Ілияс Жансүгіров- аудармашы
Автор: Diana0003 • Ноябрь 20, 2021 • Контрольная работа • 575 Слов (3 Страниц) • 771 Просмотры
Дәріс № 11. Ілияс Жансүгіров- аудармашы
Жоспар:
1. А.Пушкиннің «Евгений Онегин» романы Ілияс аудармасында.
2. М. Лермонтовтың «Черкестер» поэмасы Ілияс аудармасында.
3. Ілияс Жансүгіров аудармаларының зерттелуі.
А.С. Пушкиннің «Чаадаевқа», «Гүл», «Лилаға», «Тұтқын», «Қара бұлт», «Тұтқын», «Қара бұлт», «Ақынға», «элегия», «Пайғамбар», «Әзәзіл» және т.б. өлеңдерін, «Жебірейілнама», «Евгений Онегин» (1936) поэмаларын қазақ тілінде сөйлетуі. М.Ю.Лермонтовтың «Ақынның өлімі», «Тұрмыс тостағаны», «Қанжар», «Тілек» өлеңі мен «Черкестер» поэмасын, Некрасовтың «Темір жол», «Қызыл тұмсық», «Орина солдат анасы», «Жасыл шу», «Жыр» өлеңдерін, Крыловтың «Жапырақтар мен тамырлар», «Сыншы-ақ» мысалдарын, Державиннің «Сыпайылық», А.М. Горькийдің «Дауылпаз» өлеңдерін аударудағы ізденістері. Ілияс аудармалары жайлы жазылған М. Әуезовтің «Евгений Онегиннің» қазақшасы туралы» («Социалды Қазақстан» газеті, 1936) С. Жамагетовтың «Ақынға алғыс» («Социалистік Қазақстан» газеті, 6 январь 1937ж.), Телжан Шонановтың «Евгениий Онегиннің» аудармалары туралы» («Социалистік Қазақстан» газеті, 8 февраль 1937ж.), Р. Жаманқұловтың «Пушкин шығармасы қазақ тілінде» («Қарағанды пролетариаты» газеті, 15 февраль1937ж.) мақалалары.
Есімдері дүние жүзіне танымал Генрих Гейне («Тоқушылар», «Салауат», «Егіншіге»), Виктор Гюго («Қырғында»), Эжен Потье («Интернационал»), Бальмонт («Түнге»), Ш. Петефи («Иттердің сөзі», «Қасқырдың сөзі») В.Маяковский («Лениншілдер»), Д.Бедный («Соқа мен зеңбірек», «Жан қайла»), татар ақыны Ғ.Тоқай («Тасталған татар қызына», «Күзгі жел»), тәжік ақыны Ғ. Лахути («Иран қызына»), құмық ақыны Манай («Алпыстағы шалдың жиырма бестегі жесір сұлу әйелге жазған хаты»), өзімен замандас ақындар В. Рождественский («Түрксіб»), И.Уткин («Күнбатар»), А.Жаров («Либкнехт», «Қылыштың қиялы жыры»), Н.Тихонов («Гаудан қақпасы»), А.И.Безыменский («Партбилет №224332») А.Крайскийді («Еркін еңбек жасасын») Ілиястың қазақ тілінде сөйлетуі.
...