Жеке адамның танымдық процестері
Автор: 19951992 • Май 27, 2018 • Лекция • 2,517 Слов (11 Страниц) • 1,351 Просмотры
№ сабақ жоспары
Топ | Күн |
Пән: Психология
Тараудың тақырыбы: Жеке адамның танымдық процестері
Сабақтың тақырыбы: Ес. Ес түрлері мен процестері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жалпы жеке адамның танымдық процестерінің бірі ес, ес түрлері мен процестері. жайлы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке, өз-өзін тәрбиелеуге баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өзара қарым-қатынасқа түсу ықыласын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар: сұрақ-жауап әдісі, түсіндірлемі-баяндау, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыстар: педагогика, философия, анатомия.
Сабақтың жабдықталуы: тапсырмалар, сабақ жоспары, таратпа материалдар.
Қолданылатың әдебиеттер: К.С. Жұмасова «Психология», Қ.Жарықбаев «Жалпы психология».
Сабақ жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі. 10 мин
ІІ. Студенттердің білімін өзектендіру кезеңі 15 мин
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру кезеңі 40 мин
ІV. Жаңа сабақты бекіту. 15 мин
V. Қорытынды кезең. 8 мин
- Бағалау
- Рефлексия
VІ. Үй тапсырмасы 2 мин
І. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин
-Сәлемдесу
-Түгендеу
-Сабаққа дайындығын тексеру, кірісу.
ІІ. Студенттердің білімін өзектендіру кезеңі 15 мин
Үй тапсырмасын сұрау (Карточка мен перфокарточкаларға жауап беру арқылы).
1. Сонымен бүгінгі сабақты қорытындылай келе қабылдау танымдық болмыстың ең маңызды процестерінің бірі ма екен?
2. Жалпы қабылдау дегеніміз не? Түйсікпен қалай байланысады?
3. Қабылдаудың қандай түрлерін қарастырдық?
4. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері қандай?
5. Әуенді тыңдай отырып біз ондағы дыбысты емес әнді толық қабылдаймыз. Және де бұл музыка симфоникалық оркестрмен де, рояльдың өзіменде орындаса ол бұрынғынша қала береді. Бұл қабылдаудың қай қасиетіне жатады.?
6. Толып жатқан объектілердің ішінен адамның қажеттілігіне, қызығушылығына және бағыттылығына байланысты заттарды іріктеп алу қабылдаудың қай заңдылығына жатады?
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру кезеңі 40 мин
Ес туралы ұғым. Адамның өмір тәжірибесінде қабылдағаны басынан, кешкен ой-сезімі, әрекеті ізсіз жоғалып кетпейді, баста сақталады, кейін қайта жаңғыртылады. Бұрын қабылдаған зат, құбылыс образдарын өз көңіл-күйлерін ойда сақтап, қайта жаңғыртатын психикалық процесті ес дейді. Бүрынғы уақытша жүйке байланыстары қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырады, санасына қайтадан келеді. Естің бүл күйін қайта жаңғырту дейміз. Адам көптен көрмеген танысын көргенде болған жері есіне түседі. Қабылдаған нәрсемен кездеспей-ақ қайта жаңғыртуды еске түсіру деп атайды.
Қайта жаңғырту процесінде тану мен еске түсірудің қызметі бірін-бірі толықтырып отырады. Мысалы бүрын оқыған кітабымыз болса, оны танимыз. Қабылданған нәрсенің есте қалғаны - естің материалы, есте сақталып, қайта жаңғыртылғаны - естің мазмүны. Адам есінің негізгі мазмүны - сөзбен айтылатын материал. Адам басқа кісінің ойы бастан кешкен сезімдері, өрекеттері сөз арқылы қайта жаңғыртылады.
Есте қалдыру процесінде, әдетте, бір заттың немесе қүбылыстың екінші бір заттармен немесе қүбылыстармен байланысы жасалады. Мәселен, біздің жаңа танысқан адамымыздың атын есте сақтау үшін, біз белгілі бір атты ол адаммен, оның сыртқы келбетімен және басқа ерекшеліктерімен байланыстырамыз. Белгілі бір тарихи фактіні меңгере отырып, біз оны тарихтың басқа уақиғаларымен байланыстырамыз. Оны белгілі бір кезеңге жатқызамыз. Шетел сөзін, мысалы das Наus деген сөзді есте сақтау үшін, бүл сөзді "үй" деген үғыммен байланыстырамыз. Сөйтіп есте сатау дегеніміз - жаңаны адамның санасында бүрыннан бар нәрсемен байланыстыру.
...