Қазақстандағы ұжымдастыру және оның салдары
Автор: Dina117 • Ноябрь 4, 2020 • Лекция • 314 Слов (2 Страниц) • 1,266 Просмотры
Қазақстандағы ұжымдастыру және оның салдары.
Бк(б)П XV съезі (1927 жылдың желтоқсаны) ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға бағыт алуды жариялады. Қазақстандағы ұжымдастыру төрт кезеңде жүзеге асырылуға тиіс болды:
1. 1929 ж. мамыр мен 1930 ж. Наурыз жылдамдатылған ұжымдастыру науқаны;
2. 1930 ж. Наурызы мен 1932 ж. Тамызы ұжымдық шаруашылықтардың әр түрлі типтерін тәжірибеден өткізу;
3. 1932 ж. желтоқсаны мен қыркүйегі 1934 ж. Желтоқсаны – ТОЗ дарды ұжымдастырудың жаңа толқыны ретінде пайдалану;
4. 1934 ж. Желтоқсаны мен 1938 ж. Желтоқсаны – ТОЗ шаруашылықтарын ауыл шаруашылық артельдері – колхоз, совхоздар етіп қайта құру.
1930 ж. Ақпанындағы есеп бойынша Қазақстанда 441931 шаруашылықты қамтыған 6722 колхоз құрылды. Деректер атап көрсеткендей, ауыл жиындарын өткізу кезінде ұжымдастыру науқанын жүргізушілер « Колхозға кімнің кіргісі келеді?» - деп сұрағаннан гөрі нагандарын қолында ойнатып «Ұжымдастыруға кім қарсы?» қарсы деген қатқыл сұрақты жиі қояды, және де кім ұжымдастыруға қарсы шығады соны Сібірге айдауға жіберетін. Құжаттық деректерде ұжымдастыру ісінде ату жазасы мен қорқыту, тыр жалаңаш аязға үсіту, ұрып – соғып, мұз ойыққа лақтыру сияқты дөрекі қанішерлік әдістердің қолданылғаны айтылады. Көшпелі мал шаруашылықтарын күштеп отырықшыландыру және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді, қазақтардың 51,8 пайызы жеке меншік иелері мал – мүлкінен айырылды, ұжымдастыруға дейін елде 40,5 млн бас мал болса, 1933 жылы сол малдан 4,5 млн мал басы қалды. Осының бәрінің әсерінен елде ашаршылық пен аштыққа әкеп соқты.
Ал мал мен астық қайда кетті? Малды колхоздарға
...