Қазақстанның болашақта әлемдік қауымдастықтың белсенді субъектісіне айналу мүмкіндігі қаншалықты зор?
Автор: Zhazira Satuova • Январь 31, 2019 • Курсовая работа • 4,807 Слов (20 Страниц) • 1,248 Просмотры
[pic 1]
Атырау қаласы
Химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: ГЕОСАЯСАТ
Тақырыпша: Қазақстанның болашақта әлемдік қауымдастықтың белсенді субъектісіне айналу мүмкіндігі қаншалықты зор?
(3474 сөз)
Орындаған: Сатуова Жазира
Жетекші: Тулешова Айтолқын Байжановна
Ішкі модератор: Сюнов Сержан Кенесариевич
Атырау, 2018
Мазмұны
I.Кіріспе............................................................................................................................................3
II.Негізгі бөлім................................................................................................................................4
2.1.Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі. Әріптес мемлекеттермен қарым-қатынас.....4
2.2.Ядролық қарусыз әлем көшбасшысы.......................................................................................8
2.3.Әлемдік ұйымдарға ену – халықаралық құқық нормаларын сақтау көзі.............................10
2.4.Әлемдік қауымдастыққа төнер қауіп.......................................................................................12
2.5.Зерттеу сипаттамасы..................................................................................................................13
2.6.Бағалау........................................................................................................................................15
III.Қорытынды...............................................................................................................................17
IV.Пайдаланылған әдебиеттер және сілтемелер.....................................................................18-19
I.Кіріспе.
Менің «Қазақстанның болашақта әлемдік қауымдастықтың белсенді субъектісіне айналу мүмкіндігі қаншалықты зор?» тақырыбын таңдаудағы басты мақсатым - Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа ену үдерісін,өзекжарды мәселелерді әлем елдерімен біріге отырып шешудегі орнын сипаттай отырып,болашақта еліміздің әлемдік қауымдастықтың белсенді субъектісіне айналуына, рөлінің артуына бағытталған мақсаттар мен міндеттерді анықтау. Бірде-бір мемлекет әлемдік қауымдастықтың мүдделерін есепке алмай, бір жақты іс-әрекет қабылдауға ерікті емес. Сондықтан, бейбітшілік прогресс жолымен алға жылжуы үшін халықаралық қатынас шеңберінде ол барлық елдер мен халықтарының мүдделерінің тепе-теңдігіне жетуіне ынталы болуы тиіс. [23] Тәуелсіздік алған Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастыққа танылу кезеңінен бері атқарған жұмыстарын негізге ала отырып, «ғасырлық өлшеммен өлшенетін ғажайып жетістіктерге жету процесін жеделдету» арқылы әлемдік қауымдастықтағы рөлін арттыру өте маңызды. Зерттеу жұмысы мемлекеттің әлемдік қауымдастыққа енуі мен атқарған іс-шараларының маңыздылығын бағалайды және болашаққа жүктелген басымдықтарды анықтайды. Бұл тақырыпты зерттеуде негізге алынатын сұрақтар:
- Қазақстанның ең алғаш әлемдік қауымдастыққа енуі қалай жүзеге асты?
- Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен атқарған іс-шараларының маңыздылығы қандай?
- Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы рөлін арттыруда қандай мақсаттар мен міндеттер орындалмақ?
1991 жылы егемендігін алған Қазақстан үшін әлемдегі өзіндік рөлін арттыру мақсатында сыртқы саяси ұстанымы мен мемлекеттің жан-жақты даму сипатын ұсыну қажет болды. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегіне айналған көпвекторлы саясат, яғни көп бағыттылық, экономикалық қарым-қатынаста аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, ұлттық қауіпсіздікті сақтау, жаһандық деңгейдегі мәселелерді атсалыса шешу мақсатында жүргізілген қадамдар еліміздің әлемдік қауымдастыққа үлкен басымдылықпен еніп, басқа мемлекеттердің қолдауы мен назарына ілігуіне әсер етті. [26] Әсіресе, Қазақстан үшін маңызы жойылмайтын алғашқы басымдықтарының бірі – солтүстікте Ресеймен, шығысында Қытаймен, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету болып табылады. Дүние жүзіндегі экономикалық, мәдени,саяси үдерістерді жүзеге асыруда жекелеген мемлекеттермен халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып, ірі халықаралық ұйымдарға мүше болу да аса маңызды.
...