Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халықаралық стандарттау

Автор:   •  Октябрь 18, 2022  •  Реферат  •  5,069 Слов (21 Страниц)  •  501 Просмотры

Страница 1 из 21

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Халықаралық стандарттау

                                                                             

                                                                                       Орындаған:.

                                                                                       Тексерген: 

Алматы 2022

Мазмұны

Кіріспе        3

1. Стандарттау мәні        5

2. Халықаралық стандарттау        9

2.1. Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйым (ISO)        10

2.2. Халықаралық электротехникалық комиссия        14

2.3.  БҰҰ – ның  Еуропалык экономикалық комиссиясы        14

2.4. Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық кеңес        15

3. ИСО стандарттарын әзірлеу тәртібі        16

Қорытынды        19

Қолданылған әдебиеттер        20

Кіріспе

Стандарттау – бұл келісімді бағаға сәйкес сапалы тауарларды алушы тұтынушылар құқығын, сонымен бірге еңбек қауіпсіздігіне және ыңғайлығына деген құқықты қамтамасыз ететін талаптар, нормалар, ереже және сипаттамаларды әзірлеуге және бекітуге бағытталған қызмет.

Стандарттаудың негізгі мақсаты - іс-əрекеттегі, жоспарланған жəне болашақ міндеттерді шешу үшін орнатылған ережелерді, талаптарды кең жəне көп мəрте қолдану арқылы бірнемесе бірнеше салада тəртіптілікті қолайлы деңгейіге қол жеткізу болып келеді. Стандарттау жұмысының нәтижесі өнімнің, қызметтің, үрдістің функционалдық қызметіне сәйкестігі, халықаралық саудағы техникалық кедергілерді жою, ғылыми – техникалық прогреске үлес қосу және түрлі салаларда әріптес болу.

Стандарт – уәкілетті органмен көзделген тәртіппен бекітілген көп мәрте және ерікті түрде пайдалану мақсатын техникалық реттеу объектілеріне ережелерді жалпы принциптері мен сипаттамаларды белгілейтін құжат. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге бағытталады.

Стандарттар əрекет  жасау  саласына  байланысты мынандай  категорияларға  бөлінеді: мемлекеттік,салалық, жəне кəсіпорындық.

Мемлекеттік  стандарттар (МЕМСТ) –  бұл, ведомстволық  бағыныштылығына тəуелсіз, барлық кəсіпорындар, ұйымдар жəне мекемелер үшін міндетті құжат.

Салалық  стандарттар (ОСТ) –  берілген  министрлікке  бекітілген,  нақты  өнімнің салалық  өндірісі  мен  қолданылуына, біртипті  өнімдер  тобына  əзірленеді. Салалық стандарттау  мемлекеттік  стандартта  қарастырылмайтын  өнімдерге  белгіленеді. Салалық стандарттар  шығарылатын  өнім  түрлері  бойынша  жетекші  болатын  министрліктер  мен ведомстволармен бекітіледі. Бұл стандарттардың шартты белгісінде ОСТ аббревиатурасынан кейін жетекші министрлікпен белгіленген нөмір көрсетіледі.

Кəсіпорын  стандарттары (СТП) – нақты  кəсіпорын  үшін  ғана  міндетті  жəне  сол кəсіпорынның  жетекшілерімен  бекітіледі. Кəсіпорын  стандарты  осы  кəсіпорында қолданылатын технологиялық ережелер мен нормаларға, шала өнімдерге, құрал – жарақтарға əзірленеді, дайын өнім кəсіпорынның стандарттау объектісі бола алмайды.

Стандарттарды  қолдану  өнімнің  сапасын  жақсартуға, өзара  ауыстырушылық  пен үйлестіру деңгейін  жоғарылатуға, өндірістер  мен процестерді автоматтандыруды  дамытуға, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалану мен жөндеудің өсуіне ықпал етеді.

Стандарттаудың негізі Еуропаның дамыған елдерінде XIX ғасырдың басындағы өнеркәсіп революциясы кезінде қаланған. Үлкен фабрикалар мен зауыттардың пайдан болуы және олардың көп көлемде тауарлар шығаруы дайын өнімді белгілі бір өлшемдік ретке келтіруді, тауарларды бір нұсқамен шығаруды, тауарлардың өзара алмастырушылық қасиеттерге ие болуын талап етті.

       Халықаралық стандарттаудың негізі 1875 жылы Парижде 17 елдің Халықаралық метриялық конвенцияны қабылдауы арқылы қаланды.

      1901 жылы Англияда Стандарт комитеті құрылды және оның негізгі міндеті Британ империясының экономикалық жағдайын жақсарту болды.

...

Скачать:   txt (72.5 Kb)   pdf (185.8 Kb)   docx (31.7 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club