Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанда демографиялық қартаю құбылысы орын алады ма?

Автор:   •  Декабрь 7, 2018  •  Реферат  •  2,856 Слов (12 Страниц)  •  1,144 Просмотры

Страница 1 из 12

[pic 1][pic 2]

Бағыты:

Қазақстан қоғамы

Тақырыпша

Қазақстанның әлеуметі: құрылымы және ахуалы  

Тақырып

Қазақстанда демографиялық қартаю құбылысы орын алады ма?

2512 cөз

Орал – 2015

КІРІСПЕ

Халықтың жас ерекшелік құрылымы кез-келген мемлекеттің басты демографиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамаларының бірі. Оның көрсеткіштері халықтың өсу заңдылықтарын, ауру-сырқаулығы мен өлім-жітімдіктің себептерін оқып білу және болжам жасау, халықтың келешегін есептеу үшін маңызды, өз кезегінде, халықтың ұдайы өсу түрін, белсенді халықтың экономикалық үлесін айқындауға мүмкіндік береді, әлеуметтік саясатты дұрыс қалыптастыру, қоғамның экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының маңызды көрсеткіштерінің қатарын жоспарлау үшін қажетті ақпарат және елдің әскери және экономикалық әлеуеті туралы түсінік береді.

Халықтың жас ерекшелік құрылымы – динамикалы, ол ұдайы өзгеріп тұрады, бірақ соңғы жүз жылдықта демографикалық қартаю деп аталатын тенденция байқалады. Бұл тенденцияның негізгі көрінісі халықтың жалпы санындағы егде адамдардың үлесінің көбеюі, ол тууға, өлім-жітімдікке, олардың ара-қатынасы мен көшіп қонуға байланысты ұзақ демографиялық өзгерістердің нәтижесі. Француз демографы А.Сови (1956) бұл құбылыс «ең анық, аз дауласатын және өлшеу, болжам жасау үшін ең қолайлы» деп атап көрсетті. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, бұл процестің әмбебап сипаты бар, өйткені ол адам қоғамының өрлеуімен тікелей байланысты: адамзаттың тарихи эволюциясы және қоғамның жеткілікті жоғары экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және мәдени даму сатысында жүзеге асады.

«Демографикалық қартаю» ұғымының соңғы 50 жылда демография мен статистикада жалпыға бірдей мойындалды, әйтсе де бұл процесс өткен ғасырдан бастап байқалды. Басында тек дамыған елдерді ғана қозғады, бірақ бүгін практикалық түрде барлық әлемде байқалады. Мысалы, 2000 жылы 60 жастағы және одан да үлкендердің саны 600 миллион адамға жуықтады, ал 1950 жылы бұл жас ерекшелік тобы үш есе аз болатын. 2009 жылы тағы 137 миллионға өсті, ал 2050 жылы БҰҰ есебі бойынша 2 миллиард адамнан аспақшы, яғни тағы 3 еселеніп, жер шарындағы жалпы адам санының  22 пайызға жуығын құрмақшы (2009).

Демографиялық қартаюдың әртекті аспектілері мен сансыз көп әлеуметтік-экономикалық және саяси зардаптары бар, сондықтан халықтың қартаю тенденциялары мен зардаптарын есепке алу – әлеуметтік саясаттың маңызды міндеті. Медициналық қызмет көрсетуге, біліммен, зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты сұрақтар – міне, демографиялық қартаюды қозғайтын, қоғам өмірі аспектілерінің толық емес тізбегі (Г.Сафарова, 2005).

Бүгін Қазақстан халқы тұрақты өсіп, дамып келе жатқан елдерге жатады. Соңғы бес жылда халықтың өсуі 1,5 миллион адамды құрап, 17 миллион белгісін аттап өтті. Қартайып бара жатқан (65 жастан жоғары) адамның саны 7 пайызға жетті, бұл Қазақстандағы халықтың құрылымы кемеліне келген елдеріне қосады, сондықтан мемлекеттегі қартаятын халықтың проблемасын зерттеу тіпті  қазір де маңызды, осыған байланысты зерттеу жұмысы осы мәселеге арналып отыр:

     Мәселені толықтай зерттеу үшін мынадай мақсаттар қойылды:

  • Жас ерекшелік құрылымы демографиялық процестегі халықтың ұдайы өсуіне үлес қосуын зерртеу;
  • Халықтың ұдайы өсуіндегі жас ерекшелік құрылымының рөлі туралы біртұтас ұсыныс дайындап шығару;
  • Демографиялық қартаюдың елдің экономикасы мен әлеуметтік жағдайына әсер қарастыру;
  • Ортаазиялық континенттегі Қазақстан халқының демографиялық қартаюын зерттеу;
  • Қазақстан халқы қартаюының болашақтағы көрінісін бағалау;

Өкінішке орай Қазақстанда бұл мәселені зерттеуге арналған жұмыстар өте аз. Сондықтан шетелдік, соның ішінде Ресейлік демографиялық қартаюды зерттеушілердің жұмыстарына баса назар аударылды. Ресей мен Қазақтанның демографиялық жағдайы ұқсас, тарихи сабақтас болғандықтан, олардың зерттеулерін кең пайдаланылды. Сондай-ақ Қазақстан парламентінің, БҰҰ-ның ресми статистикасы, экономика ғылымдарының кандидаты Е.Щербанованың, Г.Сафарованың жұмыстары осы зерттеу жұмысындағы маңызды ақпарат көздері ретінде қолданылды.  

...

Скачать:   txt (41.8 Kb)   pdf (185.7 Kb)   docx (41.1 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club