Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан тоқырау жылдарында (XX ғ.70-80 жж.)

Автор:   •  Июль 10, 2019  •  Лекция  •  761 Слов (4 Страниц)  •  1,552 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазақстан тоқырау жылдарында (XX ғ.70-80 жж.)

1.Қазақстандағы экономикалық, қоғамдық-саяси үрдістер.

2. Елдегі ауыл шаруашылық саласындағы реформалардың мәні мен мақсаты

Х ғасырдың ортасында жаппай жетіжылдық білім беруге көшу басталды. Бұл мектептердің білім беру мүмкіндіктерін елеулі түрде арттырды. Бірақ әміршіл-әкімшілдік жүйе жағдайында ұлттық мектептердің дамуы мен қалыптасуы кешеуілдеп қалды, соның нәтижесінде ұлттық топтардағы жастардың ана тілін меңгеру қа-жеттілігін қанағаттандыра алмады.

Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары бақылаусыз қалған көші-қон тасқыны тілдің және әлеуметтік-мәдени нысандардың жоғалып кету қаупінің пайда болуына ықпал жасады. Қазақ тілінің қолданылу аясы тарыла бастады: жеті жүзден артық қазақ мектебіндегі оқыту орыс тіліне көшірілді.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдары орыс тілінің рөлін нығайту мен кеңейтуге бағытталған коммунистік режімнің саясаты өз жалғасын тапты. Елдегі көпұлтты халықтан бірыңғай жалпыға бірдей социалистік идеологиясы және бір тілде оқыту идеясы бар «кеңес халқы» деген жаңа тарихи қауымдастық құру мақсатқа айналды. Ал бұл саясат өз жағынан ұлтаралық қатынастардың барлық кешенді мәселелеріне кері әсерін тигізіп, ұлт-аралық татулыққа қауіп төндірді.

Сонымен бірге бақылаусыз көші-қон тасқыны Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық құрылымында қазақтардың үлес санын 30%-ға дейін құлдырау дәрежесіне жеткізді. Бұл туралы мұрағат және статистикалық деректер куәлік береді.

1959 жылғы бүкілодақтық халық санағының деректеріне сүйенсек, Қазақстан халқының ұлттық құрамының көрсеткіші мынадай болды:

қазақтар — абсолюттік саны — 2787309

үлесі, % — 30,0 %

орыстар -  абсолюттік саны — 3972042

үлесі, % — 42,7 ,0 % (1).

Статистикалық мәліметтер тың игерудің, көші-қон тасқынының және т.б одақтық орталықтың мақсатты саясатының нәтижесінде республика тұрғындары құрамының көпұлтты сипат ала бастағанын көрсетеді.

Алғаш рет республика тарихында байырғы тұрғындар саны басқа ұлттармен салыстырғанда төмендеп, 30%-ды ғана құрады. Негізгі ұлт ретінде республиканы өз атымен атаған қазақтар өздерінің тарихи отанында ұлттық азшылыққа айналды. Оқу-ағарту саласында орыс тілінің объективті түрде басымдыққа ие болуының түп-тамыры осында болатын.

Барлық факторлар түгел көрсетілген мұндай жағдайды Екібастұздың қала болып қалыптасу мысалынан аңғаруға да болады.

Екібастұз қаласында білім беру жүйесінің құрылуы мен қалыптасуының ерекшеліктері туралы мәселе айрықша мән беру мен егжей-тегжейлі зерттеуді талап етеді.

1957 жылы Екібастұз қала мәртебесі атағын алды. Кеңес дәуірінде республикада 120 мыңнан астам халқы бар көміршілер мен энергетиктердің ірі өнеркәсіптік қаласы пайда болды. Екібастұз республикамыздың ірі отын-энергетикалық кешеніне айналды. Қаланың құрылысы және оның өнеркәсіптік базасымен бір мезгілде Екібастұз қаласының әлеуметтік инфрақұрылымдары да жедел қарқынмен дами бастады.

Сондықтан қалада білім беру жүйесін қалыптастыру мен дамыту ең маңызды мәселеге айналды. Осы мақсатпен орта және арнаулы орта оқу орындары, басқа да білім мекемелері құрылды. 1949 жылы Екібастұзда ең алғашқы 440 оқушыға арналған жетіжылдық мектеп ашылды, ал 1951 жылы балалар музыка мектебінде сабақ басталды. Әуелгі кезде ол Павлодар музыка мектебінің филиалы еді. 1958 жылы филиал жеке оқу орны ретінде қайта құрылды. 1952 жылы Екібастұзда алғаш рет №1 жалпы білім беретін орта мектеп ашылды. Ол-қаладағы ең ескі оқу орындарының бірі. 1954 жылы Екібастұз қаласында №2 алғашқы қазақ мектебі ашылды. Мұнан басқа қалада кәсіби-техникалық және арнаулы орта білім беру жүйесі дамыды. 1956 жылы республиканың Жоғары және арнаулы орта оқу орны министрлігінің бұйрығымен Екібастұз қаласында кешкі оқу түріндегі тау кен-құрылыс техникумы студенттерді қабылдады (қазіргі политехникалық колледж). 1960 жылы техникум алғаш рет дипломды кен техниктерін даярлап шығарды.

...

Скачать:   txt (11.2 Kb)   pdf (77.3 Kb)   docx (714.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club