Әдістеменің теориялық негізі
Автор: Jekosik • Октябрь 27, 2021 • Лекция • 451 Слов (2 Страниц) • 424 Просмотры
9- тақырып. Әдістеменің теориялық негізі.
Мақсаты: Студенттерге бастауыш мектеп оқушыларының табиғат туралы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру жолдарын көрсету, табиғат жайында берілетін білім мазмұнын іріктеу принциптерін үйрету, табиғат бұрышы мен аула үлескісі жайында ұғымдарын қалыптасытыру.
Сабақ жоспары:
1.Табиғат туралы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру.
2. Қоршаған орта заттары мен денелерінің сезім мүшелеріне тікелей әсері.
3. Табиғат жайында берілетін білім мазмұнын іріктеу принципі.
4. Түсініктілік принципі.
5. Табиғат бұрышы.
6. Аула үлескісі.
Дәріске керекті құралдар: сызба - «Табиғат - тәрбие құралы»
Табиғат - органикалық (тірі) және органикалық емес (өлі) дүниелері бар бүкіл әлем. Бүкіл өмірлік процестер жердің жоғарғы қабатында - биосферада болып жатады, оның құрамды бөліктері тірі организмдер - өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және адам.
Тірі табиғат денелерінің өлі табиғаттан негізгі айырмашылығы -заттардың алмасу процесінде тірі дененің өсуі, дамуы, көбеюі болып табылады.Өлі дене сырткы ортаның өзара әсерінен өздігінен қайта жаңармайды, бұзылады да, өлі материяның басқа бір түріне ауысып отырады.
Барлық тірі заттар өмір сүруге қажетті нәрсенің бәрін - ауаны, жарықты, жылуды, суды және қоректі зат алмасулар арқылы алады.Зат алмасу процесінде организмге қажетті жагдайлардың бірлігі калыптасады, бұл биологияның негізгі заңы.
Адамдар өмірінде табиғаттың маңызы зор және сан алуан. Табиғат -адамның материалдық және мәдени игіліктерінің қайнар көзі. Табиғаттың мол қоры - халық шаруашылығын дамытудың, қоғамның материалдық игілігін жасаудың негізі.
Шипалы табигат. Ол адамды сауықтыруда үлкен роль атқарады: жасыл осімдіктер ауадағы көмір қышқыл газын өз бойына сіңіреді де оттегін боліп шығарады.Ормандардың ауасы ірі өндірістік қалалардың ауасынан 200 есе таза екендігі анықталған.
Форманың, бояу мен дыбыстың әдемілігін және үйлесімділігін қабылдау, табиғатта болып жатқан құбылыстарды бакылау қуаныш сезіміне бөлеп, зор қанағат береді.
Табиғат бағалы өнер туындыларын жасауда үлкен роль аткарады.Ақындар, жазушылар, суретшілер, музыканттар өз шығармаларын оны суреттеуге және жырлауға арнайды.
Табиғат — танымның қуатты қайнар бұлағы. Оның күрделі организмдерін зерттеп білу - техникаға, өнертапқыштар мен жаңашылдарға құралдар жасауға тетік болып танылады.
«Балалар бақшасындағы жоспарына» сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру үдерісінде өзара тығыз байланысты білімдік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады.
...