Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шоқан Уәлиханов

Автор:   •  Октябрь 1, 2026  •  Реферат  •  1,608 Слов (7 Страниц)  •  6 Просмотры

Страница 1 из 7

УДК ()


ШОҚАН УӘЛИХАНОВ – ГЕОГРАФ, ЭТНОГРАФ, АУДАРМАШЫ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОРШЫ

Кілт сөздер: Шоқан Уәлиханов, география, этнография, фольклортану, аудармашылық қызмет, Орталық Азия, Қашқария (Алтышар), «Манас» эпосы, «Едіге» жыры, картография, көшпелілер мәдениеті, ағартушылық.

Кіріспе

XIX ғасырдағы Орталық Азия мен Қазақстанның интеллектуалдық кеңістігінде Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (1835–1865) тұлғасы ерекше феномен болып табылады. Ол еуропалық ғылыми әдістеме мен далалық білім жүйесін ұштастырған алғашқы қазақ ғалымы, ағартушы және гуманист. Абылай ханның шөбересі ретінде Шоқан бала жасынан далалық ауызша тарих пен дәстүрлі мәдениетті бойына сіңіріп өсті. Оның энциклопедиялық мұрасы география, этнография, фольклортану және тіл білімі салаларын қамтитын кешенді зерттеулерден тұрады. Шоқанның ғылыми қызметі Ресей империясының Орталық Азиядағы геосаяси мүдделері мен жергілікті халықтардың мәдени кодын сақтау қажеттілігі тоғысқан күрделі тарихи кезеңде қалыптасты. 1847-1853 жылдары Омбы кадет корпусында алған іргелі білімі оған топография, сурет және классикалық әдебиет негіздерін терең меңгеруге мүмкіндік берді.

Ш. Уәлихановтың өмір жолын, қызметі мен ғылыми мұрасын жан-жақты зерттеу, жүйелеу және зерделеуде өлшеусіз қызмет еткен академик А.Х. Марғұлан: «XIX ғасырда Қашқарияны алғаш ашқан ұлы гуманист, этнограф, тарихшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың есімі өз халқы үшін ең құрметті есімдердің бірі болып табылады», – деп бағалады. Бұл мақалада ғалымның географ, этнограф, аудармашы және фольклоршы ретіндегі рөлі мен оның әлемдік ғылымға қосқан үлесі сараланады.

Негізгі бөлім

Шоқан Уәлихановтың ғылыми жолының қалыптасуына оның шыққан тегі мен балалық шағындағы тәрбиесі іргетас болып қаланды. Абылай ханның шөбересі ретінде ол қазақ қоғамының билеуші элитасына жатты, бұл оған дәстүрлі басқару жүйесін, далалық ауызша тарихты және көшпелілердің дипломатиялық этикетін іштен білуге мүмкіндік берді. Оның балалық шағы Құсмұрын бекінісінде және әжесі Айғанымның Сырымбеттегі қонысында өтті. Айғаным Уәлиханова өз заманының ағартушылық идеяларына ашық, Ресеймен саяси және мәдени байланыстарды қолдаған ықпалды тұлға болған. Дәл осы ортада жас Шоқан араб жазуын меңгеріп, шағатай тілін үйренді және қазақтың бай фольклорымен, музыкасымен сусындап өсті.

1847 жылы Шоқанның Омбы кадет корпусына оқуға түсуі оның интеллектуалдық дамуындағы бетбұрыс кезең болды. Бұл оқу орны сол кездегі Сібірдегі ең іргелі білім ошақтарының бірі саналып, онда гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары, әскери іс, топография және сурет өнері тереңдетіліп оқытылатын. Кадет корпусында ол өзінің зеректігімен және еуропалық мәдениетті тез меңгеруімен көзге түсті. Г.Н. Потаниннің естеліктеріне сүйенсек, Шоқан 14-15 жасында-ақ болашағы зор зерттеуші ретінде танылған.

  1. Шоқан Уәлиханов – Орталық Азияны зерттеген көрнекті географ

Шоқан Уәлихановтың география саласындағы қызметі Орталық Азияның беймәлім аймақтарын ғылыми айналымға енгізумен сипатталады. Оның 1858–1859 жылдардағы Қашқария (Алтышар) сапары дүниежүзілік география ғылымындағы ерлікпен тең жаңалық болды. Сапар барысында Шоқан көпес Әлімбай ретінде жасырынып, Тянь-Шань мен Куньлунь тау жоталарының орналасуын, тау аңғарларының орографиялық құрылысын алғаш рет ғылыми негізде сипаттады. Ол Ыстықкөл алқабынан Қашқарияға апаратын Үшқақпақ және Көкжар сияқты негізгі асуларды анықтап, аймақтың гидрографиялық желісіне, соның ішінде Такла-Макан шөліне сіңіп кететін өзендерге нақты сипаттама берді.

Ғалымның картографиялық мұрасы ерекше маңызға ие. Ол Бас штабтың тапсырмасы бойынша «Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы», «Құлжа қаласының жобасы» және «Қытай империясы батыс өлкесінің картасы» сияқты маңызды құжаттарды дайындады. Шоқанның Қашқарияда жүргізген географиялық бақылаулары мен көз мөлшерімен жасаған түсірілімдері кейінірек оның 1860 жылы Санкт-Петербургте жасаған Орталық Азияның ірі картасына негіз болды. Оның топографиялық және геодезиялық аспаптарсыз-ақ жасаған дәл сызбалары мен геоморфологиялық бақылаулары оны қазақтың алғашқы кәсіби топографы және картографы ретінде тануға толық негіз береді. Бұл қабілеті оның ғылыми жолының басында-ақ байқалған болатын. Оған дәлел ретінде 1852 жылы салынған «Құсмұрын бекінісінің жоспары» атты акварельдік жұмысын атауға болады. Мұнда бекіністің архитектуралық құрылымы мен маңындағы ландшафт асқан дәлдікпен көрсетілген. Небәрі 17 жасында жасалған бұл сызба Шоқанның туған өлкесінің географиясын зерттеудегі алғашқы кәсіби қадамы еді.

...

Скачать:   txt (22.4 Kb)   pdf (755.8 Kb)   docx (270.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club