Науқастың локалды статусын сипаттап жазу. Тақырыптық науқастағы қисықтабанның дәрежесін анықтау
Автор: ardakardak • Октябрь 10, 2018 • Реферат • 1,621 Слов (7 Страниц) • 1,039 Просмотры
РМҚК «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Мамандығы:Жалпы медицина
Пән: Балалар хирургиясы негіздері
Кафедра: Балалар хирургиясы
Курс: 4
Топ: 413А
Тақырыбы:Науқастың локалды статусын сипаттап жазу. Тақырыптық науқастағы қисықтабанның дәрежесін анықтау.
Орындалу түрі: реферат
Орындаған: Тұрлан А.Т.
Тексерген:Баубеков Ж.Т.
Бағасы: _______________________
Қолы: _________________________
Ақтөбе, 2017 жыл
Жоспары:
Өзектілігі
Негізгі бөлім
1.Қисықтабандықтың этиологиясы, патогенезі
2. Жіктелісі, компоненттері
3. Диагностикасы, емі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Өзектілігі
Табанның туа пайда болған деформациялары кең таралған ортопедиялық бұзылыстар болып табылады және ол әр түрлі себептермен шақырылады, осы себептерге байланысты деформациялар туа пайда болған және жүре пайда болған деп бөлінеді, ол өз кезегінде жарақаттан кейінгі (табан сүйектері сынғаннан кейін не сирақ-табан буыны шыққаннан кейін), статикалық (табанның сүйектері, бұлшықеттері және байлам аппаратының әлсіздігінен) және тірек-қимыл аппаратының басқа ауруларының нәтижесінде дамиды.
Қаңқаның барлық туа пайда болған деформацияларының ішінде 65.5% құрайды, 1000 жана туған нәрестенің ішінде 5-10 жағдайда кездеседі. Ұл балаларда қыздарға қарағанда екі есе жиі кездеседі. Екіжақты қисық аяқтылық біржақтыға қарағанда жиі кездеседі. 10% туа пайда болған қисық аяқтығы бар балаларда қосымша сколиоз, қисық мойын және туа пайда болған жамбас буынының шығуы кездеседі. Қисықтабандық басқа туа пайда болған аурулар сияқты туысқандар арасында кездеседі.
Негізгі бөліім
Этиологиясы: негізінен екі теория бар, бірінші теория бойынша ұрықтың біріншілік құрылуының ақауы және генетикалық дефект орын алады. Екінші теория бойынша жатыр ішінде қалыпты дамып келе жатқан ұрыққа сыртқы факторлардың (әсіресе, механикалық) әсері. Эмбриологиялық даму кезеңінде ұрықтың табаны физиологиялық эквиноварус фазасында болады. Эмбриональді дамудың осы фазасында сыртқы факторлардың әсері (жүктліктің 5-6 аптасында) осы патологияның дамуына әкеледі.
[pic 1]
Патогенез;
- Spina bifida кезінде варусты және эквиварусты деформация 35% жағдайда дамиды.
- Фиброз немесе миофиброз (фетальді зерттеу кезінде Ponseti коллаген талшықтарын барлық байламдармен сіңірлерде (ахиллден басқа) едәуәр созылған )
- Т.С.Зацепин: Аяқ деформациялануының негігі факторлары- артқы тізе буынының байлам апаратының қысқарып, жұқаруы, дельта тәрізді байламның қысқаруы, фиксациялайтын таранно-табандық буын.
Туа пайда болған қисықтабандықтың формалары:
- Типті ( 80%)- негізінде байлам, сіңір және бұлшық еттердің дамуының бұзылыстары жатыр
- Атипті (20%)- амниотикалық перетяжка әсерінен, артрогрипоза, қасағы сүйегінің дамуының бұзылыстары.
[pic 2][pic 3]
Қисықтабандылықтың компоненттері
- Компоненті. Балтыр көлемінің кішіреюі
Балтыр трицепсі (икра тәрізді аяқ, камбала тәрізді, табан бұлшық еттері), артқы бұлшық еті, башпай бүгетіндер кішірейіп, формасы өзгерген.
[pic 4]
- ші компоненті
Аяқтың эквинусты орналасуы(фиксацияланған аяқтың балтыр буынының бүгілуі), табан сүйегінің жоғары орналасуы, таранды сүйек бүгілетін жерінде орналасады.
[pic 5]
- ші компоненті
Артқы қабырғасының варусты ауытқуы(табан сүйегінің супинациясы және келтіруі)
...