Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы ашаршылық: себептері мен салдарлары

Автор:   •  Февраль 15, 2022  •  Доклад  •  945 Слов (4 Страниц)  •  339 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазақстандағы ашаршылық: себептері мен салдарлары

1930-шы жылдардағы алапат ашаршылық– кездейсоқ тап болған оқиға емес. 1917-1919 жж. Түркістан Республикасына қарайтын Сырдария және Жетісу облыстарында көшпенді халықтың миллионнан астамы, яғни бір бөлігі қаза болды. Мұның басты себебі – өлкедегі кеңес билігінің қолдарындағы қару-жарақ күшімен құлаған режімнің қанау саясаты.  Бұл ХХ ғасырда қазақ халқының басына түскен ұлттық апаттың бірінші кезеңі еді. Екінші кезең Қазақ Республикасында 1921–1923 жылдары орын алды. Оның да басты себебі – жергілікті халықтың отарлық қанау салдарынан кете бастаған дәстүрлі шаруашылығын әуелі азамат соғысы, одан соң орталықтың азық-түлік жинау жасақтары одан әрмен қинауында еді. Қазақ халқы сол кезде жалпы санының тағы да бір бөлігін жоғалтты.

Қазақ қайраткерлері ұлттық тәртіп нәтижесінде екі өлкедегі жер-суы мен халқы бірігуімен, ашаршылықтың Қазақстанда қайталануына жол бермейтін амалдарды қарастырған. Ресей Компартиясы Қазақ обкомының 1925 жылғы сәуір пленумында мал бағудың көшпенді түрі – егін егуге қолайсыз даланы шаруашылық пайдасына асырудың бірден-бір ықтимал тәсілі ретінде қолданылды. Сондықтан да жайылымдарды суландыру, жем-шөп әзірлеу, қой тұқымын асылдандырып, құрамының сапасын жақсарту үшін көшпенді халыққа кең көлемде несие беруді аса маңызды жағдай деп тапты.

Сөйтіп Қазобком пленумы ауылшаруашылық несиелерін ауылға тікелей бағыттау, кооперацияны күшейту жайында тиісті шешім шығарды. Кең даланы игерудің бірден-бір тиімді жолы – көшпенді мал шаруашылығын дамыту жарғыда айтып өтті. Мал бағуды кеңейту, оны одан әрі дамыту үшін арнайы қаржыландыру, өнімдерін тиімді жолмен қалаларға тасымалдап тарату, халықты жерге орналастыру жөнін қарастырды. Бұл мәселелер бойынша іргесі кеңейген республика Кеңестерінің Ақмешіттегі 1925 жылғы сәуірде өткен тұңғыш съезінде жан-жақты ойластырылған жарғылар қабылданды.

Алайда олардың орындалуына Мәскеу кедергі келтіре берді. 1925 жылғы қыркүйекте Қазақстанды басқаруға келген БК(б)П Орталық Комитетінің эмиссары Филипп Голощекин тоталитарлық ойлау жүйесінің қазақстандық “ұлы құрылысшысы”, диктаторға айналып, ұлттық мүддені көздейтін шешімдерді большевиктік қулықтар, амалдар қолдану арқылы жоққа шығарумен айналысты. 1927 жылғы БК(б)П XV съезі шешімі бойынша елдің ауыл шаруашылығы 1932 жылдың көктеміне дейін жеке шарушылықтардан ұжымдық шаруашылықтарға айналып үлгеруге әрекет етті.

Партия алға қойған осы міндетті орындау үшін, 1928 жылғы 27 тамызда Қазатком жартылай феодалдарды тәркілеу туралы арнайы декрет шығарды. 1928 жылғы 13 қыркүйекте тәркілеуге қарсылық көрсеткендерді қылмыстық жауаптылыққа тарту және байларды жер аудару туралы жарғы қабылданды. Тәркілеу соңынан «Алаш ісі» атанған саяси репрессиялар басталып, «кеңес өкіметінің қас-дұшпандары» деп танылған алаштықтарды түрмеге жапты. 1930 жылғы 19 ақпанда ауыл шаруашылығын социалистік тұрғыда қайта құру ісін нығайтуды және кулактар мен байларға қарсы ымырасыз күресуді көздейтін қаулы қабылданды.

Халыққа қисынсыз ауыр салықтар салынды. Тәркілеу мен ұжымдастырудағы солақайлықтар салдарынан республиканың әр жерінде үш жүзден астам халық көтерілісі туды, олар әскери күшпен басып-жаншылды. Соның бәрі ел-жұртты жаңа апат иіріміне құлатты. Ұлттық Апаттың үшінші, ең қасіретті кезеңіне айналған сол 1931–1933 жылдары көшпенді халықтың жартысына жуығы аштан қырылды. Шамасы жеткендер басқа өлкелерге босып, шетелдерге өтіп кетті. Мал басы он шақты есе азайды.

30-шы жылдардың басында аштан бұралған алғашқы босқындардың пайда болуы мен үдеп келе жатқан аштық күйзелістері жайында жер-жерден азаматтар Мәскеуге, Алматыға хаттар жөнелтті. Ф.Голощекиннің атына 1932 жылғы 4 шілдеде өлкекомның жауапты қызметкері Ғабит Мүсірепов, Қазмембаспа меңгерушісі Мансұр Ғатаулин, Комвуз басшылары Мұташ Дәулетғалиев пен Емберген Алтынбеков, Госпланның сектор меңгерушісі Қадыр Қуанышев қол қойған «бесеудің хаты» түсті. Хатта ауыл шаруашылығындағы құлдырау туралы ақпараттар келтірілді. Қазақтар арасында аштан өлудің тым көбейіп кеткені және осынша әлсіз халге, асыра сілтеулер мен Қазөлкекомның қате саясаты жеткізгені айтылды.

...

Скачать:   txt (13.8 Kb)   pdf (77 Kb)   docx (10.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club