Ізтай Мәмбетов шығармаларының тақырыптық сипаты мен көркемдік өрнектері
Автор: AA1968 • Март 18, 2018 • Реферат • 395 Слов (2 Страниц) • 2,486 Просмотры
Ізтай Мәмбетов шығармаларының тақырыптық сипаты мен көркемдік өрнектері
Қазақ поэзиясына өзіндік жыр жолдарымен үн қосып, өз оқырмандарына жауһардан асыл сыйлаған қазақтың біртуар талантты ақындарының бірі Ізтай Мәмбетовтің поэзия әлемі құлаққа етене жақын, жүрекке жылы, қанша оқысаң да, жалықтырмайтын өлеңдер. Ақынның тағдыры мен шығармашылығына арналған зерттеулер, лирикалық шығармалары, поэмалары және көркем аударма еңбектері жан-жақты.
Ізтай Мәмбетов поэзиясының көркемдік қырын зерттеудегі мақсат: ақын шығармаларындағы көркемдік сыр мен көрнекілік сипат жинаған өлең үлгілерін топтастырып, онда кездесетін айшықтау, ажарлау мен құбылту үлгілерін табу, ақын поэзисына көркемдік тұрғысынан баға беру.
Осы мақсаттарды алға қоя отырып,тақырыпты зерттеуден төмендегідей міндеттер келіп шығады. Ол міндеттер:
–Ізтай Мәмбетов поэзиясының тақырыптық сипатын зерделеу, сыр-сипатын анықтау;
–Ізтай лирикаларын талдау арқылы ақынның тілі, сөз қолданудағы ерекшеліктері мен әдеби тілдің әсемдігі мен әсерлігі, тапқырлығы, поэтикалық тілі, өзіндік даралығын айқындау;
Зерттеу әдістемесі: Ізтай Мәмбетов өлеңдерінің көркемдік шеберлігін әдебиет теориясының қағидаларына ғылыми-теориялық жақтан сүйене отырып, көркемдегіш құралдар: эпитет, теңеу, метафора, метонимия, кейіптеу, аллегория, символ, диалог, ирония көріктеу құралдарын шебер пайдаланғанын көрсету.
Зерттеудің жаңалығы: Ақын поэзиясының көркемдік құпиясын ашу, тұспалдап берілген образдар, көркемдік шеберлігі жағынан сөздердің ерекше әсерге бөленуі. Өлең сөздің көркем қырларын суреттеуі, бейнелеуіндегі тың тұстары.
Ізтай Мәмбетов әдебиетке дауылдата келді. Оның өлеңдерінен оқырмандар ерекше бір лепті, өзгеше мінезді түйсінді. Сондықтан да ақын шығармаларына
...