Жылуалмастырғыштардың негізі теориялық сипаттамасы
Автор: karsybekazat154 • Апрель 25, 2018 • Реферат • 5,990 Слов (24 Страниц) • 610 Просмотры
Мазмұны
1.Өндіріс орының жалпы кіріспесі 2
1.1. Өндіріс орнының даму тарихы 3
1.2. Мекеме құрылымы 4
2. Жылуалмастырғыштардың негізі теориялық сипаттамасы 5
2.1. Қондырғының технологиялық сызбасы 8
2.2. Жөндеулерді жүргізу технологиясы. 9
2.3. Аппаратты жөндеуге дайындау технологиясы. 12
2.4. Аппараттарды жөндеу технологиясы. 13
3. Техникалық қадағалау бөлімі. 20
4. Қорытынды 21
5. Қолданылған әдебиеттер 22
Кіріспе
Қазақстан алюминий– Қазақстанның ірі түсті металлургия кәсіпорны. 1996 жылы 9 наурызда құрылған. Құрамына "Павлодар алюминий зауыты", "Торғай боксит кен басқармасы", "Краснооктябрск кен басқармасы" және "Керегетас кен акционерлік қоғамы" кіреді.Өндіретін негізгі өнімдері: алюминий оксиді (глинозем),металдық галлий,боксит кентасы,отқатөзімді қыш, әктас, электр және жылу энергиясы. Глинозем өндірісінің жобалық қуаты – жылына 1,05 млн. т. Өнім негізінен Ресейдің Батыс және Шығыс Сібірінде орналасқан алюминий зауыттарына жөнелтіледі. Галлий алыс шет елдерге шығарылады. Жұмысшы мамандығын алу бойынша тәжірибе оқу жоспарына сәйкее 6- шы семестерде жүргізілді. Мекемелерде тәжірибе жекелеген бригадалар бойынша ұйымдастырылды. Тәжірибеге келген білім оқушыларға мекемелер тарапынан білікті мамандар ішінен бұйрық бойынша тәжірибе жетекшіліері тағайындалды. Олар білім алушылардың тәжірибе бағдарламасын игеруіне көмектесті. Тәжірибе аяқталған кезде білім алушылар сәйкес дәрежені меңгеруі бойынша біліктілік емтиханын тапсырды. Біліктілік емтиханын тапсыру оқу орнындағы өкілдің қатысуымен комисеиямен жүргізілді. Біліктілік сынағын тапсырған білім алушыларға мұнай зауыты жабдықтарын жөндеу бойынша 3 дәрежелі жөндеуші біліктілігі берілді. Біліктілік емтиханын тапсырмаған білім алушылар тәжірибе соңында технологиялық тәжірибе кезеңінде қайта тапсыруға болады.
Жұмыс орнындағы өзіндік жұмысқа техника кауіпсіздігі бойынша нұсқаудың барлық түрлерінен өткеннен кейін ғана білім алушылар жіберілді.
Жұмысшы мамандығын алу тәжірибесінің мақсаты - мұнай, газ өңдеу және мүнайхимия зауыттарынын жабдықтарын құрастыру және жөндеу бойынша 2-3 дәрежелі жөндеуші, жұмысшы мамандығын алу үшін құрастыру және жөндеу жұмыстарын орындау.
Мекемедегі тәжірибе жетекшісі тәжірибе жүрісінде білім алушылардың алған білімдерін тексеру жолымен жұмысын бакылауды жүргізді. Күнделік мазмұнын, кауіпсіз жұмыс жүргізуін, 2-3 дәрежелі жөндеушіге қажетті біліктілігін тексерді.
Оқу орнынан тағайындалған тәжірибе жетекшісі тәжірибе орындарына барып, тәжірибенің өтуіне оқу-әдістемелік көмек берді.
Тәжірибенің жүргізілуін бақылауды директордың оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасар жүзеге асырды.
Тәжірибе соңында білім алушылар оқу орнындағы тәжірибе жетекшісіне күнделікті тапсырады, яғни осы күнделікті тексергеннен кейіи және әңгімелесуден кейін баға қойылды.
Әрбір өндірістік тәжірибе бойынша есептік құжат ретінде жұмысшы мамандығын алу тәжірибесінен басқа да есеп тапсыру болып табылды. Орындалған есеп негізінде, тәжірибеден өтушілердің жұмысын бақылау нәтижелері, тәжірибе жетекшілерінің білім алушылармен әңгімелесуіне бес баллдық жүйеде баға қойылды.
...