және сиыр баққан. Мал – жылдың төрт маусымында табиғи жайылымдарда бағылды. Жылқы тебіндеп жайылған соң ол мекендерге ірі қара, түйе және ұсақ мал – қой, ешкі жіберілетін. Мал басы көшпелі қазақтардың ішіп-жем, киім-кешк және тағаммен қамтамасыз етті.
Көшпелі өмір салтының да, қолдану себебі малға байланысты болған. Бұның бәріне бір-ақ себеп бар, ол тек малдың қамы. Малдың қамы жақсы болса, өздерінің де жағдайлары жақсы болған. Осы көпетеген жылдар бойы алған тәжірбиеге байланысты малдың жайылымын маусымдарға байланысты бөлген. Олар: қыста-қыстауға қазақтың байырғы қысқы мекенжайы, әдетте суы бар, ықтасынды, оты мол жерлерде орналасады. Айналасында ор қазылған қора жайлары болады. Көктеу–көктемгі қоныс. Осы кезеңде шөптің жаңадан қаулап шыққан кезінде, көктем айларында мал жаятын өріс. Жайлау – жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. Күзеуге мал баспаған, оты мол, қыстауға жақындау жайылым таңдап алынады.
Қазақтар үшін ең ауыр қиын-қыстау кездер жұт жылдары болды. Кейде көктайғақ мұздардаң немесе шөп шаппай қалудың салдарынан бүкіл мал қырылып қалатын. Сол себепті де, бір-бірімен амандасқанда «мал-жан аман ба?» деп бастайтын. Ал жартылай көшпелілікке келсек мұнда егіншілік шаруашылығын жатқызамыз. Қазақ жерінің оңтүстік жағы егіншілікке қолайлы, ауа райы керемет, күн шуағы мол түседі. Сондықтан да ол жақтарда ертеден болып, өркендеп отырған. Осы егіншілікке басты рөл атқаратын су болғандықтан, ата-бабаларымыз өзен мен көлдері жақын маңдарды алған. Егіншілер бидай, жүгері және арпа отырғызған.Уақыт өте келе дәстүрлі шаруашылық бұзыла бастайды, және осы бұзылудың салдары неде? Оған ең бірінші себеп қазақ халқының Ресей Империясына қосылғаннан. Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында дегендей, осы империя қосылғанда көркейеміз деген хандық, құлдырай бастап, өз мәдениетіміз бен шаруашылығымздан алшақтай бастаймыз. Осыған орай қазақ даласының шекарасына айнала қоршап салынған бекіністер мен шеп-белдеулер Ресейдің отарлау саясатынан жүргізетін тірек-пункттеріне айналды. Сол себепті, оларды қазақтардан қорғау шарасы қабылданды. Яғни, бекіністердің жанындағы қазақтарды тыс бір шетке, қу медиен жерлерге қуып тастау сияқты амалдар жасалды. Жасаған әрекеттерін жергілікті халықпен ақылдаспай, зорлық-зомбылық әрекеттерін қолдана отырып қатыгездікпен іске асырып отырды.
...