Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халықаралық білім кеңістігінде оқу нәтижелерін бағалау құралдары

Автор:   •  Март 5, 2019  •  Реферат  •  576 Слов (3 Страниц)  •  2,097 Просмотры

Страница 1 из 3

Халықаралық білім кеңістігінде оқу нәтижелерін бағалау құралдары

Халықаралық сарапшылар PISA-2012 зерттеуінде жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтың мынадай құрамдастарын қарастырады: «ғылым мен технологияға жүгінетін өмірлік жағдайларды тану (бағалау контексті); ғылыми білімдер негізінде материалдық әлемді (технологияны қоса) ұғыну, ол қоршаған орта мен оның заңдары туралы білімді, сондай-ақ дара жаратылыстану ғылымдары туралы білімді меңгеруді болжайды (зерттеу білімінің компоненті); ғылыми сұрақтар тұжырымдау машықтарынан құралған біліктіліктерді меңгеру, меңгерген ғылыми білімдерге жүгіну және оларды қолдану, дәлелденген фактілер негізінде ой түю (зерттеудің білікті компоненті); жаратылыстану-ғылыми білімге қызығушылық, жаратылыстану-ғылыми білімге құмарлықты өзіндік құндылықтар жүйесіне енгізу, мысалы, табиғи ресурстарға және қоршаған ортаға қатысты жауапты әрекет етудің қалыптасқан уәждемесі (бағалаудың аффектілік өлшемі). Тапсырмалар құрылымы өлшеудің 4 өзара байланысты аспектісінен құралады: Контекст: жаратылыстануға және технологияға байланысты шынайы жағдайлар: тұлғалық (оқушының өзіне, оның отбасына, достарына байланысты); әлеуметтік (жергілікті ортамен байланысты); ғаламдық (әлемнің әр бұрышында орын алған құбылыстарға байланысты). Жағдайлардың 5 тобы қарастырылды: «Денсаулық», «Табиғи ресурстар», «Қоршаға орта», «Қауіп, тәуекел көздері», «Жаратылыстану мен технология байланысы». Біліктіліктері: ғылыми сұрақтарды ажырату және қою; құбылыстарды ғылыми түсіндіру; ғылыми дәлелдерді қолдану. Білімдері: жаратылыстану-ғылыми – шынайы әлем туралы білімдері; ғылым туралы – адам өткізетін зерттеулер туралы әдіснамалық білімдер.

 Арақатынастары: ғылыми сананың маңыздылығы; жаратылыстанудағы жетістікті өз бетімен бағалау; ғылымға қызығушылық; ресурстар мен қоршаған ортаға жауапкершілік. Зерттеудің жаратылыстану-ғылыми блогына төрт түрлі тапсырмалар енгізілді: қысқа жауабы таңдалатын; «иә/жоқ» жауаптары таңдалатын; еркін құрылымдық жауабымен; жабық құрылымдық жауабымен.

Бір тест буклеті 3-тен 5-ке дейінгі тест тапсырмаларынан тұрады. Әрбір тапсырма күрделілік деңгейі әртүрлі 3–6 сұрақпен сүйемелденеді.  Оқу сауаттылығы 3 құрамдастан тұрады: адамның оқыған мәтінді түсіну қабілеті; мәтіндегі ақпаратты қойылған сұраққа толық жауап беруге қолдану машығы; ойлану машығы (оқырман белсенділігінің көрсеткіші).

Зерттеуде оқу сауаттылығын бағалаудың 3 негізгі белгісі қарастырылады: мәтін, жағдай, сұрақ, осы арқылы зерттеуге қатысушы оқығанын әңгімелеу емес, керісінше ұсынылған мәтіннен ақпарат іздеу және түсіндіру машығын көрсетуі тиіс. PISA зерттеуіне қатысушы жұмыс істейтін материал мынадай форматтарда ұсынылған: тұтас мәтіндер (көркем әдебиет); құрама мәтіндер (кестелер, графиктер, диаграммалар, карталар); аралас мәтіндер (ғылыми-көпшілік мәтін, ресми құжат, қоғамдық маңызды оқиғалар туралы ақпарат). Материалдар форматының әртүрлілігі адамның мәтінмен қарым-қатынасының жеке, сондай-ақ оқу аспектілерін ескеруге мүмкіндік береді. Оқу машықтары мен дағдылары Табу және алу Біріктіру және түсіндіру Ұғыну және бағалау Дағдылары мәтіннің негізгі бөліктерінің мәнін тұжырымдау; мәтінді түсінгенін көрсету ақпаратты жалпылау; мәтінді өзіндік өмірлік тәжірибемен үйлестіру, оған сыни талдау жүргізу мәтінді түсіну және ұғыну; ақпаратты бағалау, оның негізінде болжамдар мен тұжырымдар жасау Мәтінді толық түсіну мәтіннің мазмұнындағы жалпы бағдарына, оның тұтас мәнін түсінуге, ақпарат табуға және мәтінді түсіндіруге негізделеді.

...

Скачать:   txt (9.2 Kb)   pdf (75.1 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club