«Тоқырау» жылдарындағы Қазақстан (1964-1985 жж)
Автор: Арайлым Тулекенова • Март 29, 2020 • Реферат • 2,304 Слов (10 Страниц) • 2,915 Просмотры
«Тоқырау» жылдарындағы Қазақстан (1964-1985 жж).
1.Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының экстенсивті сипаты
2.Экономиканы реформалаудың кезекті қадамдары
3.Қоғамдық-саяси өмір және оның ерекшелігі.
КСРО-ның экономикалык дамуы. Н. С. Хрущев заманындағы халық шаруашылығын реформалауда жіберілген кемшіліктер елдің экономикалық дамуын дағдарысқа әкелді. Экономиканы реформалаудың жоғарыдан жүргізілуі жергілікті жерлердегі жағдайға сөйкес келмеді. Партия басшылығының көзбояушылығы мен волюторизмінен, технократтық көзқарастарынан реформа аяғына дейін жүргізілмеді. Л. И. Брежнев партия жөне Үкімет басшылығын өз қолына алғаннан кейін, социализм қоғамын дағдарыстан шығару үшін жаңа экономикалық реформаларды жүзеге асырды.
Н. С. Хрущев кезінде жіберілген біршама қателіктер тұсау болды. 1965 жылы А. Н. Косыгиннің басшылығымен шаруашылық салаларында реформалар жүргізілді. Өнеркәсіп салаларына жүмсалған ірі капиталдардың қайтарымы болмады, құрылыс өндірісі үзақ мерзімге созылды. Өндіріс салаларында өндіргіш күш өте төмен болды, модернизациялау баяу жүрді. Еңбекшілердің жалақысы еңбегіне қа- рай емес, бірдей төленді. Еңбекке деген халықтың немқұрайдылығы жалқаулық психологияның өсуіне өкелді. Жатыпішерлер көбейді. Халық шаруашылығындағы өндірілген тауарлардың сапасы төмен болды. Жаңа реформаның алдындағы негізгі міндет социалистік қоғамды ұзақ мерзімге жетілдіру еді. Басшылық социалистік жоспарлау принциптеріне өзгерістерді енгізуді ойластырды. Бірақ, реформа социализм қоғамына түбегейлі өзгерістер жасамады. 1965-1970 жылдарда халық шаруашылығында көптеген кемшіліктер жіберіліп, тоқырау заманы басталды. Реформа қоғамдағы әлеуметтік салаларды түгелдей қамтымады. Саяси жөне партиялық қүрылымда реформа жүргізілмеді. “Демократиялық социализм” сырт көзге жедел көрінгенмен, іштей біржақты дамыды. КСРО экономикалық өрлеуі жағынан АҚШ-тан кейінгі екінші орында болғанмен, өнеркәсіп өнімдерін өндіруден, өндіргіш күштің өсуі жағынан жөне модернизациялаудан артта қалды.
1965 жылы наурызда КПСС Орталық комитетінің пленумы өтті. Л. И. Брежнев “Ауыл шаруашылығын реформалаудың міндеттері” атты баяндама жасады. Негізгі міндеттердің бірі ретінде ауыл шаруашылығына айтарлықтай мемлекеттік қаржы бөлу қарастырылды. Ауыл шаруашылығындағы өндіргіш күшті арттыру үшін интенсификация (жеделдету шараларын) жүргізуді белгіледі. Ауылшаруашылық өнімдерін мол өндіру үшін техника, тыңайтқыштар жөне электр энергиясымен қамтамасыз ету керек болды. 1966-1970 жылдарда ауыл шаруашылығына 383 миллиард рубль қаржы бөлінді. Совхоздар мен колхоздардың қарыздарына мемлекет кешірім жасады. Ауылшаруашылық өнімдерін сату бағасы өсірілді, жоспардан артық тапсырғандары үшін 50 % төмен төледі. Колхоздардың мемлекеттік банктен несиені жеңілдікпен алатын болды. 1960-1970 жылдарда су шаруашылығы мен суландыру салаларын дамыту үшін жаңа бағдарлама жасалды. Оңтүстік аудандарда, Өзбекстан мен Қазақстанда су каналдары салынып, суармалы егіс алқаптарынан мол өнім ала бастады. Кейбір шаруашылықтар да өзін-өзі қамтамасыз етіп, есепті шаруашылықтар қүрды.
1969 жылы колхозшылардың ІІІ съезі шақырылды. Бұл 35 жылдан кейінгі түңғыш басқосу болды. Съезде колхозшылардың жарғысы қабылданды. Колхозшылардың еңбегіне жалақы белгіленді. Ең- бегі сіңгендер жөне жасына жеткендер зейнеткерлікке шыға алатын болды. Колхозшылардың тұрмыс жағдайы жақсара бастады. Реформаның барысында өзін-өзі басқару жөне өзіндік төлем жүргізудің арқасында жылдық кірістері 1 миллионнан асатын шаруашылықтардың саны көбейді.
1961 жылы қыркүйек айында КПСС Орталық комитетінің пленумы өтті. Пленумда КСРО Министрлер кеңесінің төрағасы А. Н. Косыгин “Өнеркәсіпті дамытудың жаңа кезеңінің міндеттері” атты баяндама жасады. Өнеркәсіпті дамытудың үш міндетін қойды. Біріншіден, өнеркәсіп салаларын жоспарлауға өзгерістер енгізу, екіншіден, өнеркәсіп орындарында өзін-өзі басқаруды, шаруашылықты кеңейту, үшіншіден, жүмысшыларды еңбекке ынталандыру. Бұл міндеттердің көбі орындалмады. 1966 жылы сөуірде КПСС-тың ХХІІІ съезінде Л. И. Брежнев өнеркәсіпті реформалаудың нөтижесін қорытындыламады. Өнеркәсіп орындары бүрынғыша министрліктердің қарамағында болды, мемлекеттік жоспарға бағындырылды.
...