Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Жеке кинотеатр» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құрудың

Автор:   •  Апрель 29, 2018  •  Курсовая работа  •  2,866 Слов (12 Страниц)  •  1,196 Просмотры

Страница 1 из 12

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта елімізде мекемелердің өте көп түрлері жұмыс жасайды. Әр бір мекеме мемлекеттік немесе жеке кәсіпорын болсын, өз жұмысын немесе корсететін қызмет түрлерін сапалы, жылдам және ыңғайлы түрде орындағысы келеді, және әрбір басшылық өз мекемесінің жұмысын қадағалап, аз мөлшерде шығындалғанды ұнатады. Бүгінгі күнде компьютерлердің дамуымен, соның ішінде автоматтандырыған жүйлердің жасалуымен, жоғарыда айтылған мәселелер өз шешімін тапқан болатын. Себебі автоматтандырылған ақпараттық жүйе ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге және сұраным бойынша талап етушіге жеткізуге арналған программалық және техникалық құралдар кешені болып табылады.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру мен дамытудың негізгі себебі - бұл жүйе арналатын объектінің жағдайы мен жұмыс динамикасы туралы ақпаратты сақтау қажеттілігі.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдаланудан пайда болатын, бірақ кепілдік берілмеген нәтижелер:

  • Қызметкерлердің жұмыс өнімділігін арттыру;
  • Клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру;
  • Қызметкерлердің еңбек қарқындылығы мен көлемін төмендету;
  • Мекеме әрекеттеріндегі қателер санын азайту.

Қандай мекеме болмасын оның жұмысына автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу оңай жұмыс емес. Алайда соңғы уақытта енгізу мәселелері толығымен анықталып шешілді. Енгізу меселелерін алдын ала талқылау мен жоспарлау автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізуді және жұмыс жасау сапасы мен мерзімін жақсартады.

Бұл курстық жұмыста банкомат құрылғыларының ақпараттық жүйесі яғни «Жеке кинотеатр» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрылады.


  1. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бұл курстық жұмыста кез келген компьютер құрылғыларына арналған ақпараттық жүйе яғни «Жеке кинотеатр» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрылады. «Жеке кинотеатр» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі программалық инженерия практикумының курстық жұмысы  тапсырмасы негізінде жасалды. Жүйенің мақсаты «Жеке кинотеатр» жұмысын автоматтандыру. Жүйе Visual Studio 2012 ортасында C# обьектіге бағытталған бағдарламалау тілінде жазылды. Бағдарлама бірнеше формадан және бірнеше кестелерден тұрады.

Microsoft Visual Studio — Майкрософт компаниясының өнімдер тізбегі, құрамына біріктірілген өңдеу ортасы бағдарламалық жасақтамасы және басқа да аспаптық (инструменталды) құралдар кіреді. Аталған өнімдер консольдік қосымшалармен қатар қолданбалы бағдарламалық жасақтамалары да кіреді.

Visual Studio ортасы - бағдарламалық қамтамасыз етуді дамытудың кешенді ортасын және бірқатар басқа құралдарды қамтитын Microsoft өнімдерінің желісі. Бұл өнімдер консольді қосымшалар ретінде дамуына мүмкіндік береді, сонымен қатар GUI қосымшалары, веб қолданбалар, веб қызметтер, Windows, Windows Mobile, Windows CE, .NET Framework, Xbox, Windows Phone .NET Compact Framework және Silverlight технологияларын қамтиды. Visual Studio құрамында IntelliSense технологиясын қолдайтын бастапқы коды редакторы және қарапайым кодты қайта жасау мүмкіндігі бар. Кірістірілген түзету құралы бастапқы кодты түзету құралы немесе машина деңгейіндегі түзету құралы ретінде жұмыс істей алады.

C# - объектiге бағытталған бағдарламалау тiлi. 1998 - 2001 жылдарда Microsoft.NET Framework платформаcы үшiн қоcымшаларды әзiрлеу тiлi және ECMA-334 және ISO/IEC 23270 cтандарттары cияқты Microsoft компанияcында  Андерc Хейлcбергтiң баcшылығымен инженерлiк топ жаcап шығарды.

C# ASP.NET технологиясы үшін арнайы құрылды. C# - объектілі-бағдарланған бағдарламалаудың инкапсуляция, мұрагерлік және полиморфизм тіректерін қолдайтын толыққанды объектілі-бағытталған тіл.

C# - cинтакcиci ұқcаc тiлдер қатарына жатады, олардың iшiнде бағдарлама cинтакcиci C++ және Java бағдарламаларына жақын. C# бағдарламаcының құрамына cтатикалық типтелу, полиморфизмдiк қолдау, операторлардың шамадан тыc жүктеуi, делегаттар, атрибуттар, оқиғалар, қаcиеттер, әдicтер, итераторлар, ерекшелiктер, XML қалыптағы түciнiктемелер кiредi.

...

Скачать:   txt (43.3 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (423.1 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club