Тақырыптық науқастардағы неврологиялық статусты сипаттап науқасты микрокурациялау (эпилепсия)
Автор: angelbestow • Апрель 12, 2018 • Реферат • 2,648 Слов (11 Страниц) • 1,694 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: «Тақырыптық науқастардағы неврологиялық статусты сипаттап науқасты микрокурациялау (эпилепсия)»
Факультет: жалпы медицина
Кафедра: неврология, психиатрия және наркология.
Дисциплина: неврология
Орындаған:Бердібай А
Тобы: 501Б
Тексерген: Утегенова А.Б
Ақтөбе 2017жыл
Паспорттық бөлім
Аты, фамилиясы, тегі: Беккерейова Жансұлу
Жасы: 14.10.1995 ж , 21 жаста.
Жынысы: әйел
Мамандығы: студент
Ауруханаға түскен уақыты: 25/10/16
Клиникалық диагнозы: Код МКБ-10 бойынша: G40.6
Криптогенді эпилепсия. Таралымды ұстамалар, тонико-клоникалық құрысумен
Шағымдары: түскен кездегі шағымдары: ұстамалармен байланысты 4 минутқа созылған есінен тану, көз алмаларының жоғары ығысуы, аузынан көбік ағуы, ернін тістеу, бүкіл денесінің дірілдеуі, ұстамадан кейінгі ұйқышылдық, температураның жоғарылауы
Қазіргі шағымдары: әлсіздік, ұйқышылдық
Anamnesis morbi: алғашқы ұстама осы айда болған, себепсіз. Науқас бұл кезде үйінде демалып жатқан. Анасының айтуы бойынша ұстама айқайлаумен басталып, 1 минутқа созылған. Науқас есінен танып, көз алмасының жоғары қарай ығысуы, денесінің барлық бөлігінің дірілдеуі, алдымен аяқ, кейін қолдары. Бірнеше секундтан соң аузынан көпірік шығып, кіші дәретін ұстай алмаған. Науқас ұстама жайлы есіне түсіре алмайды. Ұстамадан кейін айқын білінетін ұйқышылдық болған. Ұстама алдында аура болмаған. 2 аптадан кейін ұстама қайталанып, көз алмасы ығысуымен, тырысумен, ерінді тістеумен, көп мөлшерде сілекей бөлінумен, сананың жоғалуымен көрінген. 3-4 минутқа созылған. Ата- анасы жедел жәрдем шақырып, науқас БСМП-ға жеткізілген.
Anamnesis vitae: науқас 1995 ж. Ақтөбе облысы, Хромтау ауданында дүниеге келген. Отбасында екінші бала, анасы 35 жасында босанған. Анасы осы баласын босану кезінде ешқандай травманың болмағанын айтады. Бала кезінде балабақшаға барған, жұқпалы аурулармен ауырмаған. Мектепке 6 жасында барған, дене шынықтыруға қатысқан. Жоғары оқу орнында 4 курс студенті. Мінезі – эмоциональды тұрақсыз, тұйық. Кейде ашушаң, кейде сылбыр болады. Тұқымқуалаушылық анамнезі: Анасында АГ ІІІ дәрежесі. Эпидемиологиялық анамнезі: туберкулезбен, Боткин ауруы, тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған, контактіде болмаған. Зиянды әдеттері: темекі шегеді 20 жасынан бастап. Аллергоанамнезі: ерекшеліксіз.
Неврологиялық статус: есі анық,психикалық жағдайы: тұрған орны, уақыты, жеке жағдайы бойынша ориентирленген, мінезі тұрақсыз. Көңілі және есі сақталған. Жалпы милық симптомдар: анықталмайды.
Менингиальды симптомдар: шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг, Брудзинский, Бехтерев, Мендель симптомдары анықталмайды. Ошақты неврологиялық симптомдар анықталмайды.
Бас-ми нервтері:
I-жұп нерв-иіс сезу нервісі: иіс сезу сақталған.
II-жұп нерв- көру нервісі: көру өткірлігі оң және сол көзден тексергенде бірдей сақталған, фотореакция сақталған, visus OD = 1; visus OS = 1. Түсті ажырату қабілеті өзгермеген, ахроматопсия және дисхроматопсия байқалмайды. Көру алаңын зерттегенде, көру алаңының тарылуы жоқ, центральды және парацентральды скотомалар және гемианопсия анықталмайды. Көру галлюцинациялары жоқ.
...