Ілияс Жансүгіров әдеби музейінің тарихы
Автор: Aizhan0702 • Май 23, 2019 • Статья • 1,025 Слов (5 Страниц) • 1,035 Просмотры
Ілияс Жансүгіров әдеби музейінің
тарихы.
Музей үйін 1905 – 1907 жылдары бірінші дәрежелі татар көпесі - Бұғыбаев /нағыз фамилиясы – Хайбуллин Рахматулла Хайбуллаұлы/ өзінің жеке меншігіне салдырған. Қажетті құрылыс материалы қарағай ағашы, Қапал өңірінен жеткізілген. Үйдің төбесі қаңылтырмен қапталған. Үйді салуға пайдаланылған шегелері де, қолдан жасалынған. Кезінде қаладағы ең көрікті, бетке ұстар үйлердің бірі болған.
1917 жылға дейін бұл үйде Бұғыбаевтар тұрған. 8 бөлмелі, ұзын /коридоры/ кіре беріс бөлмесі бар.
1917 жылы үйді кәмпескелеген.
1918 жылдары Қызыл-гвардияшы Мамонтов отрядының штабы орналасқан.
1919 – 1920 жылдары Облыстық «Қосшы» /жарлы-жақыбайлар/ одағының уездік бөлімі болған.
1969 – 1974 жылдары облыстық «Октябрь туы» газетінің редакциясы орналасқан.
1974 – 1976 жылдары ауылшаруашылық мал ұрықтандыру лабараториясы болған.
1976 – 1980 жылдары Облыстық өлкетану музейі болған.
1920– 1923 жылдары Облыстық «Қосшы» /жарлы-жақыбайлар/ одағының үйі болғаны, бұл ұйымның белсенді мүшесі Ілиястың өзі екені, оның мұнда жиі келіп жүретіндігі ескеріліп, Жетісу жеріндегі ақынның табаны тиген қасиетті шаңырақ.
1984 жылы І.Жансүгіровтің 90 жылдық мерейтойына арнайы ақын музейі ашылды. Осы ашылу салтанатқа Қазақстан коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев пен сол кездегі Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы, кәзіргі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев музейде болып, қолтаңбаларын қалдырды. Бүгінде облысымыздағы елеулі мәдениет ошағына айналды.
Музейде ақынның қолжазбалар қоры, әр жылдары шығарылған кiтаптары, Iлияс шығармаларын зерттеушiлердiң еңбектерi сақтаулы. Iлиястың өзi және жанұясының кейбiр тұтынған заттары бар.
Ақын музейi алты бөлмеден тұрады:
- бiрiншi бөлме ақынның өскен ортасына;
- екiншi бөлме дүлдүл дарын иесiнiң есею, өсу, азаматтық тұлғасының қалыптасу, қаламының ұштала бастаған іздену жолына;
- үшiншi бөлме жұмыс бөлмесi;
- төртiншi бөлме ақынның басты шығармалары, поэмаларына;
- бесiншi бөлме Ілияс мәңгі есте;
- алтыншы бөлме сұңғыла дарын иесiн үлгi тұтатын, творчествосын жалғастырушы iзбасарлары мен тұстас замандастарына арналған.
1989-2000 жылдары Қоқымова Камила Кәбепқызы музейдің директорлық қызметін атқарды.
2000 жылдан бастап Далбағаев Егеубек Даданбекұлы Ілияс Жансүгіров әдеби музейінің директорлық қызметін атқарып келеді. Е.Д.Далбағаев мәдениет саласында атқарған жемісті еңбегі үшін 2000 жылы Мәдениет жылында «Құрмет» орденімен марапатталды.
2003 жылы облыс әкімінің қамқорлығымен, Е.Д.Далбағаевтың басшылығымен музей үйі кеңейтiліп, қосымша жәдiгерлер қорын сақтайтын бөлме, кiтапхана, мәжiлiс залы салынды.
...