Ілияс Жансүгіров өлеңдерінің тақырыптық-мазмұндық ерекшеліктері
Автор: 2134545 • Сентябрь 7, 2021 • Контрольная работа • 348 Слов (2 Страниц) • 583 Просмотры
Ілиястың шыққан ортасы, алғашқы әдеби танымының бастаулары мен эстетикалық негіздері.Шығармашылық өсу жолы мен қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлігі. Ілияс және қазақ әдебиеті. «Аз өмірі мен шығармашылық жолының қысқа кезеңінде-ақ қазақ халқының рухани алтын қорына қосылған төл шедеврлерін дүниеге әкелген» (М. Әуезов) Ілияс Жансүгіровтің өмірі, білім алуы, қоғамдық және мемлекеттік қызметтері, шығармашылық жолын өлең жазудан бастауы, алғашқы ақындық ізденістері, эволюциялық өсу жолдары.
Қаламгердің әдебиеттің барлық жанрына қалам тартып, талант қырларының жарқырап көрінуі. Поэзия саласындағы елеулі жетістігі. Өз туындыларымен қатар ауыз әдебиеті үлгілері мен балаларға арналған туындыларды жинастырып, жинақ ретінде құрастырып, шығаруы. Қазақ, орыс тілінде 40-қа жуық кітабының жарық көруі.Көзі тірісінде жарияланған кітаптары: «Сағанақ» (1928), «Жаңа жыр» (1930), Шығармалар жинағы. 2 томдық (1933), «Құқ» (1935), «Жол аузында» Әңгімелер жинағы. (1935), «Күй» Өлеңдері мен поэмалары. (1935), «Жолдастар» (1935) және т.б.Заман талабынан балаларға арнап шығарған жинақтарының маңыздылығы. «Балаларға тарту» (1928), «Шәркей» (1929), «Малта» (1929ж.) және т.б.Шығармаларының орыс тіліне аударылуы. «Степь» (1932), «Кенес». (1935), «Кюйши» (1935), В пути (1936), «Қазақстан» (Қазақ және орыс тiлдерiнде,1936).
Ілиястың тарихи көзқарасы. Қазақтың өткен өмірінің шынайы болмысы, Кенесары көтерiлiсi, Жетiсу, Балқаш, Жаркент өңiрiн орыс елiнiң жаулап алуы, сол тұстағы ел өмiрi жайлы тарихи деректер негізінде жазылған «1916 жылғы көтеріліс материалдары». (Ұлттық мәдениет институты.1934ж.) еңбегі. «Жетісу өлкесін орыс алуы», «Ұзынағаш соғысы», «Жаркент оязында», «1916 жыл деректері»,
...