Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адамның шығу тегі

Автор:   •  Апрель 8, 2019  •  Реферат  •  3,061 Слов (13 Страниц)  •  3,134 Просмотры

Страница 1 из 13

                                      Мазмұны

 Кіріспе.................................................................................4

                         Негізгі бөлім

1.1. Адамның шығу тегі......................................................5

1.2. Приматтар эволюциясы...............................................5-7

1.3. Адамның шығу тегінің тарихы...................................7-10

1.4. Адамның жануардан шыққандығы жайлы дәлел.....10-12

1.5. Алғашқы адамдардың пайда болуы...........................12

1.6. Ежелгі еңбек құралдары..............................................13

1.7. Аңшылар мен терімшілердің рулық қауымдары......13

1.8. Адам эволюциясының факторлары...........................13-15

 Қорытынды.......................................................................16

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................17

 Зерттеу күнделігі..............................................................

                                     

                                      Дәйектеме

Бұл  ғылыми-жобалық  зерттеу  жұмысында  адам  шығу  тегінің  эволюциялық  кезеңдері,  алғашқы  адамдардың  пайда  болуы  және  еңбек  құралдары туралы  қарастырылған.

                                        Аннотация

В    данной    научно-проектной    иследовательской     работе  рассмотрено   эволюционные   этапы   происхождении   человека, возникновение   первобытных   людей   и   орудия  труда.

                                        Annotation

In this scientific and design research work, evolutionary stages of the origin of man, the emergence of primitive people and tools of labor are considered.

                                    Кіріспе

Адамның шыққан тегі жөнінде мәселе ерте кездерден бастап-ақ жұрттың назарында. Ол туралы көптеген болжам, ой пікірлер айтылады. Қазіргі кезде адамның шығу тегін, дамуын және қазіргі кезге дейінгі қалыптасуын зерттейтін антропология ғылымында көптеген ғылыми құнды мәліметтер жинақталды. Осындай құнды мәліметтер бізге адамның шығу тегі жайлы түрлі маңызды мәліметтер береді. Және мен осындай ғылыми құнды мәліметтерді пайдалана отыра сіздермен адамның шығу тарихы жайлы сан алуан қызықтармен бөліскім келеді

        Зерттеу  мақсаты:  Адамның жануарлардан шыққандығына дәлелдемелер келтіре отырып, алғашқы адамдардың пайды болуын, еңбек құралдарының жетілуін, сонымен қатар салыстырмалы-анатомиялық және палентологиялық ерекшеліктерін сипаттау.

        Зерттеу  міндеттері:

  • Адамның шығу тегі туралы ақпараттар жинақтау;
  • Алғашқы адамдардың өмірі және еңбек құралдарының жетілуін зерттеу;
  • Адам      эволюциясының  кезеңдерін  зерттеу;
  • Адам    эволюциясының             факторларына  сипаттама беру.

Зерттеу жұмысының жаңалығы:  Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар көп. Сондықтан да адамның жануарлардан шыққандығын салыстырмалы-анатомиялық және палентологиялық тұрғыда дәлелдемелер келтіру арқылы жүреді. Онда алғашқы адамдардың пайда болуы және еңбек құралдарының жетілуі кезеңдері айтылады.

Зерттеу пәні:  Қазақстан тарихы.

 

                  I.Негізгі бөлім 

          1.1 Адамның шығу тегі

 Адамның шығу тегі туралы алғашқы эволюциялық көзқарастар көне заман ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. XVII ғасырдың саяхатшылар адам тәрізді маймылдардың тіршілік ететіні жөнінде хабарлар таратып және ол туралы деректер жинақтала түсті.

XVIII ғасырда К.Линней адамды лемур және маймылмен бірге приматтар отрядына жатқызады. Ламарк адам ағашарға өрмелеуден, жер бетімен жүруге көшкен маймыл тәрізді ата-тектерден шықты деп жорамалдайды.

Адам тарихын түсінудегі ірі оқиға Ч.Дарвиннің «Адамның шығу тегі мен жыныстық сұрыпталу» атты еңбегі болды. Ағылшын ғалымы Ч.Дарвиннің бұл еңбегі «Түрлердің шығу тегі» атты туындысы сияқты адамның Құдай жаратылысының өнімі деген көзқарасты түбірінен өзгертті. Денені тік ұстап жүруге қолдың босап, оның еңбек құралдарын жасауына ықпалын тигізді. Топтанып тіршілік ету салдарынан бірте-бірте сөздің дамуына жағдай жасалды.

Бұл мәселені Ф.Энегельс «Маймылдың адамға айналу барысындағы еңбектің рөлі»  (1986) еңбегінде ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді. Ол «Адамды адам еткен еңбек» деген қорытынды жасады.

...

Скачать:   txt (34.1 Kb)   pdf (316.8 Kb)   docx (132.7 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club