Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құрылысқа арналған алаңды сипаттау

Автор:   •  Март 6, 2018  •  Курсовая работа  •  16,250 Слов (65 Страниц)  •  923 Просмотры

Страница 1 из 65

КІРІСПЕ

Президенттің Қазақстан халқына жолдауында экономиканың дамуына негіз болатын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіретін өндірістерді ұлттық-инвестициялық жүйесі модернизациялау қажеттілігі айтылған.  Бұл үшін құрылыс материалдарын өндіретін энергия мен ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін технологияларды құрастыру қажет.

Құрылыс материалдар өндірісі материал және энергия сыйымды өндірістердің бірі болып табылады. Сондықтан өнімнің материал сыйымдылығын, құрылыс материалдары мен бұйымдарын жылумен өңдеу кезінде энергиялық шығындарын азайту мақсатында технологиялық процестер өнім сапасы мен еңбек өнімділігін арттырумен қатар жүруі тиіс.

Қазіргі таңда керамикалық кәсіпорындарды қайта жабдықтау және автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде, сол арқылы шығарылатын өнім сапалары жақсарады, технологиялар жетілдіріледі және ассортимент кеңейеді. Жаңа кәсіпорын құрылысында отандық және импорттық жабдықтау базасында автоматтандырылған және жоғары механикаландырылған технологиялық тізбектерді орнатуды ескеру қажет.

Керамикалық материалдар мен бұйымдар өнеркәсібі қазіргі кезде бүкіл процестері механикаландырылған және автоматикаландырылған өндіріс саласы. Мұндағы ең басты өндіріс процесі – қалыпталынып кептірілген шикі материалдар мен бұйымдарды пештерде жоғарғы температурада белгілі режимде өртеу. Сондықтан бұл өндірісте шығарылатын өнімдер күйдірілген (өртелген) материалдар мен бұйымдар деп аталады. Керамикалық материалдар номенклатурасы орасан көп. Оларға жататындар: кәдімгі күйдірілген кірпіштер, түрлі мақсатқа арналған керамикалық тастар, черепицалар, құбырлар, қаптаушы плиталар, толып жатқан түрлі керамикалық материалдар мен бұйымдар.

Еденге арналған керамикалық плиткалар кеуектігінің төмендігімен, тығыздығының жоғарылығымен, үйкеліс күшіне тұрақтылығымен, отқа тұрақтылығымен ерекшелінеді. Осындай тамаша қасиеттерінің арқасында бұл плиткалар өте ұзақ пайдаланылады. Олар глазурленген, жартылай глазурленген, глазурленбеген, беті тегістелінген немесе кедір-бұдырланған болып шығарылады. Бұларды санитарлық түйіндерде, тұрғын және қоғам үйлерінің баспалдақ басқыш алаптарын, ауыз үйлерін (вестибюль), сондай-ақ өндірістерде және өнеркәсіп мекемелеріндегі қосымша үйлердің т.с.с жайлардың едендерін төсеу үшін кең қолданады. Ал глазурленген және жартылай глазурленген плиткалар – көпшіліктің үдемелі жүретін жерлеріне төсеу үшін қолданылады. Плиткалардан жасалынатын кілемшелер үйдің басқыш сатыларын, алаңдарын және санитарлық түйіндерін қаптауға арналған.

Еденге арналған плиткаларды пішіндері мен мөлшерлері бойынша әртүрлі етіп шығарады мм: төрткілдер (квадраттықтар) – 48 х 48-ден 300 х 300 мм дейін қалыңдығы; тікбұрыштылар – 48х22; 150х74; 170х100; 200х100; 500х150 қалыңдығы  11÷15 мм; үшбұрыштықтар – 48 х 69; 58 х 83; 68 х 97; 78 х 111; 83 х 118; 98 х 139 мм қалыңдығы 11÷15 мм, алтықырлықтар – 100 х 115; 150 х 173; 170 х 169; 200 х 230 мм, қалыңдығы 10÷15 мм.

Керамикалық материалдардың кез келген қажетті қасиеттерін алу мүмкіндігі, кең таралған номенклатурасын, көп таралған шикізаттардың үлкен қорын, технологиялардың салыстырмалы қарапайымдылығын, жоғары ұзақ мерзімділігін және экологиялық қауіпсізділігін қамтамасыздандыру жағынан өндірісте басқа құрылыс материалдарымен салыстырғанда алдыңғы қатарда.

Еденге арналған керамикалық плитка өндірісі соңғы мақсаты мен қолданылу аясына байланысты әртүрлі көріністегі өнімге ие болды: төрткілдер (квадраттықтар), тікбұрыштылар, үшбұрыштықтар, алтықырлықтар және тағы басқа.


1 Технологиялық бөлім

1.1 Құрылысқа арналған алаңды сипаттау

Қуаттылығы 2 млн.м2  жылына домна қожын пайдаланып керамикалық еден плиткаларын өндіруге арналған цех Теміртау қаласында жобаланады. Қаладағы тұрғындар саны 174137 адам. Участок орналасқан ауданның климаты қатаң-континенталды. Ауаның орташа жылдық температурасы — 8,7°C, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 60,3 %, желдің орташа жылдамдығы - 2,3м/с.

...

Скачать:   txt (200.3 Kb)   pdf (2.2 Mb)   docx (2.3 Mb)  
Продолжить читать еще 64 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club