Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шоқан Уәлиханов ұлтымыздың біртуар дана, ойшыл тұлғасы

Автор:   •  Ноябрь 14, 2021  •  Эссе  •  1,235 Слов (5 Страниц)  •  545 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі

«Нархоз» Университеті АҚ

Эссе

                                                         Тақырыбы:

       Шоқан Уәлиханов ұлтымыздың біртуар дана, ойшыл  тұлғасы

                                    Тексерген: с.ғ.к. профессор Жусупова А.Д.

                                    Орындаған:

Алматы 2020

          Шоқан Уәлиханов ұлтымыздың біртуар дана, ойшыл  тұлғасы

   Мен университетте өтіліп жатқан «Академиялық жазылым» курсы шеңберінде қарастырылған «Үлкен  қаладағы адам»  тақырыбына байланысты Ақан Сатаевтың «Ақ түндер қаласы» деген  еңбегінде Шоқан Уәлиханов жайлы көптеген мәліметтер біліп, қызығушылығым оянды. Шоқан жайлы жан-жақты ізденіп, оның өміріне, өнеріне қызығушылығым арта түсті.Себебі,өз заманында ол танымал тұлғаға айналған. Ол - тарихшы, географ,  фольклоршы, тіпті суретші де болған екен. Шоқан Уәлиханов – қазақ  ұлтынан шыққан алғашқы демократ, ерекше дарын иесі. Шоқанның өз заманында танымал, ұлы тұлғаға айналуына қандай жағдай әсер етуі мүмкін деген сұрақтың болуы заңды.

 Меніңше, Шоқан Уәлихановтың тұлға болып қалыптасуына алғаш әсер еткен – оның жанұясы. Оның  ата-бабалары  атақты  сұлтандар әулетінен шыққан.  Атасы   Уәли хан – қазақтың соңғы ханы болған. Ал әкесі  Шыңғыс Уәлиханұлы Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен – полковник атағын алған екен[1]. Сол  себепті,  Шоқан  Уәлихановтың жақсы  оқу  орынында  білім алуына жанұясының мәртебесі әсер етті  деп ойлаймын. Егер ол  қарапайым отбасыдан  шыққан  болса, оның   жақсы  оқу орындарында білім алуы, жеке дара тұлға болып қалыптасуы мүмкін емес еді. Бұл әрине, Шоқан Уәлихановтың бай қуатты әулеттен шыққаны үшін ұлы тұлға болып қалыптасты дегенім емес. Ол өзінің ерекше дарынымен, білімге деген құштарлығымен тарих сахнасында өзінің орнын тапты.

     Шоқанның зерек, дарынды  бала  болуына әжесі Айғанымның қосқан үлесі көп. Әжесі Айғаным өз заманының білімді, парасатты әйелі болған. Ол бала Шоқанға қазақтың  аңыз-әңгімелерін қызықты етіп айтып берген. Халықтың озық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңірген әжесінің жарқын  бейнесін  Шоқан өмірінің соңына  дейін ұмытпаған.  Әжесінің  тәрбиесін  алған адам – өте  дарынды,  кішіпейіл адам болып қалыптасады деген ойдамын.

     Оның  ғылымға  ұмтылуына әкесі Шыңғыстың алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясының өкілдерімен жақын байланыста болуы үлкен әсер етті. Сонымен қатар, Шыңғыс  Уәлиханұлы  өзінің орыс достарының  көмегімен Сібір кадет  корпусына  Шоқанды оқуға түсіреді.  Сібір  кадет  корпусы сол   кездегі Сібірдегі ең  жақсы оқу  орындарының бірі болған. Шоқанның  жақын  досы  Н.М.Ядринцев Шоқан  жайлы: «Шоқан  ақын  жанды... адам еді.  Оған  араб өлеңдері қатты ұнайтын және ол өзінің ұстазы Костылецкиймен бірге сол өлеңдерге  рахаттанып,  мәз  боп  отыратын» [2] ,-  деп  жазған. Әрине, Шоқанға әкесінің  тигізген көмегі көп  болды. Бірақ, Костылецкий айтып кеткендей Шоқанның ақындық өнері, оның басқа ұлттардың өнеріне деген қызығушылығы Шоқанды осындай жоғарғы деңгейге жеткізіп отыр деп ойлаймын.

     Шоқан Уәлиханов Омбы кадет корпусында білім алды. Ол алғашында орыс тілін білмеген және білім алуына  қиындық  тудырған екен. Кейіннен,  ерекше қабілетінің   арқасында  осы қиыншылықты оңай  жеңіп  шықты  деп ойлаймын. Омбыда оқып  жүрген  кезінде  ұстаздарымен етене  жақын  болды. Шоқанмен бірге оқыған досы Г.Н.Потанин: «Гонсевскийдің әңгімелері сол кездің  өзінде-ақ оны (Ш.Уәлихановты) саяси көзқарастармен таныстырды. Ал  енді  оның жолдастары үшін  бұл көзқарастар  ол кезде әлі  беті ашылмай жатқан жабық   кітап  болатын» деген[3].  Г.Н.Потаниннің   сөзінен  Шоқан Уәлиханов  өз достарының  арасында  ерекше  көзге  түскен  аса  білімді  адам  болғанын байқадым және мен Г.Потаниннің ойымен толық келісемін, себебі шыныменде Ш.Уәлиханов халқына адал болды, қазақ елін танытты, Қазақстаннан шыққан алғашқы саяхатшы болды. Бұндай жетістіктер XIX ғасырда, тіпті қазір де екінің бірінің қолынан келе бермейді деп санаймын.

...

Скачать:   txt (13 Kb)   pdf (88.7 Kb)   docx (12.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club