Қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнері
Автор: Amandykh_Baibol • Март 10, 2024 • Реферат • 1,401 Слов (6 Страниц) • 131 Просмотры
7 дәріс
Қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнері – көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, қара шаңырағы. Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Мысалы, Геродот былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттарының әшекейленіп, киімдерінің өзіне тән үлгісі барын айтады. Академик Ә.Марғұлан: «Есть основание пологать что народное искусство казахов находится в генетической связи с искусством саков, усуней, гуннов и других племен, населявщих в древности территорию Казахстана» [2; 131],- деп кӛшпенді халық өнерінен бастау алғанын теория жүзінде дәлелдеген.
Қолданбалы өнерінің бел туындыларының бірі – тас өңдеу. Оның негізгі түрлері тас ескерткіштер, мүсінтастар. Ә.Марғұлан тарихи дәуірден сақталып келе жатқан тас мүсіндер біріншіден, ата–ананың рухын қадірлеуден, аспанға, күнге табынудың бір белгісі; екіншіден, тек басын жұмырлап келтіру, өзге денені бедерлемеу және іргесіне тӛрт бұрышты тас шарбақ тұрғызып отырғаны дүниенің төрт бұрышын меңзегені; үшіншіден, VІІ-Х ғасырдағы мүсіндер ӛте реалистік бағытқа сүйеніп, шындықтан ауытқымауды, адамның келбетін (портретін) тура өзіндей қылып жасауды мақсат еткен. Жас әйелді суреттеген тас мүсіндер «қыз тас», «келіншек тас» деп үлкендерін «кемпір тас» деп атаған. «Кемпір тас» пен «қойшы тастың» келбеті біріне бірі өте жақын. Екеуіде қолын бауырына қысып, кіндігінен жоғары құты сауыт ұстап отырады. Бұл да күнге аспанға табынудың, малымыз кӛп болсын деген тілек. Олар тас мүсіндерін екі жүйе болып созылған ұзын қанаты (жол) бар үлкен тас обалардың шығыс жағына орнатып бетін шығып келе жатқан күнге қаратып қойған. Шығып келе жатқан күнге бас иіп, табынып, одан жақсылық күткен [11;14-15]. Тасқа қашалып жазылған жырлар («Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк») еркіндік аңсаған халықтың бақытты өмірі жайлы арман-қиялын, тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы күресіп келе жатқан ерлердің қаһармандықтарын келер ұрпаққа үлгі-өнеге етіп, тәлім-тәрбиелік әсер қалдырған. Ӛнер қиял-ғажайыптан пайда болған – нақыш. Ол мәңгілік өмір, қоғам, адамдар болмысы туралы сыр шертеді. Демек, жаратылыстығы үштік құрылым, дүниенің тӛрт бұрышы сияқты ұғым, түсініктер, таңбалардағы (реальды, концептуальды, перцептуальды) кеңістік пен уақытта заттанған кӛрініс алады. Өйткені ертеде көшпелілер айтқысы келген ойларын қолданбалы ӛнері арқылы жеткізе білген. Халқымыздың сарқылмас бай қазынасы, рухани мұрасы болып табылатын қазақ қолданбалы өнеріне деген алғашқы негізі, ұлттық мәдени құндылықтарға баулу ісі мектептегі бейнелеу ӛнері пәнінен басталатыны белгілі. Осы тұрғыдан бейнелеу өнері пәнін мектепте оқытудың негізгі мақсаты қоршаған орта әсемдігін көру, сезіну, қабылдау қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін жетілдіру, кӛркемдік қаракеттерді өз бетімен орындауға үйрету болып табылады.
Абай мұрасы топтастырылған қолжазбаларды зерттеу мәселесі ХХ ғасырдың басында қолға алынған. 30-жылдардың өзінде Абай қолжазбаларын жүйелі түрде қарастырған ғалымдардың арасынан Абайтану саласына үлескен қосқан М. Әуезов, І. Жансүгіров, А. Жұбановтардың зерттеулерінде оның мұраларына аса ден қойды. Ғылыми кітапханаларда сақтаулы Абай қолжазбаларын халыққа танытуда М. Әуезовтың сіңірген еңбегі зор [1]. Кеңестік жүйе тұсында Абай мұраларына қатысты С. Мұқанов, Ә. Марғұлан қалам тартып, Абай мұралары қолжазбаларына салыстыра талдауға алып, бағалаған [2, 29-30-бб.].
...