Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гендік инженерия негізі. Ағзаларды клондау

Автор:   •  Апрель 5, 2018  •  Реферат  •  6,654 Слов (27 Страниц)  •  3,039 Просмотры

Страница 1 из 27

«Астана Медицина университеті» АҚ

Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Гендік инженерия негізі. Ағзаларды клондау.

                                                                       Орындаған: Курманова А.К.

                                                                       Тобы: 124 ЖМ

                                                           Мамандығы: Жалпы медицина

Қабылдаған: Кульмаганбетова Н.М.

Астана 2017


ЖОСПАР

 

  1.  Кіріспе....................................................................................................3
  2.  Негізгі бөлім...........................................................................................4
  1. Генетикалық инженерияның даму тарихы...................................4
  2. Генетикалық инженерияның өту механизмдері...........................5
  3. Саланың жеткен жетістіктері........................................................8
  4. Ген инженериясы негізінде биотехнологиялық өнімдер алу......11
  5. Гендік терапия.............................................................................15
  6. Клондаудың тәсілдері.................................................................16
  7. Ген клонын көбейту  және скрининг...........................................17
  8. Дисекция әдісі..............................................................................19
  9. Энуклеация әдісі..........................................................................19
  1. Қорытынды...........................................................................................22
  2. Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кіріспе

     Ген инженериясы молекулалық биологияның жаңа саласы. Ол лабораториялық әдіс арқылы генетикалық жүйелер мен тұқымы өзгерген организмдерді алу жолын қарастырады. Ген инженериясының пайда болуы генетиканың, биохимияның, микробиологияның және молекулалалық биологияның жетістіктерімен байланысты. Бұл атаудың екі түрі қол-данылады: «генетикалық инженерия» және «ген инженериясы». Соңғы кезде «генетикалық инженерия» жалпылама түрде колданылып жүр, ген инженериясы да осының ішіне кіреді. Гендік инженерия нәтижесінде ауылшаруашылық, медицина, биотехнология және т.б. секілді ғылым салалары көптеген жетістіктерге жетіп, өзіндік даму тарихында адамзат тарихындағы төңкеріс боларлықтай жаңалықтар ашылды. Гендік инженерия өз кезегінде молекулалық биологиямен және медициналық генетикамен өте тығыз байланысты. Себебі бұл саланың өзі тірі молекулалық деңгейде тікелей ДНҚ-ға байланысты жұмыс жасайды.

Көбеюге қабілеттілік – тірі организмдерге  тән негізгі қасиеттердің бірі. Көбеюге  байланысты генетикалық материалдың  ата-аналарынан ұрпақтарына берілетіні айтылды. Бұл кезде сол түр  особьтарына тән белгілер ғана емес, сондай–ақ тек ата-аналарының өздеріне тән айқын белгілер де жарыққа шығады. Көбеюдің үлкен биологиялық мәні бар. Ол белгілі бір организм түрінің ұрпақ алмастыруын жүзеге асыруымен қатар, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты, жалпы тіршіліктің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Тірі табиғатта көбеюдің негізгі екі әдісін ажыратады: жынысты және жыныссыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.  НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  2.1. Гендік инженерия ғылымының даму тарихы

Молекулалық биология ғылыми жетістіктерінің нәтижесінде пайда болған ген инженериясы организмнің бағалы қасиетін сақтап қана қоймай оған жаңа әрі саналы қасиет те бере алады. «Инженерия» деген атау құрастыру деген мағынаны білдіреді. Яғни ген инженериясы дегенді ген кұрастыру деп түсіну қажет. Ген инженериясының дәуірі басталмай тұрып 1969 жылы Г. Корана нуклеотидтерді белгілі бір жүйемен орналасқан ДНҚ синтезінің методологиясын жасап берген. Жекеленген дербес амин қышқылы — ашытқының аланиндік тРНҚ-ның бастауыш жүйесі ашылғаннан кейін Г. Корана химиялық жолмен осы РНҚ-ның көлемі 77 полинуклеотидтен тұратын кодтық бөлігін синтездеді. Кейіннен 1979 жылы осы лабораторияда ішек таяқшасының тирозиндік тРНҚ-сы синтезделді және ол Т4 бактериофагының құрамына енгізіліп, бактерияның клеткасында жұмыс істеді.

...

Скачать:   txt (92.6 Kb)   pdf (283.2 Kb)   docx (39.9 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club