Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жкз мәлiметтерiн өндеу кезендерi. Ғарыштық суреттерді тақырыптық өңдеу

Автор:   •  Октябрь 21, 2020  •  Реферат  •  1,954 Слов (8 Страниц)  •  661 Просмотры

Страница 1 из 8

ЖҚЗ МӘЛІМЕТТЕРІН ӨҢДЕУ КЕЗЕҢДЕРІ. ҒАРЫШТЫҚ СУРЕТТЕРДІ ТАҚЫРЫПТЫҚ ӨҢДЕУ

Ғарыштық суреттерді тақырыптық өңдеу деп бұл ғарыштық суреттердегі дешифрлеу мен объектілер мен құбылыстарды тану жұмыстарын айтуға болады. Тақырыптық өңдеу әдістеріне: түстік өзгерту, индекстік түсіріс суреті, басты компоненттерді сараптау, спектральды бөлу әдістері, классификация.

RGB жүйесі. Компьютер мониторындағы түстік бейне үш негізгі түсті біріктіру жолы арқылы пайда болады. Негіз ретінде келесі түстер таңдалып алынған, монохроматикалық сәулелену кезіндегі толқын ұзындығы 0,7 мкм (қызыл- R), 0,5461 мкм (жасыл - G), 0,4358 (көк - B). Мұндай ұсынымдағы түстік түсірістер RGB түстік моделі деп аталады . Түрлі түсті бейнелі  файлдағы суретте әр пиксельге үш саннан жазылған, үш негізгі суреттің 0 мен 255 шегі аралығындағы интенсивтілігін білдіретін мәндер жазылады (сурет 1).

[pic 1]

Сурет 1. RGB түстік моделі

Адам көзіне көрінетін кез-келген түс негізгі үш түстің қосындысы арқылы ұсынылады. Егер жарық мәні  R=250, G=0, B=0 берілсе, онда пиксель қызыл түске боялады. Егер жарық мәндері R=G=B өзара тең болған жағдайда пиксель сұр түске боялады. R, G, B түс жарықтығы өзара біркелкі болмаған жағдайда белгілі бір басым түске боялады (сурет 2).

[pic 2]

Сурет. 2. Түстер қосындысының нәтижелері

Егер экран бетіне көп спектрлі түсірістің бір каналының ғана шығаратын болса, онда ол сұр түсті береді. Түрлі – түсті түсіріс суретін алу үшін, көп спектрлі түсіріс суретінің үш каналын бірден ашу қажет (сурет 3).

[pic 3]

Сурет. 3. Түрлі-түсті түсіріс суретінің экран бетінде көрінісі

Түсіріс суреттерін табиғи немесе жалған түстерге бояуға болады. Егер, R, G, B каналдары  суреттің R, G, B каналдарына қойылатын болса сурет табиғи түстер ретінде көрсетіледі (сурет 4), олардың бейнелену жағдайлары кесте 1 көрсетілген. Егер түсіріс суретінің R каналын пиксельдер жарықтығының мәні жоғары сурет каналына, ал G және B каналын пиксельдер жарықтығының мәні төмен каналдарға қоятын болсақ, сурет қызыл түске басым боялады.

[pic 4]

Сурет 4. Түсірістің табиғи түстерге боялу мысалы

Түсіріс суреттерінің түстерін таңдау механизмдері (сурет 5), олардың бейнелену жағдайлары көрсетілген.

[pic 5]

Сурет 5. Түсірістің жалған түстерге боялу мысалы

Объектілердің негіздерін суреттерде табиғи түстер арқылы анықтаған дұрысырақ, ал объектілерді бөлуді және контурлауды жалған түстерге бояу арқылы анықтау тиімді болып келеді. Дұрыс таңдалған түстік шкала операторға визуалды түрде жарықтылығы жағынан аз айырмашылығы бар жартылай тонды суреттерді де дешифрлеуге, объектілерді бөлуге мүмкіндік береді.

