Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ілияс Есенберлин - өз халқының өмірі туралы жазған алғашқы қазақ авторы

Автор:   •  Май 10, 2022  •  Реферат  •  585 Слов (3 Страниц)  •  390 Просмотры

Страница 1 из 3

Ілияс Есенберлин - өз халқының өмірі туралы жазған алғашқы қазақ авторы.

 «Көшпенділер» - Ілияс Есенберлиннің 15-ші ғасырдан 19-шы ғасырдың ортасына дейінгі қазақ халқының өмірі туралы әңгімелейтін ұлы шығармасы.  Ол өз романында жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ даласында болған оқиғаларды, қазақ халқының қалыптасуы туралы, ұлы державалармен күрделі қатынастар туралы суреттеген.  Ол өзінің трилогиясында бәрін көрсетті: эпикалық ауқымын, әрекеттер динамикасын, қазақ тарихының көрнекті қайраткерлерінің жанды және қайталанбас бейнелерін.

«Көшпенділер» трилогиясы бүкіл әлемді дүр сілкіндіргені соншалық, оның себептері негізінде кітаппен қатар таңқаларлық фильм түсіру туралы шешім қабылданды.

 «Көшпенділер» трилогиясында бес ғасырлық оқиға сипатталады. Трилогияның басты кейіпкерлері – есімдері ел есінде қалған, елі мен жері үшін жанын аямаған батырлар, яғни өмірде болған тұлғалар.

Жазушының алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы бүгінгі таңда жан – жақты зерттелуде. «Көшпенділер» трилогиясы хронологиялық жүйеге құрылған, «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» деген бөлімдерден тұрады.   Осы бөлімдерді өзара байланыстыратын: 15-19 ғасырлардағы қазақ қоғамының ішкі қарым-қатынасы (дербес мемлекет құру, елдігі,ұлттығы үшін күресі), халқымыздың тәуелсіздігі үшін күресі, осы жолда шетел шапқыншыларымен жанталасқан шайқасы. Жүздеген ірі кейіпкерлердің (хандар мен билер, батырлар, халық өкілдері, шонжарлар, т.б.) арынды тартыс-күресі, ой-сезімі, ісі тарихи оқиғалар толқынында көрінеді. Соғыс, ел қорғау, тақ үшін, жер үшін қырқысу күресі шулы мұхиттай құлақ жарады. Алмас қылыш» романында Дешті Қыпшақтың қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының Қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы - Әбілхайыр, екінші жағы - Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі - Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жаулармен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, сол жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген. Романның басты идеясы- қазақ руларының бірлесу,бір хандықта ынтымақ құру мәселелері. «Алмас қылыш» романы мен «Жанталас» романының ширек бөлігі алғашқы қазақ хандығының қандай ғаламат күрес-тартыста құрылғанын суреттейді. «Жанталас» романы - XVIII ғ. Қазақстандағы әлеуметтік-қоғамдық тартыстар, халық басынан өткен сан алуан оқиғалар бейнеленеді. Қазақ халқының шетел басқыншыларына қарсы күресі, «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» аталған трагедиясы тарихи деректер негізінде көркем сөзбен келісті кестеленеді. Қазақ халқының соңғы рет басын құрап, жоңғар, қытай басқыншыларына тойтарыс берген кезеңінің  шежіресі  жəне  сол  тарихи  дəуір  оқиғасының  басында  тұрған  Абылайдың  билік  кезеңі «Жанталастың» үшінші бөлімінде баяндалады. Шапқыншылық емес, негізгі мақсат басқыншылықтан қорғану болып келетін дəуір бейнесі жасалған «Жанталас» романында Абылай əр қырынан суреттеледі.   «Қаһар» романында XIX ғасырдың 30-40-жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін суреттейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйініші мен арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен шебер көрсеткен. Бұл «Қаһар» романының алғашқы аты – «Кенесары» болған.

...

Скачать:   txt (8.4 Kb)   pdf (51.5 Kb)   docx (9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club