Н. Оралбаева зерттеулері бойынша сөзжасамдық ұя мен мағына
Автор: meruert1237 • Октябрь 30, 2018 • Реферат • 1,499 Слов (6 Страниц) • 4,302 Просмотры
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫЛДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология және әлем тілдері факультетті
СӨЖ
Тақырыбы: Н. Оралбаева зерттеулері бойынша сөзжасамдық ұя мен мағына
Орындаған:Жайбергенова Меруерт
Тексерген:Салқынбай Анар
Тобы: Қазақ Филологиясы-202 топ
Алматы:2018
Н. Оралбаева зерттеулері бойынша сөзжасамдық ұя мен мағына
Сөзжасам саласы – ғылымда кеш танылған салалардың бірі. Осымен байланысты сөзжасам тіл білімінің бір саласы болып танылып, жаңа тұрғыда зерттеле басталғалы жаңа ғылыми мәселелер туындап, оларды шешу қажеттігін туғызып отыр. Бұл–заңды құбылыс, ғылым дамыған сайын жаңа ғылыми мәселелер туындап отыратыны белгілі.
Жалпы қазақ тіл білімінде сөзжасамды арнайы зерттесін, мейлі өз зерттеу нысанымен байланысты болсын, мейлі сөзжасам туралы пікір айтпаған, қалам сызбаған ғалымды кездестіру өте қиын, оларды түгел атап шығу мүмкін емес. Жұрнақ терминін алғаш ұсынған А.Байтұрсынұлынан бастап, Қ.Жұбанов, Х.Басымов, А.Ысқақов, А.Қалыбаева, М.Балақаев, А.Қайдаров, Р.Сыздықова, Н.Оралбаева, Ө.Айтпаев, ғалымдар еңбегінде сөзжасам мәселесі әр түрлі дәрежеде көрініс тапқаны анық. Алайда, қазақ тіл білімінде сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы екенін ғылыми түрде дәлелдеген Н.Оралбаеваның еңбегінің маңызы зор. Н.Оралбаева 1989 жылғы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» деген монографияда сөзжасам – тіл білімінің дербес саласы деп дәлелдеп оның жалпы теориялық мәселесін жазды. Бұнда тілдің өзіндік сөзжасам жүйесі бары алғаш рет дәлелденуі, оған не жататыны анықталды. Сөзжасам жеке сала болғандықтан, морфологиядан бөлінгендіктен, оны оқытуда, зерттеуде морфологиялық талдаудан басқаша талдау қажеттігін ескеріп, сөзжасамдық талдау мәселесін көтеріп, оның ерекшелігін, құрамын, жолын көрсетті, сөзжасамдық талдаудың 7 түрлі белгісін анықтады.
Сөзжасамның негізділік (мотивация) теориясын көтеріп, оның теориясын жасады. Сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тип, үлгі мәселелерін көтерді. Сөзжасамдық тәсілдер теориясын анықтаудың үлгісін көрсетті. 2002 жылы шыққан «Қазақ тілінің сөзжасамы» оқулығында Н.Оралбаева сөзжасамның барлық теориялық құрамын анықтап, оны жүйеге келтіріп, сөзжасамның тұңғыш ғылыми оқулығын жаңа технология бойынша модульдік жүйеде баспадан шығарды. Бұл оқулықта сөзжасам мәселесінің ғылыми негізі қаланды.
Сол жылы «Қазақ грамматикасы» жарық көрді. Ол грамматикада тіл білімінің фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис салалары қамтылған. Осы еңбекте де Н.Оралбаева сөзжасамның бұрын, сөз таптарының сөзжасамы зерттеліп жүрген кезде, зерттелмей жүрген теориялық мәселелерін жан-жақты зерттеп, сөзжасам теориясының негізін толықтырған, дамытқан. Сондай-ақ, ғалым осы маңызды еңбекте зат есім, сын есім, етістік сөзжасамның бірсыпыра мәселелерін, сан есім сөзжасамын жазған.
Оған дәлел ретінде Қ. Құрманәлиевтің еңбектерін атауға болады: 1) «Сөзжасамдық ұя», (1998), 2) «Сөзжасамдық ұяның мағынасы» (1998), 3) «Сөзжасамдық ұяның парадигматикалық қатыстығы бірлігі мен сатылары», 4) «Сөзжасамдық ұяның синтагматикалық қатыстығы күрделі бірліктері», 5) «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер» (1999), 6) «Сөзжасамдық ұяның зерттелуі» (2000), 7) «Сөзжасамдық ұяның бірліктері» (2000), 8) Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя мәселесінің теориялық негіздері», (2001), 9) «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя проблемаларының ғылыми-теориялық негіздері» (2002). Осы мәселе З.Құрманалиеваның ғылыми зерттеуінде де дамытылды.
...