«Жеті жарғы» – қазақ халқының әдет-ғұрып заңы
Автор: iliasmarat • Апрель 23, 2023 • Реферат • 2,446 Слов (10 Страниц) • 299 Просмотры
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
№2 семестрлік жұмыс
Тақырыбы: «Жеті жарғы» – қазақ халқының әдет-ғұрып заңы.
Алматы 2022
Жоспар
- Кіріспе
- «Жеті жарғы» – қазақ халқының әдет-ғұрып заңы
- Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» – Ұлы дала заңдарының алтын арқауы
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Құқық-мемлекет сияқты қоғамдық дамудың нәтижесі. Ол мемлекеттiкке- Ұйымдасқан қоғамда, қоғамдык катынастың негiзгi реттеушiсi ретiнде пайда болады. Әдет-ғұрып, моральдiк және алғашқы Тәуке ханның Жетi-Жарғысы. Тәуке ханнын реформаторлық қызметiнiң сапынан ерекше орын алатын мәселе Қазақ қоғамының құқықтық жүйесін қалыптастыруы. Мемлекетті нығайтып, тәртіп орнату үшін тиімді, халық муддесiне сай келетiн, орындалуы арнайы тетіктермен қамтамасыз етiлетiн заң жуйесi болуы шарт. Бұл қағиданы Тәуке хан аса көрегендiкпен түсiнген. Құқық жүйесін жасау қызметіне қазақ қоғамынан өздерiнiң кара қылды как жарған әділ шешiмдерiмен елге танымал болған билердi тарта бiлдi. Олардың негiзгi өзегiн Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке би құрады. Соның негiзiнде дүниеге келген қазақ қоғамының ұлттык хартиясы - Жеты Жарғы дүниеге келдi. Ол тек кана сол заманның талаптарына сай келетiн құқықтық құжат емес. Оның мәні және мазмұны жағынан көшпелi казак халқының этикалық, шаруашылық ұйымдастыру және географиялық ерекшелiктерге сай қабылданған аса кұнды құқықтық ескерткіш болып табылады. Жеті жарғының әрбiр бабы қазақ халқының әлеуметтік практикасының жемісі, ұлтты қорғау ушiн, кешпелi қоғамдық қатынастарды тиімді реттеуге қабылданған және талқылау барысында идеялык пікірталас, билердiң данагейлiгiнiң қорытындысы. Билер кеңесi бекiткеннен кейiн ауызша түрде ел арасына таралған. Тарихи, құқықтық әдебиеттерде Жеті Жарғы кай жылы қабылданғаны туралы мәліметтер жок. Жеті жарғыны тұңғыш болып зерттеген шығыстанушы ғалым Н.Өсеров оны 1680 жылы кабылдады деген пiкiр айтады. Басқа әдебиеттерде қабылданған жыл көрсетілмейдi. Бiздiң ойымызша, Жеті жарғы 1684-1685 жылдары қабылданған құқықтық құжат. Олай дейтін себебiмiз, қазақ қоғамына аса маңызы бар бұл зандарды жылдык аралык iшiнде қабылдау ешкандай акикатка сай келмейді. Есім ханның ескі жолын, Қасым ханның қасқа жолы сиякты казак халкынын зандарын бiр жүйеге салу, жана нормалар енгiзу, ескi заман талаптарына сай келмейтін нормаларды жоққа шығару жұмыстарын Тәуке хан 1680 жылы такка отыра салып жасап улгерді деуiмiз ғылыми шындыққа сай келмейді. Заң шығару үшін арнайы дайындықтар кажет, пiкiрталас болуы шарт. Үш жүздің өздеріне тән болған, ерекше мазмұндағы əдет-ғұрыптық құқық жүйесiн бiр арнаға тоғыстыру уақытты, кеңестi, данагейлiктi талап ететiн ұзақ мерзiмнiң шаруасы. Култебенiң басында кунде кеңес деген сөз сол мағынаны берсе керек.
«Жеті жарғы» – қазақ халқының әдет-ғұрып заңы
Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. (Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады. Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан.
...