Қазақстандағы ашаршылықтың себептері мен салдары
Автор: 21042003 • Февраль 11, 2021 • Эссе • 558 Слов (3 Страниц) • 631 Просмотры
Қазақстандағы ашаршылықтың себептері мен салдары
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Кеңес Одағы кезіндегі елімізге қатысты құпия ақпараттарды ашуды, оны зерттеуді қолға алды. Ондағы мақсат еліміздің тарихын түбегейлі зерттеу еді. Кеңес Одағы кезінде Қазақ жерінде айтуға да, естуге де ауыр кезеңдер болған. Соның бірі айтқанның жанын қалдырмай, естігеннің жүрегін талқандайтын ашаршылық кезеңі. Ашаршылық кезеңі қазақ халқының басынан өткен ең сұрапат уақыттардың бірі еді. Осы «қызыл қырғын» ашаршылық кезеңі туралы айтып кетсек.
Қазақтар зобалаң аштықтың 3 кезеңін бастан өткерді. Жиырмасыншы ғасырдың 17 – 19жылдары Түркістан Республикасына қарайтын Сырдария және Жетісу облыстарында көшпенді халықтың миллионнан астамы опат болды. Мұның басты себебі – өлкедегі кеңес қанау саясаты.
Екінші кезең Қазақ Республикасында 1921–1923 жылдары орын алды. Оның да басты себебі – жергілікті халықтың отарлық қанау салдарынан әуелі азамат соғысы, одан соң орталықтың азық-түлік жинау жасақтары одан әрмен күйзелтуінде еді. Қазақ халқы сол шақтағы жалпы санының тағы да бір ширегін жоғалтты.
Қазақстан жеріндегі халықтың ашаршылыққа ұшырауының басында тұрған И. Сталин мен Ф. Голощёкин еді. 1925 жылдың қыргүйегінде БК(б)П Орталық Комитетінің эмиссары Филипп Голощекин Қазақстанды басқаруға келді. Ол қазақ қайраткерлерінің ұлттық мүддені қорғауға бағытталған шешімдерін түрлі айла – әдістермен жоққа шығарып отырды. Қазақтың қайраткерлері сол кезде Қазақстандағы мал және егін шаруашылығын дамыту бағытында жұмыстанып жатқан еді. Бірақ Мәскеу әрдайым кедергі жасаумен болды. Сол себепті де шаш ал десе бас алатын Голощекинді жіберген болатын. Ашаршылықтың басты қылмыскері Голощекин екнін Ораз Исаевтың Сталинге жолдаған хатында: «...Ф.Голощекин отырғанда – республикадағы ауыр жағдайды сауықтыру еш мүмкін емес...» дегенінен байқауға болады.
1927 жылғы БК(б)П XV съезі шешімі бойынша елдің ауыл шаруашылығы 1932 жылдың көктеміне дейін жеке қожалықтардан ұжымдық шаруашылықтарға айналып үлгеруге тиіс еді. Партия алға қойған осы міндетті орындау үшін, 1928 жылғы 27 тамызда Қазатком жартылай феодалдарды тәркілеу туралы арнайы декрет шығарды. 1928 жылғы 13 қыркүйекте
...