Қазақстандағы ашаршылық, оның демографиялық салдары
Автор: nureke001 • Апрель 9, 2019 • Реферат • 3,209 Слов (13 Страниц) • 2,310 Просмотры
Кіріспе
Қазақ шаруаларын меншігінен айыру мен күштеп ұжымдастыру және мұның нәтижесі болған аштық алапаты мәселесі тарихымызда КСРО кезінде сыңар жақ идеологиямен әкімшіл-әміршіл жүйенің айқындала бастады.Осы ақтаңдақтар арасында Қазақстандағы 1931 қымтауынан шыға алмай келді.Коммунистік идеология үстемдік құрған кезеңде тарихшылар кеңестік жүйені марапаттап,жарқын болашақ пікірін жаюмен болды.Өйткені әкімші-әміршіл жүйе тұсында коммунистік идеологияға көлеңке түсіретін тарихи еңбектердің жарыққа шығуына жол берілмеді.Ондай кітаптарға саяси айып тағылды.
XX ғасырдың 80-жылдарында демократия мен жариялылық ықпалымен қоғамда жаңа саяси басталып,тарихымыздың беймәлім ақ таңдақтарын ашуға деген құлшыныс пен ықылас зиялы қауымға рухани қозғау салған болатын.Осындай саяси өзгерістер нәтижесінде Қазақ тарихының ақтаңдақтарының ақиқаты 1933 жылдардағы ашаршылық және оның зерттелуі мәселесі де бар.
Біздің тарихымыз бүгінде Қазақстан Республикасының идеялық жағынан негіздеп,Республика азаматтарының санасына оның жерінің бөлінбес,бір тұтастығы туралы идеяны сіңіруге қызмет етуге тиіс.Міне сондықтан 20-30 жылдардағы Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және аштық мәселесі жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеліп,зерделенуі тиіс.
Мыңдаған жылдардан бері эволюциялық жолымен баяу дамып келе жатқан қазақ халқы өткен ғасырдың 30-шы жылдары большевиктер әдейілеп ойлап тауып,іс-жүзіне асырған атап айтқанда,қазақтың кең даласын тарылтып,ұйымдастыру саясатының,еркін халықты казармалық өмір салтына зорлықпен кіріктіруге бағытталған қасірет экспериментінің ең негізгі әрі басты обьектісіне айналып жүре берді.Арнайы ұйымдастырылған осы зорлықтың эксперименттік материалына айналған халықтың шаруашылығы шайқалып,өзі ашаршылыққа ұшырады.Халық басына тудырған алғашқы зорлық актілерінің бірі –ірі байлардың мал-мүлкін кемпескелеу 1928 жылы басталды.Қағаз жүзінде 700-дей отбасы ғана тіркеуге ілікті,ал тұтастай алғанда,бүкіл халық зардап шекті.Аша таяқ қалмасын,асыра сілтеу болмасын деген субьективті ұранмен өткен науқан кезінде миллиондаған адамдардың кеңестік көзі болыл табылатын қалыптасқан шаруашылық үрдісі жойылып кетті.Шектен тыс салық салу мен мал-мүлкін тәркілеуге қарсы халық наразылығы НКВД органдары тарапынан аяусыз басып,жаншылды.Жалпы ұжымдастыру жылдары Қазақстанда күшейе түскен тоталитарлық отаршылдық режимге қарсы қазақ халқы 372 рет жаппай көтеріліп ереуілге шықты.Ұжымдастыру және көшпелі тұрғындары жоспарлы отырықшыландыру жылдарында қазақтардың жартысы (2,5млн) қырылды.
Ашаршылық пен репрессиядан бас сауғалаған 1 миллионнан астам адам республикадан тыс жерлерге жер ауа босып,көшіп кетті.Ұлт жадында өшпестей болып жағымсыз із қалдырып,зорлығы мен қорлығы шаш етектен болған зар заман,бұл егемендікке қол жеткізіп,еңсені тіктегенге дейінгі Ресей империясының,онан кейін оның заңды мұрагері-кеңестік тоталитарлық режимінің қол астында қалған заман болды.Осы отаршылдық қамытын киіп ділі,тілі намысы жаншылған кезеңнің ең ауыр,дауыстап айтуға да жүрек дауламайтын қанқұйлы зұлымдығын қазақ қоғамы өткен ғасырдың 30-шы жылдары басынан өткерді.
Бұл көшпелі қазақ халқын ұжымдастырып,отырықшыландырамыз деген желеумен большевиктік режимін ойлап тауып,практика жүзінде оларды аса қатігездікпен,зұлымдықпен,зорлықпен жоспарлы түрде әдейілеп ашаршылыққа ұшыратып,жер бетінен мүлдем құртып жіберуге бағытталған іс-әрекетінен туындаған нәубет болатын.Бұл зұлымдық бүкіл дүниежүзі халықтарының жанын түршіктіріп,большевиктік режимге қарғыс айтқызды.
Қазақстандағы ашаршылық, оның демографиялық салдары
Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама
...