Суреттің пиксельдік жарықтылық мәндерін, түсірістің әр түрлі каналдарынан арифметикалық операциялар арқылы есептеу жолымен алған кезде индекстік суреттер пайда болады. Объектілерді көп зоналы түсірістер көмегімен зерттеу кезінде абсолютті мәндер маңызды емес, олардың әр түрлі спектрлік зоналардағы жарық мәндерінің қатынастары маңызды болып келеді.

[pic 6]

Сурет 6. Индекстік түсіріс көрінісі

Егер координаталар остерінің бірі мәндердің таралу жазықтығына параллель, екіншісі ортогональды орналасса онда әрбір осьтің диапазон мәндері максимальды болып келеді, бұл өз кезегінде түсірістің дешифрлену мүмкіндіктерін арттырады.

Кесте 1. Индекстік суреттерді есептеу мысалдары

Индекс атауы

Формуласы

Қолданылуы

Темір оксидінің бар болу индексі

Қызыл түсті каналдағы (R) жарық мәндерінің көк түсті каналдағы (B) жарық мәндеріне қатнасы R/B.

Темір оксидтерінің кен орындарын анықтауда.

Саз балшықты минералдардың бар болуын анықтау индексі

Орта инфрақызыл каналдың жарық мәндері шегінде (ОИК) болатын қатнастар арқылы. . ОИК1/ОИК2

ОИК1 бұл 1,55 пен 1,75 мкм. аралығындағы диапазон. ОИК2 бұл 2,08 бен 2,35 мкм. аралығындағы диапозон.

Саз балшықты минералдардың бар болуын анықтау үшін.

Темір минералдарының бар болуын анықтау индексі

Орта инфрақызыл жарық мәні (ОИК1) каналының жақын инфрақызыл каналының (ЖИК) мәндеріне қатынасы

ОИК1/ЖИК

Темір минералдарының бар болуын анықтау үшін.

Қызыл түстілік индексі (RI)

Минералдардың қызыл (Қ) және жасыл (Ж) диапазондарында қызыл түсті минералдардың шағылыстырғыш қасиеттерінің әр түрлілігіне байланысты

RI=Қ-Ж/Қ+Ж

Топырақ құрамындағы темір оксидтерінің бар болуын анықтау үшін арналған.

Нормаланған дифференциалдық вегетациялық индекс (NDVI)

Өсімдіктердің жапырақтарындағы хлорофилл жақын инфрақызыл (ЖИҚ) диапазонда сәулелерді шағылыстырады, қызыл (Қ) электромагниттік сапектрда жұтады. Бұл екі каналдағы жарық мәндерінің қатынасы өсімдік жамылғысын өзге табиғи объектілерге қарағанда айқын бөліп қарастыруға мүмкіндік береді.

NDVI=(ЖИҚ-Қ)/(ЖИҚ+Қ)

Өсімдік жамылғыларының бар болуын жән жай-күйлерін қарастыруға мүмкіндік береді.

NDVI мәндері -1 мен 1 аралығында өзгеріп отырады.

объекта типі

NDVI

мәні

Қалың өсімдік жамылғысы

0.7

Сирек өсімдік жамылғысы

0.5

Ашық топырақ

0.025

Бұлт

0

Қар мен мұз

-0.05

Су

-0.25

Жасанды материалдар (бетон, асфальт)

-0.5


Кесте 1. (жалғасы) индекстік суреттерді есептеу мысалдары

Нормаланған дифференциалдық қар индексі (NDSI)

NDSI – бұл қардың шағылыстырғыш қасиеттерін қызыл (Қ) және қысқа толқынды инфра қызыл (ҚТИҚ) диапазонда сипаттайтын қатнастық шама.

NDSI=(Қ-ҚТИҚ)/(Қ+ҚТИҚ)

Қармен жабылған аумақтарды анықтауға арналған. Қар үшін NDSI > 0,4.

Су индексі (WI)

WI=0,90мкм/0,97мкм

Гиперспектральды түсірістер көмегімен өсімдіктер құрамындағы суды анықтауға арналған.

...

Скачать:   txt (31.8 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (1.9 Mb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club