Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адамның қабілеті

Автор:   •  Июнь 4, 2018  •  Реферат  •  1,951 Слов (8 Страниц)  •  821 Просмотры

Страница 1 из 8

        ШЕТ ТІЛІН БОЛАШАҚ МАМАНДАРҒА ҮЙРЕТУДЕГІ БІЛІМ, ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

А.А.Жайтапова¹, А.Ә. Мүтәліп²

¹п.ғ.к., проф., Абылай хан атындағы ХҚжәнеӘТУ, Алматы қ., Қазақстан

²магистранты, «6М011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы», Абылай хан атындағы ХҚжәнеӘТУ, Алматы қ., Қазақстан

        Тірек сөздер: білім, іскерлік және дағды; қабілеттілік; шеттілдік білім беру мазмұны.

        Кіріспе. Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміз Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттердің аса күрделілігіне қарамастан, оның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты, халықтың рухани дамуы, саяси-экономикалық сауаттылығы, адами тұрғыдан салт-санасының өсіп өркендеуі, дүниетанымдық көзқарасы, жастар арасындағы тәрбие мен білім беруге байланысты болып отыр. Қашаннан ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде білім беру жүйесіндегі елеулі өзгерістер елімізде өтіп жатқан реформалармен ғылыми-техникалық прогрестің дамуының алғы шарттарының бірі. Оның үстіне бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім берудің жаңаша жүйесі құрылып, үкімет алдында тұрған ең жауапты міндеттердің бірі ретінде қарастырылуда. Бұл дегеніміз болашақ педагог мамандардың сапалы болуы үшін білім беруді арттыру, яғни педагогтың бойында дидактикадағы оқытудың категориялары: білім, іскерлік және дағдылардың маңыздылын арттыра түсу [1].

        Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы. Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, оқушылармен дұрыс тіл табыса білуінде. «Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп, оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және айналасын, өз ортасын тануға, ой еңбегін үйретуге тиіссің», - деп атап көрсетеді [2]. 

        Қойылған міндеттер оқу-тәрбие үдерісіндегі білім беру қызметінде жаңаша қарауды, қол жеткізген табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды және мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Өйткені бүгінгі жан-жақты дамыған педагог маман  ертеңгі білімді ұрпақ пен тәрбиелі жастардың негізін қалаушысы әрі негізін салушысы. Білімді де тәрбиелі жас ұрпақ тек қана біздің өмірдің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Ал қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж. Қазіргі кезде кез келген мамандық атаулының барлығы біліктілікті, ептілікті, шапшаңдықты, өз ісіне толығымен машықтанып дағдыланған кәсіби шеберлікті, ерекше ой қызметі үйлесімді оқушының шығармашылық мүмкіндіктеріне орай дамыта білуді қажет етеді.        

        Оқыту – оқушылар бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың мақсатты түрде өзара әрекеттесуі. Оқыту ол таным үрдісі. Оның барысында психикалық үрдістер дамиды (қабылдау, түйсік, ес, ойлау және т.б.) және олардың көмегімен оқушылар білім, іскерлік, дағды, шығармашылық әрекет тәжірибесін, эмоционалдық қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді, ерік-жігерін дамытады. Оқыту тәрбие үрдісімен тығыз байланысқан үрдіс болғандықтан ол да мақсатты, нәтижеге бағытталған екі жақты үрдіс болып табылады. Оның мақсаттарына келетін болсақ, педагогикалық ойлар дамуының тарихында түрлі идеялар айтылған.

        Неміс педагогы А.Дистервег оқыту мақсатын келесідей көрсетеді:

        «Оқытудың мәні сонда ол негізі ақиқаттарды меңгеру бойынша дербестікті тәрбиелеу қажет». Қасиетті Августин "Ұстаз туралы" трактатында «Ұстаз ісі өз басынан оқушы басына білімді жеткізуге емес, оның ақыл-ойын оятуға бағытталу тиіс».

        Ендігі мәселе осы  шет тілін болашақ мамандарға үйретудегі білім, іскерлік және дағдылардың маңыздылығы ашып көрсету.  Ал білімдендіру қызметінде оқыту процесінде  білім, іскерлік, дағдының қалыптастырылуы көзделеді.

...

Скачать:   txt (25.8 Kb)   pdf (151.8 Kb)   docx (19.7 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club