Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

1918-1939жж. АҚШәлемдік

Автор:   •  Октябрь 10, 2021  •  Лекция  •  2,216 Слов (9 Страниц)  •  361 Просмотры

Страница 1 из 9

                                     1918-1939жж. АҚШәлемдік

1.Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  АҚШ-тың  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  дамуы(1918-1923жж.)

2.Капитализмнің  уақытша  тұрақтануы  және  1929-1933жж.  экономикалық дағдарыс  кезіндегі  АҚШ  Ф.Рузвельттің  «Жаңа бағыты»  және  оның  мәні.

3.Ресейдегі 1917ж.  Қазан  социалистік  революциясы  Азамат  соғысы.Әскери  коммунизм  саясаты.

4.Жаңа  экономикалық  саясат.КСРО-ның  құрылуы.Мемлекеттің  социалистік  үлгісіндегі  өзгерістер.Сталиннің  жеке  басына  табынушылық.

1.АҚШ-тың  бірінші  дүниежүзілік  соғысқа  және  соғыстан  кейінгі қатынастарды   реттеуге   қатысуы  дүние  жүзіне  оның  әлемдік  ірі державаға  айналғанын  көрсетті.Соғыс  кезінде  АҚШ  экономикасы  тез дамыды,кәсіпкерлер  Антанта  жағына  ірі  соғыс  заказдарын  шығару арқылы  байыды.АҚШ-тың  ұлттық  байлығы  1914-1920жж.  2,5 есе өсті.Соғыс  мемлекеттік-монополистік  капитализмнің  күшеюіне  ықпал етті.Соғыс  нәтижесінде  АҚШ  қарыз  алушы  елден  қарыз  беруші  елге айналды.(одақтастарының  АҚШ-қа  11 миллиард  доллар  қарызы  болды.)

Соғыстан  кейін  ереуілдік  қозғалыстар  болды,әсіресе  1919ж.  стачкаға  4 млн-нан  аса  адам  қатысты.Жұмысшы  табының  ірі  бас  көтерілуі Сиэтлде(штат  Вашингтонда)  болды.1919ж.  күзде  құрыш  құю  өндірісі жұмысшыларының ереуілі болды.Жұмысшылар  8  сағаттық  жұмыс  күнін,жалақыны  көбейтуді  ұжымдық  келісімдер  жасауды  талап  етті.1919ж.  күзде  шахтерлер  ереуілі  стачка  үзілді.Ресейдегі  Қазан  революциясын  жұмысшылар  қолдады.Басқа да  империалистік  мемлекеттермен  бірге  АҚШ  КСРО-ға  қарсы  қарулы  интервенция  ұйымдастырды.Осыған  байланысты  «Тарт  қолыңды  Ресейден!» бұқаралық  қозғалысы  пайда  болды.Жұмысшылар  қозғалысына  қатысқандарға  репрессиялар  жүргізілді,көбі  шетелге  кетті.Американдық  революционистер(шығу  тегі  бойынша  Итальяндықтар) Николо  Сакком  Буртоломес  Ванцетти  тұтқындалып,өлім  жазасына  кесілді(кейін  кінәсіз  екені  дәлелденді,1927ж. өлтірілді).Нәсілшілдік  террор  жалғасты.

Социалистік  партияда  солшыл  қанат  қалыптасты,онда  Ч.Рутенберг,Дж.Рид  көрнекті  рөл  атқарды,марксизм-ленинизм  идеологиясын  насихаттады.Осы  сол  қанат  негізінде  1919ж. 31/VIII-да Дж.Риф  бастаған  Американ  Коммунистік  Жұмысшы  партиясы(КРПА) құрылды.1/ІХ-де  Рутенберг  бастаған  солшылдар  Американдық  Коммунистік  партиясын(КПА) құрды.Екі  партияда  Коминтернге  қосылды.Негізгі  айырмашылық-КРПА-американдарды,ал КПА-иммигранттарды  біріктірді.Репрессиялар  нәтижесінде  коммунистер  жсырын  жағдайға  көшті.1921ж. V екі  партия  бірігіп,басшысы-Ч.Гутенберг  сайланды.1921ж. ХІІ  Жария  Жұмысшы  партиясы  құрылды,1923ж. IV-де  ол  КПА-мен  бірікті.

1920ж. жазда  елде  экономикалық  дағдарыс  басталды,жалақы  төмендеді,жұмыссыздық  өсті.1927ж. шахтерлер,теміржолшылар   ереуілдері  болды,алайда  олар   жұмысшылар  жеңілісімен  аяқталды.1921ж.  аяғына  қарай  АҚШ  экономикалық  дағдарыстан  шыға  бастап,1922жылынан  бастап  өнеркәсіптік  өрлеу  басталды.

Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  аяқталғанда  АҚШ-та  президент  1917ж. 2 рет  сайланған  В.Вильсон  болды.1918ж. 8/І-да  Вильсонның «14 бөлімді  бағдарламасы»  жарияланды.Вильсон  бастаған  американдық  делегациясы  1919ж. І-ғы  Париж  конференциясында,Версаль  келісімін  жасауда,Ұлттар Лигасын  құруда  маңызды  рөл  атқарды.Париж  конференциясында  АҚШ  позициясына  Англия,Франция  қарсы  шықты.Соғыс  аяқталғаннан  кейін  АҚШ-тың  ішкі саяси  өмірінде  оқшаулану  көңіл-күйі  күшті  болды.АҚШ  сенаты  Париж  келісімін  бекіткен  жоқ,сондықтан  АҚШ  Ұлттар Лиганың  мүшесі  бола  алмады.

1920ж. президенттік  сайлауда  республикалық  партиядан  У.Гардинг  жеңіске  жетті.Вице-президент  К.Кулидж  болды.Республикалық  үкімет  те  антикеңестік  саясаты  жалғастырды.

«Доллар  дипломатиясы»  саясатын  жүргізе  отырып,Латын Америкасы  елдеріне  үстемдігін  нығайтты.Гаити  және  Доминикан  республикасы  ішкі  істеріне  араласып,бұл елдерде  әскери  диктатура  режимін  орнатты.

Экономикалық  тұрақталу кезеңі(1922-1929жж.).

АҚШ  дамыған  капиталистік  елдер  ішінде  бірінші  болып экономикалық  уақытша  тұрақтану  кезеңіне  енді.1922-1929 жылдары  өнеркәсіп  өнімі  өсті.Автомобиль,электротехника,химия,авиация  салалары  тез  дамыды.Өнеркәсіп  пен  банктің  шоғырлануы  өсті.Шетелге  капитал  шығару  ұлғайды.Алайда  АҚШ  экономикасы  әркелкі  дамыды.Кеме  жасау,теміржол  жабдықтары,тоқыма,көмір  өндірісі  тоқырау  жағдайында  болды.Ауыл  шаруашылығы  дағдарыс  жағдайында  болды.Билікке  келген  республикалар  Американы  бұрынғы  қалыпты  кезеңге  әкелуді,яғни  бұрынғы  кездегі  бағытқа  қайта  оралу  бағытын  жариялады,яғни  рыноктық  принциптерді  ынталандырып,экономикадағы  мемлекеттің  реттеуші  бақылаушы  рөлін  азайту  бағыты.Салықтар,мемлекеттік  шығындар  азайтылды,20-жылдардағы  капиталистік  тұрақтанудың  5 белгісі  АҚШ-та да  көрінді:

...

Скачать:   txt (22.7 Kb)   pdf (93 Kb)   docx (13.2 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club