Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары
Автор: kamilaagvfdgvb • Февраль 15, 2021 • Реферат • 1,021 Слов (5 Страниц) • 1,121 Просмотры
4 семинар
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары.
Жарасова Камила
Қазақ халқы түркі тектес тілдердің қатарына жатып, басқа түркі тектес ұлттар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын қолданған. Қазақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал өсіру болды. Мал шаруашылығына қоса егіншілікпен де айналысқан. Қазақтардың көшіі-қонысының қашықтығы әр түрлі болып келеді. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар жазық жерлерде қой, жылкы, түйе және сиыр баққан. Мал - жылдың төрт маусымында табиғи жайылымдарда бағылды. Жылқы тебіндеп жайылған соң ол мекендерге ірі қара, түйе және ұсақ мал - қой, ешкі жіберілетін. Мал басы көшпелі қазақтарды ішіп жеумен , киiм-кешек және тағаммен қамтамасыз етті.
Көшпелі өмір салтынын да, қолдану себебі малға байланысты болған. Бұның бәріне бір ақ себеп бар, ол тек малдың қамы. Малдың қамы жақсы болса, өздерінің де жағдайлары жаксы болған. Осы көптеген жылдар бойы алған тәжірибеге байланысты малдың жайылымын маусымдарға байланысты бөлген. Олар: қыста-қыстауға қазақтың байырғы қысқы мекенжайы, әдетте суы бар, оты мол жерлерде орналасады. Айналасында ор қазылған қора майлары болады. Көктеу-көктемгі қоныс. Осы кезеңде шөптің жаңадан қаулап шыққан кезінде, көктем айларында мал жаятын өріс болған. Жайлау - жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. Күзеуге мал баспаған, оты мол, қыстауға жақындау жайылым таңдап алынады.
Қазақтар үшін ең ауыр қиын-қыстау кездер жұт жылдары болды. Кейде көктайғақ мұздардың немесе шөп шаппай қалудың салдарынан бүкіл мал кырылып қалатын. Сол себепті де, бір-бірімен амандасқанда – «мал жан аман ба?» деп бастайтын.
Ал жартылай көшпелілікке келсек мұнда егіншілік шаруашылығын жатқызамыз. Қазақ жерінің оңтүстік жағы егіншілікке қолайлы, ауа райы керемет, күн шуағы мол түседі. Сондықтан да ол жактарда ертеден болып, өркендеп отырған. Осы егіншілікке басты рөл атқаратын су болғандықтан, ата-бабаларымыз өзен мен көлдері жақын маңдарды алған. Егіншілер бидай, жүгері және арпа отырғызған.
Уақыт өте келе дәстүрлі шаруашылық бұзыла бастайды, және осы бұзылудың салдары неде? Оған ең бірінші себеп қазақ халқының Ресей Империясына қосылуы. Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында дегендей, осы империя қосылғанда көркейеміз деген, хандық, кұлдырай бастап, өз мәдениетіміз бен шаруашылығымадан алшақтай бастаймыз. Осыған орай қазык даласының шекарасына айнала қоршап салынған бекіністер мен шеп белдеулер Ресейдің отарлау саясатынан жүргізетін тірек-пункттеріне айналды. Сол себепті, оларды қазақтардан қорғау шарасы қабылданды. Яғни, бекіністердің жанындағы қазақтарды тыс бір шетке, қу мәңгүрт жерлерге қуып тастау сияқты амалдар жасалды. Жасаған әрекеттерін жергілікті халықпен ақылдаспай, зорлық-зомбылық әрекеттерін қолдана отырып қатыгездікпен іске асырып отырды.

...