Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тақырыптық науқастардағы неврологиялық статусты сипаттап науқасты микрокурациялау

Автор:   •  Январь 28, 2019  •  Реферат  •  2,047 Слов (9 Страниц)  •  1,124 Просмотры

Страница 1 из 9

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Факультет: Жалпы медицина

Кафедра: Неврология, психиатрия және наркология

Дисциплина: Неврология

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Тақырыптық науқастардағы неврологиялық статусты сипаттап науқасты микрокурациялау (эпилепсия)

                                                                               Орындаған: Курмангазина Р.              

Тобы: 516Б

                                                                                Тексерген: Утегенова А.Б.

Ақтөбе 2017

Паспорттық бөлім:

Науқастың аты-жөні: Смағұл Әділет

Жасы: 07.07.1997ж (19жаста)

Ұлты: қазақ

Жынысы: ер

Мамандығы:студент

Ауруханаға түскен күні: 10.05.2017

Аурудың мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, 101 атқ.көшесі 5-25

Алғашқы диагноз:Симптоматикалық эпилепсия.

Клиникалық диагноз: Ошақтық ( фокальдық, парциальдық)  симптоматикалық эпилепсия, жай парциалдық ұстамалармен эпилептикалық синдром.

Науқастың шағымдары:

      Жиі бас ауруы, ашуланшақтық, бас айналуы,әлсіздік, құрысулық ұстамалардың жиілеуіне, тәбетінің төмендеуі.

Ауру тарихи (Anamnesis morbi )

      Науқас  өзін  2004 жылдан бері аурумын деп санайды, 2004 ж- құлап, басынан соққы алған, есін жоғалтпаған 2-3 күннен кейін температура ұстамаға ауысқан. Ұстаманың сипаты: Ұзақтығы 5 минуттан аспайды. Аяқ – қолдарының құрысуы, аузынан қызыл көбік, ұстама аяқталғаннан кейін зәрін ұстай алмайды, кейін қатты ұйқы. 2005 жылы қайталамалы ұстамалар болды.  2007 жылы тоникалық сипаттағы ұстамалар, температураға қатыссыз есінің жоғалуы. 2010 жылы Карбамазепин ішуді бастаған. 2015 жылы Карбамазепин ішуді тоқтатқаннан ұстамалар. Ауру көктем айында жиі асқынады. 2 жылдан бері бас ауруы күшейген, 2017 жылы ұстамалар жиілегендіктен, ол медициналық көмек сұрауға мәжбүрлі.  

Өмір тарихы ( Anamnesis vitae)

Науқас 1999 жылы 7 шілдеде Ақтөбе облысында 3-ші бала болып дүниеге келген. 7 жасында мектепке барған, мектепте оқиды. Ана сүтімен қоректенген. Эпидемиологиялық анамнезі:Балалық  шағында ешқандай жұқпалы аурулармен, туберкулезбен, гепатитпен, қызылшамен, тері – венерологиялық аурулармен ауырмаған. Жұқпалы аурулармен қатынаста болмаған.

Бұрын ауырған аурулары 2004 жылы бас – ми жарақаты..

Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ.

Темекі шекпейді, ішімдікті  қабылдамайды.Аллергиялық анамнез:аллергиялық реакциялары жоқ.

Әлеуметтік тұрмыс күйі жақсы, баспана жағдайы және тамақтану ерекшеліктері жақсы. Тұқым қуалаушылық аурулары жоқ.

Науқасты жалпы қарау

Жалпы жағдайы: қанағаттанарлық

Санасы: айқын, бұзылмаған

Төсектегі қалпы: белсенді

Жалпы келбеті: хал – күйі қалыпты,дене тұлғасы гипостеник, күйлілігі қалыпты.

Терінің күйі, шашы, тырнағы, кілегей қабаттары: терінің түсі алқызыл түсті, терінің пигменттенуі, тері серпінділігі мен ылғалдылығы қалыпты. Теріде бөртпелер жоқ. Теріге қан құйылу, терідегі қасыған із, тыртықтар, ойықтар мен жаралар жоқ. Тері түгінің  және тырнақтың күйі қалыпты, алқызыл түсті. Шашы қалыпты. Көзге көрінетін кілегей қабаттары қалыпты түсті, ылғалды, таза.

Лимфа түйіндері: ұлғаймаған.

Тері астында орналасқан ісіктер жоқ.

Дене мүшелерін жекелеп қарау

Басты қарау: басы дұрыс формалы, қалыпты қөлемді. Тісшелер және деформациялар байқалмайды. Бассүйек перкуссиясы ауырсынусыз.  

Бойы 171см,

Салмағы 53 кг,

Тыныс алу жүйесі: тыныс алуы аралас, ТАЖ 18р/мин. Тынысы ритмді. кеуде клеткасы цилиндрлі формалы. Өкпеде екі жағында да везикулярлы тыныс, сырыл жоқ.
Жүрек-қан тамыр жүйесі: жүрек аймағы патологиясыз.  ЖСЖ 72р/мин. АҚҚ 120/80 мм.с.б. жүрек ұшы сол жақ бұған орта сызығы бойынша 5-ші қабырға аралықта 1 см сыртқа. Жүрек шекаралары қалыпты. Жүрек тондары анық, ритмді.
Ас қорыту жүйесі: тілі ылғалды, қабыршақ жоқ. Жұтқыншақ гиперемиясыз, миндалиналар ұлғаймаған. Жұтыну акт қалыпты. Іші  палпацияда жұмсақ, ауырсынусыз.тынысқа симметриялы түрде қатысады. Ішек перистальтикасы қалыпты.іш перкуссиясында тимпанит дыбыс. Бауыр, талақ ұлғаймаған.
     Зәр шығару жүйесі: бүйрек аймағы қалыпты. Қағу симптомы екі жақта теріс мәнді, ісіктер жоқ. Зәр шығаруы еркін ауырсынусыз.

...

Скачать:   txt (26.2 Kb)   pdf (216.2 Kb)   docx (20.7 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club