Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеудегi әлемдік тәжірибе

Автор:   •  Март 17, 2019  •  Доклад  •  1,149 Слов (5 Страниц)  •  1,037 Просмотры

Страница 1 из 5

ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ҮНЕМДЕУДЕГІ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ

Аңдатпа.  Қазіргі таңда отын-энергетикалық ресурстарды кең масштабта өндіру бағытынан гөрі тұтынушыларды тиімді энергоқолдануын жоғарылату, яғни энергия үнемдеу іс-шараларын орындау  - әлемдік энергетикалық стратегияның басты бағыты болып табылады. Көптеген мемлекеттерде отын-энергетикалық ресурстарды қолдану экономикасы бойынша заңдар және оған негізделе бағдарламалар қарастырылған. Энергия үнемдеу бойынша заң энергия үнемдеу және энерготиімділікті жоғарылату аймағында физикалық және заңды тұлғалар қызметтерінің ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық қарым-қатынастарын реттеуге мүмкіндік береді.

Кілт сөздер: отын-энергетикалық ресурстар, энергия үнемдеу, энергия үнемдеу  бойынша әлемдік тәжірибе, энергоаудит.

Энергия үнемдеу бойынша заң негізінде бекітілген энергия үнемдеу бағдарламалары энерготасымалдағыштардың тұтыну құрылымын жақсарту, ресурстарды үнемдеудегі материалды-техникалық базаның дамуы, екіншілік шикізатты жинау және қолдану, энергоқолдануды бақылау және есептеу бойынша іс-шаралар кең ауқымды түрде қамтылған.

Мәселен, Оңтүстік-Шығыс Азияның  жаңа индустриалды мемлекеттерде (Корея, Сингапур, Гонгонг және Тайвань) энергия үнемдеу іс-шараларының басымы үкімет  тарапынан қаржыландырады. Тайвань үкіметі өнеркәсіптік өндірістерге энергия үнемдеуші жабдықтар сатып алуға төмен пайыздық кредиттер береді.

Кейбір мемлекеттерде (Германия, Жапония, Испания,  АҚШ, Англия және т.б.) 5-10 жыл аралығында дәстүрлі емес жаңартылатын энергия көздерін қолдануды кеңейтуді қарастыратын дәстүрлі емес энергетиканың даму бағдарламалары бар: жалпы қолданысын Дания, Голландия , АҚШ – 2-5% және Жаңазеландия, Австралия, Канада – 10-15% арттыру.

Соңғы кезде биомассаны энергетикалық мақсатта қолдануға қызығушылық арта түсті.

Жапония елінде энергия үнемдеу тәжірибиесіне келсек, елде бірінші мұнай кризисінен (1973 жылы) кейін энергия үнемдеу шаралары қабылданған болатын. Нәтижесінде халықтық өнім бірлігінің энергосыйымдылығы 35% -ға төмендеді. Дегенменде, соңғы 7 жылда энергия қолдану орташа есеппен 3,1% арта түсті, сол себептен Жапония үкіметі 1993 жылда «Энергия үнемдеу заңы» қайта қарастыруды жөн көрді.

Заңның негізгі принциптері (1979 жылы бекітілген):

  1. Өнеркәсіптік секторды реттеу;
  • Өнеркәсіптік кәсіпорындар жетекшілері үшін нұсқаулар;
  • Энергоменеджмент;
  • Энергияны қолданудағы бақылау орнату;
  • Энергоменеджерлерді тағайындау;
  • Энергоаудит;
  1. Ғимараттар мен бөлімдер энергоқолдануын реттеу;
  2. Энерго сыйымдылық жабдықтар мен көлік құралдардың энерготиімділігін реттеу әдістері;
  3. Электрожабдықтардың экономикалық жағынан үнемділігі;
  4. Тұтынушылардың ақпараттармен жабдықталуы.

Негізгі принциптеріне тоқталайық.

