Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шоқан ғалым, саяхатшы

Автор:   •  Февраль 22, 2020  •  Реферат  •  3,656 Слов (15 Страниц)  •  842 Просмотры

Страница 1 из 15

Реферат

Тақырыбы: Шоқан ғалым, саяхатшы

Тексерген

Дайындаған:

2019 жыл

Мазмұны:

Кіріпе..................................................................................................................2 б

І тарау Шоқтығы биік Шоқан..........................................................................3 б

1.1. Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірбаяны..................................3 б

1.2. Шоқанның ғылыми зерттеулері ........................................................3 б

ІІ тарау Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов ғалым саяхатшы.........................4 б

2.1 Қашқарды ашқан Шоқан...........................................................................5-6 б.

2.2. Шоқанның ғылымға қосқан өлшеусіз еңбегі.........................................7-8 б

ІІІ тарау Шоқан Уәлиханов еңбектерінің ерекшелігі .................................8 б

3.1. Шоқан суггестия мен магияны ең алғаш зерттеген ғалым..................9-14 б

Қорытынды.......................................................................................................15 б

Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................16 б

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбымның өзектілігі: Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов қазақ ұлтының маңдайына біткен жарық жұлдызы. Өзінің қысқа ғұмырында елінің тарихын, мәдениетін, этнографиясын, салт-дәстүрін тыңғылықты зерттеп,артынан өлшеусіз асыл мұра қалдырған тұлға. Бүгінде өскелең ұрпақ Шоқанды әр қырынан танып білу барысында түрлі шығармалары мен зерттеулерін, қазақ ұлтының әдет-ғұрпын, соншалықты терең әрі нақты деректермен келтіре отырып жазған еңбектерімен таныс болу барпысында ұлтымыздың бай мәдени мұрасымен тереңнен танысатынына сенімдімін.

Зерттеудің мақсаты: Шоқанның ғылым саласында ашқан тың еңбектері мен саяхаты барысында жинақтаған түрлі тарихи құндылығы жоғары мағлұматтармен танысу.

Зерттеудің міндеттері:

1.Шоқанның қысқа өмір сүрсе де еліміздің тарихында өлшеусіз орын алған тұлғаның еңбек жолымен танысу:

2.Шоқанның қазақ халқымен қатар өзге де елдердің этнографиясын,тарихы мен мәдениетін зерттей отырып келер ұрпаққа қалдырған мол мұрасын білу;

3.Шоқан суггестия мен магияны ең алғаш зерттеген ғалым болғанын тереңірек тоқталу;

Зерттеу жұмысының көлемі: Кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Үш негізгі тарау мен бес тараушадан тұрады.

І тарау Шоқтығы биік Шоқан

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммедханафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.

1.1.Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірбаяны

Шоқан Уәлиханов Құсмұрын бекетінде дүниеге келді. Он екі жасқа дейін Шоқан хан ордасында білім алды. Бала күнінен-ақ Шоқан сурет пен шығыс поэзиясына үлкен қызығушылығы оянған. Оның әкесі – сұлтан Шыңғыс 1847 ж. күзінде Шоқанды Омбыдағы Кадет корпусына оқуға береді, ол оны 1853 ж. аяқтап шықты. Қоршаған орта, демократиялық әсер және Шоқанның асқан қабілеттілігі оның жан-жақты, жедел дамуына ықпал етті. Ол орыс тілін тамаша меңгерді және кадет басқармасы оған сол кезде-ақ болашақ шығыстанушы–зерттеуші ретінде қарады. Кадет корпусында бірге оқыған кезеңінен бастап, кейін белгілі ғалым, географ және зерттеуші болған Г.Н.Потанин мен Шоқан Уәлиханов өмір бойына достасып кетті.

...

Скачать:   txt (49 Kb)   pdf (76.3 Kb)   docx (23.5 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club