Қазақ халқының дәстүріндегі өзара көмек және әлеуметтік қолдау мәселелері
Автор: adnzhau160506 • Март 18, 2024 • Практическая работа • 6,841 Слов (28 Страниц) • 108 Просмотры
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ.........................................................................................................4
1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРІНДЕГІ ӨЗАРА КӨМЕК ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ..................................................6
2 ӨЗАРА КӨМЕК ЖӨНІНДЕГІ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ
ШАРАЛАРЫ................................................................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ.......23
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. Зерттеу жұмысы салт-дәстүлер мен әдет-ғұрыптардың рухани жаңғыру қазіргі заманауи кезеңдегі аса қажет екндігі және оның қайта жандану мәселелері қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі. Салт-дәстүрлер мен әдет ғұрыптар әрбір ұлттың ерекшелігі ғана емес, ол тәрбиелік мәні бар, халықтың ұйысуына, бір-біріне жақын болуына әсер ететін бірнеше функцияны атқаратындығын білеміз.Қазақ халқының ежелден қаоыптасқан өзара көмекке негізделген салт-дәстүрлері қайырымдылық, татулық, еңбексүйгіштік, ұйымшылдық, ауызбіршілік секілді қасиеттерімен ерекшеленеді.
Бүгінгі күнде қоғамдық – экономикалық қатынастар өзгеріске ұшырап, адамдардың өздігінен ақы-пұлсыз біреуге көмектесу ұғымы жат болып, әлеуметтік рөлдер мен әлеуметтік статустардың құндылықтары өзгеріске ұшырай бастады. Тіпті, апатқа ұшырап қиналып жатқан адамға көмектесудің орнына ұялы телефонына түсіріп, қызықтап тұратын азаматтардың бар екені қынжылтады. Бұл дәстүрлі қазақ қоғамындағы туыстық қатынастардың да алшақтай бастау қаупін туғызатыны сөзсіз. Осы жағдайда Елбасымыз ұлттық дәстүрлерімізді, санамызды қайта жандануына себебін тигізген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»[1] мақаласы арқылы халқымыздың ұлттық құндылықтарына жаңа рух пен жаңа серпін келгені сезілді. Ұлттық кодты сақтау мәселесінде оның негізгі бір элементі салт-дәстүрлер екенін ескерсек, оны жаңғырту мәселесі өзекті болып табылатыны анық.
Мақсаты Ұлттық дәстүрдегі адамгершілік-гумандық мәселелер қатарын ұтымды шешудегі халықтың даналығы мен даралығын жүйелей отырып, халықтың кейбір әдет-ғұрпылары саралау, оларды қайта жаңғырту жолдарын қарастыру тақырыптың басты мақсаты болып отыр. Осы аталған мақсатымызға сай төмендегідей міндеттер тобын шешу көзделіп отыр:
- Өзара көмекке негізделген халқымыздың әдет-ғұрыптарын қарастыру;
- Олардың бүгінгі күндегі маңыздылығына талдау жасау;
- Осы дәстүрлерді жаңғырту жолдарын іздестіру, тарихи тәжірибесін тану;
- Өзіндік ұсыныстар келтіру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ұлттық дәстүр жөнінде зерттеушілер С. Кенжеахметұлының «Ұлттық әдеп - ғұрыптың беймәлім 220 түрі» [2], Ж. Молдабековтің «Қазақтану», «Мұралық мерей» [3] атты еңбектерінде қазақ дәстүрінің өзіндік ерекшеліктері нақты, түсінікті жазылған. Сонымен бірге Құрбанғали Халидтың «Тауарих хамса» [4] еңбегінен де көптеген мағлұматтар ала аламыз. Ал зерттеуші-ғалым М. Қозыбаевтың «Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері» [5] атты еңбегі қазақ дәстүрінің тікелей көшпелі өмір салтымен байланысты бола отырып, онің тәрбиелік мәнінің ерекшеліктерін негіздеп береді. Ал Н. Елікбаевтің «Ұлт психологиясы»[6] еңбегінде халық дәстүрі сол ұлттің психологиялық ой жүйесінің ерекшеліктерін негіздейтінін атап өтеді. Қ. Нұрланованың «Символика мира в традиционном исскусстве казахов» [7] еңбегінің де жұмысты жазуда ерекше маңызды екендігін байқадық.
Зерттеу барысындағы қолданылылған әдіс-тәсілдер: салт-дәстүрлерге қатысты деректерді бір жүйеге келтіріп, олардың ішіндегі өзара көмекке негізделген әдіт-ғұрыптарды саралау. Қоғамдағы адамдардың арасындағы қарым-қатынастардың бүгінгі проблемаларын анықтау, деректер салыстыру.
Ғылыми жобаның жағалығы: Қазақ ұлтының әлеуметтік институт ретіндегі өзіндік дәстүрлі мәдениетінің моральдық талаптарына сай, әлеуметтік нормалар мен заңдылықтарын пайдалана отырып мәдени-этникалық әдет-ғұрыптарға зерттеу жүргізілді.. Мысалы, «Асар», «Аманат», «Ант» салттарынның, ауыз бірлікке, кісілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеп, ұлттық салт-сана арқылы-ақ жас ұрпақтың әлеуметтендіру процесіндегі рөлі мен әлеуметтік статусына талдау жасалды. Қандай қоғамдық формацияда болмасын тап пен топтың, байлық пен кедейліктің, аштық пен тоқшылықтың қатар болуы табиғи параллельдік заңдылық екенін айта отырып, алғашқы рет әлеуметтік страфикация теориясының негізін салушы П.А. Сорокин «адамдар арасындағы табиғи теңсіздіктің» болуы қоғамдық құбылыс деп атап көрсеткен. Әлеуметтік теңсіздіктің кемшіліктерін қазақ халқы ұлттық салт бойынша «Сауын салу», «Жылу», «Ерулік», «Көрімдік», «Енші беру» т.б. арқылы көмек беріп, қамқорлық пен қолдау жасап отырған. Осы ерекше дәстүрлерді қазіргі қоғамда қайта жаңғырту, әртүрлі этностар шоғырланған аймақта аталған дәстүрлерді қайта оралту үшін жас зерттеуші ретінде өзіндік пікір білдіре отырып, жастар арасында оны насихаттау, үлгі ету жұмыстың жаңашылдығын көрсетеді.
...