Таңдалған тақырыптың көкейсілігі
Автор: Take Malikov • Март 1, 2018 • Реферат • 1,966 Слов (8 Страниц) • 752 Просмотры
Кіріспе
Таңдалған тақырыптың көкейсілігі
Бұл жоба жұмысы Delphi ортасының мүмкіндіктері, жүйенің құрамы,бағдарламалаудың ерекшелітері мен маңызы, Delphi жобаларының негізгі файладары, Delphi кітапханасындағы компоненттердің жиі қолданылатын түрлері, Delphi –ді меңгеріп жұмыс істеу әдісімен қарастырамын. Delphi-дің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптеген қызықты жобаларды жасауға, құруға болады.
Әзірленетін жобаның тақырыбы “Қонақ үй”автоматтандырылған жүйесі.Қазіргі кезде техниканың дамуы,қалаған нәрсеңізді таңдауға болады.Осы жоба қонақ үй жүйесінің жұмысын тиімді ету үшін,яғни тапсырыстарды қабылдау және өңдеу процесі бойынша мәліметтерді сақтау,өзгертуге,қарауға арналған. Жоба барысында тұтынушының қарапайым жұмысына қажетті барлық автоматтандырылған іс-әрекеттер қамтылуы тиіс. Жобада клиентке қызмет көрсету, және де басқа ішкі функциялар қамтылуы тиіс.Осы жүйені қолдану кезінде қонақ үй анықтамаларының жұмыс өнімділігі тез, әрі уақыт шығыны азаяды.
Орындалған жұмыс мақсаты
Бұл бағдарлама қонақ үй бөліміне арналған.
Жұмыстың негізгі мақсаты-қонақ үй жайлы бағдарлама құру. Бағдарламада қонақ үйдегі нөмірлерді таңдау,берілу бағасы, барлық сипаттамаларын көруге болады. Бұл бағдарлама өзіне алынған қонақ үй нөмірлерді және бағасын, ақпарат ретінде шығара алады.
I.Тағайындалу және қолдану аймағы
1.1.Сенімділікке қойылатын талаптар
Бағдарлама толық сенімді функционалды жұмыс жасауы үшін тапсырыс беруші ұйымдық – техникалық шаралардың жиынтығын қамтамасыз ету керек. Олар төмендегідей болады:
- техникалық құралдарға үзіліссіз қоректену көзін ұйымдастыру;
- лиценциялық бағдарламалық қамтуды пайдалану;
- МЕМСТ 51188–98 талаптарының уақыттылы орындалуы.
- Ақпаратты қорғау;
- компьютерлік вирусқа бағдарламалық құралдарды тексеру.
1.1.2 Техникалық құрылғыларға қойылатын талаптар
Сервер қызметін атқаратын дербес компьютер болуы керек. Оның сипаттамалары төмендегідей:
- процессор Intel Core i3–кем емес;
- жедел жады 2 Гигабайт көлемінен кем емес;
- HDD, 500 Гбайт аз емес;
- операционды жүйе Windows 2000 Server , Windows 2003, XP, 7 және Windows 8,Windows 10;
- Microsoft SQL Server 2008.
1.1.3 Бағдарламалық құжатқа қойылатын талаптар
Бағдарламалық құжаттың құрамы келесідей болу керек:
- техникалық тапсырма;
- түсінік хат;
- бағдарламашы басшылығы;
- пайдаланушыға көмек.
II.Техникалық сипаттамалары
2.1.Бағдарламаны құруға тапсырма қойылымы
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі-қолданушыға тиімді, ыңғайлы әрі интерфейсі түсінікті болып табылатын бағдарламаны өңдеу. Бағдарламаға бірнеше беттерден тұрады.
Бағдарламаға кіру беті- есептік жазу және құпия сөз енгізу арқылы жүйеге кіреді.
Бағдарламаға тіркелу беті- есептік жазу болмаған жағдайда, тіркелуге болады.
Негізгі бет- бірнеше бөлімдерден тұрады. Әр бөлімдегі ақпараттар жеке мәлімет қорында
сақталынған.
2.2.Алгоритм сипаттамасы
[pic 1]
[pic 2]
[pic 3]
[pic 4]
[pic 5]
[pic 6]
[pic 7]
[pic 8]
[pic 9]
[pic 10][pic 11][pic 12]
[pic 13][pic 14]
[pic 15]
[pic 16][pic 17]
2.3.Кіріс, шығыс мәліметтерін ұйымдастыру
Бағдарламадағы мәліметтер негізгі екі түрге бөлінеді. Олар кіріс және шығыс мәліметтер. Кіріс мәліметтер дегеніміз кеңейтілуі әртүрлі болатын, яғни бағдарламаға кіретін мәліметтердіайтады, ал шығыс мәліметтер дегеніміз бағдарламадан шығатын мәліметтерді айтуға болады.
...