Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ халқы мен жапон халқының салт- дәстүрін салыстыру

Автор:   •  Апрель 1, 2022  •  Реферат  •  2,686 Слов (11 Страниц)  •  316 Просмотры

Страница 1 из 11

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

                   Факультеті: «Ақпараттық технологиялар»

                   Кафедрасы: «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»

СӨЖ

               Тақырыбы: Қазақ халқы мен жапон халқының салт- дәстүрін салыстыру

                                        Орындаған:Молдахан Е.

                                                  Тексерген:Ауелтаевна М.

Алматы, 2022ж

I.Кіріспе бөлім

1.1. Салт- дәстүр-ел өмірінің рухани және мәдени азығы

II.Негізгі бөлім

2.1.Әр елдің салты басқа...

2.2. Қазақ халқы мен жапон халқының салт- дәстүріндегі ұқсастықтар

2.3. Қазақ- жапон мақал- мәтелдеріндегі ұлттық үндестік

III.Қорытынды бөлім

IV.Әдебиеттер тізімі

I.Кіріспе бөлім

Салт- дәстүр-ел өмірінің рухани және мәдени азығы

Қазақ халқы – салт дәстүрге өте бай. Салт - дәстүр деген не, соған тоқталып өтейік. Салт - дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет - ғұрыппен, ырым - тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Салт - дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн - жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң десек те болады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші ең алдымен Отанға деген сүйіспеншілікті салт - дәстүрді түзеуден бастау керек. Салт - дәстүрін біле отырып тарихын таниды, ал тарихын білу Отанды тану. Дәстүрсіз халық жоқ. Ол тарихи негізінде қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып жалпыға бірдей әдеп, инабат нормасы болып табылады.Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі – адамдар арасындағы өркендеп және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру.Тұрақтылық болмаса даму да болмайды. Қазақ - дәстүрі бай және оны қатаң сақтайтын халық. Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібіне сенім нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеден қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды. Бүкіл халық, ел -жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге жаңалық енгізіп, оны қоғамдық болмыс көріністеріне бейімдеп өзгертіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. Қазақ халқы жас ұрпақты ерлікке, отаншылдыққа, адамгершілікке, өткір тілді шешендікке, еңбекке, өнерлі шебер болуға, өнерліні құрмет тұтуға, туған жер табиғатын, ерлік дәстүрін сүюге тәрбиелеген.

Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез – құлқын, қасиеттерін таныта алады. Әр ұлт өкілдерінің салт-дәстүріндегі мән мағынасымен тәлім-тәрбиесі бір-біріне ұқсап, бірін-бірі толықтырады. Салт-дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Ол бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-салт және әлеуметтік – мәдени салт дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке бөлеу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар, ұл бала мен қыз баланы жанұялы болуға, шаруашылыққа еңбекке, өмірге бейімдеу. Тұрмыс- салт дәстүріне қазақтың киіз үйі, жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдарын жатқызамыз. Ұлтымыздың ұлттық саз өнері, аспаптары, мерекелері, қонақ күту дәстүрі өзге елдерден біздің биік тұрғанымызды көрсетеді.Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, би өнерінен, тұрмысынан

байқаймыз. Ән күйлерін тыңдай отырып, билерін, ою өрнектерін, зергерлік әшекейлерін көре аламыз.

Қазақ халқы жас ұрпақты ерлікке, отаншылдыққа, адамгершілікке, өткір тілді шешендікке, еңбекке, өнерлі шебер болуға, өнерліні құрмет тұтуға, туған жер табиғатын, ерлік дәстүрін сүюге тәрбиелеген.

II.Негізгі бөлім

2.1.Әр елдің салты басқа...

«Халқым қандай десең, салтымнан сұрап біл» демекші, салт-дәстүрлерден халықтың мінез-құлқы, үлгі-өнегесі, даналығы, шешендігі, танымдық көзқарастары көрінеді.

Уақыт өткен сайын салтымызға әртүрлі өзгерістер еніп, қоғам талабына сай келмейтін дәстүрлер ауысып, өмірге қажетті салт кемелденіп, дамып оты-рады. Бұл – өмірдің заңдылығы. Дегенмен, «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші, әр ұлттың заман ағымына ілесе алмай, ұмытылып бара жатқан көне дәстүрлері де болады.

...

Скачать:   txt (36.2 Kb)   pdf (159.4 Kb)   docx (65.8 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club