1. Өнеркәсіптік секторды реттеу негізгі бағыттары бойынша  жүзеге асады:

  • Өнеркәсіптік кәсіпорындар жетекшілері үшін нұсқаулар. Кез келген саланы реттейтін арнайы органдардың қосылуымен өнеркәсіптік кәсіпорындар жетекшілері үшін энергияны қолдану бойынша төменде көрсетілгендерге стандарттар, нормативтер және нұсқаулар береді:
  • отынды саналы жандыру;
  • жылыту, суыту, жылуберілістегі саналылық;
  • жылу шығынын азайту;
  • жіберу жылуын қолдану;
  • жылу энергиясын электр энергиясына тиімді түрлендіру;
  • электр энергия шығынын азайту.
  • Энергоменеджмент. Жылына 3000 т шартты отыннан аса газ және жылуды қолданатын немесе 12 Гватт жоғары электр қуатын қолданатын әр өнеркәсіптік өндірісте және энергетика саласында ММТП энергетикалық  менеджмент қызметін жүргізуді талап етеді.  
  • Энергияны қолданудағы бақылау орнату. Егер кәсіпорындарда энергоқолданудың саналы принициптеріне қарсы әрекет жасалса, онда мемлекет министрлігі   немесе арнайы органдар арқылы араласуымен кәсіпорын жетекшілерінен энергия үнемдеу жоспарын талап етуге құқылы.
  • Энергоменеджерлерді тағайындау. Кәсіпорын жетекшілері белгілі бір (арнайы лицензиясы бар ) энергоменеджерлерді тағайындайды. Олардың негізгі қызметі энергия қолданудың саналы іс-шараларын қабылдау, жыл сайынғы есептерін министрлікке немесе осы саланы бақылайтын мемлекет органдарына жеткізіп отырады.  Энергоменеджерлерге емтихан жүргізу, лицензия беру министерлік тарапынан жүзеге асады. Заң емтихан жүргізу процедурасы және критерияларын, сонымен қатар лицензия ға қатысты басқа да ережелерді анықтайды. Энергоменеджерлердің аттестациялауы 1984 жылдан бері энергия үнемдеу бойынша Жапон орталығы (ЯЦЭ) жүктелген.
  • Энергоаудит. Энергоменеджмент қызметін ұйымдастыруға міндетті ірі кәсіпорындарында қажетті бақылау жабдықтары бар, және олар энергоменеджерлер көмегімен энергоаудит жүргізулері керек. Жұмысшы саны 300 адамнан кем кіші және орташа кәсіпорындарында энергоаудиттер тегін жүргізіледі. Тексеруде бір-екі күн ішінде ЯЦЭ-ден 1-2 инспектор қатысады. 1995 жылдан бері Жапонияда шамамен 5600 осындай тексерулер жүргізілген.  

2. Ғимараттар мен бөлімдер энергоқолдануын реттеу. Ғимарат тұрғызуды көздейтін кез келген жеке тұлға немесе ұйымдарға ғимараттардағы түрлі энергетикалық жабдықтарды саналы қолдану үшін және жылу шығындарын болдырмау мақсатында ММТП және құрылыс министрлігі бекіткен стандарттарға сәйкес жүргізілуі тиіс.

3. Энерго сыйымдылық жабдықтар мен көлік құралдардың энерготиімділігін реттеу әдістері. Энергияны қолданудағы ең едәуір үлесі автокөліктерге, кондиционерлерге және т.б. Энергосыйымдылық жабдықтарға келеді. Сол себептен, ММТП көлік және тұрмыс жабдықтарын өндірушілеріне белгілі бір жауапкершілік жүктелген.н,  жауапқа тартылу қарастырылған. Мысалы, массасы 702,5 кг аспайтын автокөлікке бір литрге 19,2 км жүруі тиіс, яғни 100 км –ге 5,2 л бензиннен аспау керек. 1000 кг массалы автокөліктер үшін бензин шығыны 100 км-ге 6,1 л артық болмауы тиіс.

...

Скачать:   txt (17.7 Kb)   pdf (128.8 Kb)   docx (13.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club