Сурет салудың теориялық және әдістемелік негізі (мәнжазба)
Автор: ayazhan0303 • Февраль 16, 2022 • Реферат • 4,526 Слов (19 Страниц) • 357 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Кәсіби-шығармашылық факультеті
«Академиялық сурет және живопись» пәні
Тақырыбы: Сурет салудың теориялық және әдістемелік негізі (мәнжазба).
Орындаған: «Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» - 201 Мыңтаева А. М.
Пән оқытушысы: Кемалова Г.Б.
2021-2022 оқу жылы
Жоспар
СУРЕТ САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗ
1.1 Мәнерлік бейнелеу құралдар
1.2 Объектіні талдай отырып бейнелеу
1.3 Пішін сұлулығы мен көлемділікті айқындау
1.4 Жарық пен көлеңкені суретте көрсету
1.5 Перспектива ережелерін суретте қолдану
1.6 Сурет композициясының принциптері
1.7 Суреттегі ойлау процесі
СУРЕТ САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗ
Суреткердің дүниетанымы мен шындық болмысын көркем образ арқылы пайымдай білу қабілеттілігі – бейнелеу өнері заңдылықтарын, құралдарын, әдіс-тәсілдерін терең меңгерумен қалыптасқан қасиет. Ол, кеңістік объектілерінің пішіндік құрылымы мен сұлулығы, олардың кеңістіктегі өзара байланысы мен орналасу үйлесімділігі, жарықтың, бояулар мен түстердің кеңістік құрылымының «мінезіне» етер ықпалын, оның адамдардың эмоциялық көңіл-күйіне әсерін, т.б. сан-алуан қасиеттерін, бейнелеу өнерінің теориялық, эстетикалық, көркем-шығармашылық негіздерімен байланыстыра қабылдайды әрі одан жаңа мазмұндағы образдар жасайды. Өйткені, әлем кеңістігі образдарға толы. Міне бұл, суреткер іс-әрекетіне берілген сипаттама. Бейнелеу өнері - өнерлер жүйесіндегі, адамның әлемді танып біліуіне зор ықпал еткен алғашқы өнер түрі. Бұл өнерде, басқа ғылымдар сияқты, адамзат қауымдастығының терең тұңғиығынан бастау алатын даму тарихы, өзіне тән ғылыми тұрғыдағы теориялық негізі мен заңдылықтарын жасаған ғылым. Бейнелеу өнерінің табиғаты – философия, эстетика, өнертану, өнер тарихы, мәдениеттану, психология, педагогика сияқты түрлі ғылымдардың зерттеу нысанасына айналды. Философия, эстетика – бейнелеу өнерін, қоғамдық сананың категориялары және «сұлулық заңдылығына» сәйкес өнердің шығуы, дамуы, қоғам өміріндегі орны, жеке тұлғаның қоршаған шындықты игерудегі шығармашылық іс-әрекетінің жемісі тұрғысында зерттеп, ғылыми тұжырымдар жасайды. Тікелей өнерді, соның ішінде бейнелеу өнерінің табиғаты мен заңдылықтарын және көркем шығармашылықтың барлық түрлерінің ерекшеліктері мен адамзат мәдениеті жүйесіндегі алатын орнын, мәнін, маңызын зерттейтін кешенді ғылым - өнертану. Өнертану ғылымының бірден-бір зерттеу нысанасы - пластикалқ өнер. Өнертану ғылымы - өнер тарихы, теориясы және өнер сыны салалары бойынша, сонымен бірге, өнер психологиясы, өнер социологиясы, мұражайтану, өнер ескерткіштерін қорғау сияқты жеке бөлімдері арқылы зерттеулер жүргізеді.
Өнер теориясы - әдіснамалық критерийлерді анықтаса, өнер тарихы - өнердің шығу, қалыптасу, даму жолдарының хронологиялық сатысын ашып көрстеді, ал өнер сыны - әр дәуір өнеріндегі түрлі ағымдар, бағыттар мен стильдердің қоғамдық қатынастар мен қажеттілікке тәуелділігін және үйлесімділігін, немесе, уақыт талабын сезіне, қазіргі кезеңнің көркемдік үрдісімен байланыста танып білуді қамтамасыз етеді. Жеке тұлғаның психикалық қалыптасуы мен дамуына бейнелеу өнерінің әсерін, тәлім-тәрбиелік мәнін, көркемдік білім беру теориясын, оқытудың дидактикалық принциптері мен әдістемелік мазмұнын зерттеу – психология мен педагогика ғылымдарының үлесінде. Бейнелеу өнерін игеру ұзақта әрі күрделі педагогикалық үрдіс. Бейнелеу өнері саласында көркемдік білім алатын, шығармашылықпен шұғылданатын әрбір адам, бейнелеу өнерін, тек бір жақты практикалық іс-әрекеттер арқылы ғана емес, сонымен бірге, «сұлулық заңдылықтарына» негізделген өзіндік зерттеу нысанасы, пәні бар ғылым ретінде меңгергенде ғана сапалы нәтижелерге жетеді. Алдыңғы тарауларда айтылғандай, бейнелеу өнерінің кезкелген жанрында оқу немесе шығармашылық жұмыстарды орындаудың негізі - сурет салудан басталады. Салынған суреттік жұмыстардың, кескіндемелік туындылардын бейнелену сауаттылығы, мәнерлілігі, суреттелетін заттардың конструк-циялық құрылым ерекшеліктерін талдай, зерттей білу мен өнер туыындыларын жасаудың - композиция, перспектива, жарық пен көлеңке, түстану, пластикалық анатомия заңдылықтары туралы ғылыми білім негіздерін игеру сапасына тікелей байланысты. Сондықтан, сурет өнерін игеру сапасын анықтайтын: пішіндер конструкциясы мен нақтылығы, перспектива және жарық пен көлеңке заңдылықтары, көлем, композиция - сурет өнерінің теориялық негізі әрі көркем-мәнерлік құралдары саналады.
...