Халықаралық талапқа сай кәсіпорынның сапа жүйесінің қалыптасуының тиімділігі
Автор: Zhanarka • Апрель 10, 2021 • Курсовая работа • 7,908 Слов (32 Страниц) • 325 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе | 3 |
1 Сапа менеджмент жүйесі | |
1.1 Кәсіпорынға сапа менеджмент жүйесін енгізу | |
1.2 Сапа менеджмент жүйесін тұрғызылу кезеңдері | |
2 Кәсіпорында сапа жүйесінің қалыптасуы | |
2.1 «SIMEX LTD» ЖШС кәсіпорыны және СМЖ-сін іске асыруының негізгі мақсаты | |
2.2 "SIMEX LTD" ЖШС -ның сапа саласындағы саясаты | |
2.3 "SIMEX LTD" ЖШС -ның сапа жүйесінің қалыптасуы | |
3 Халықаралық талапқа сай кәсіпорынның сапа жүйесінің қалыптасуының тиімділігі | |
Қорытынды | |
Пайдаланылған әдебиеттер |
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмыстың өзектілігі. Қазіргі жағдайда жоғары сапалы өнім - бұл кәсіпорындардың табысқа жетуінің, олардың бәсекеге қабілеттілігін және экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі. Әрбір кәсіпорында өнімнің сапасын жақсарту, бәсекеге қабілеттіліктің маңызды шарты, нақты және негізделген сапа менеджменті бағдарламасын жасау үшін егжей-тегжейлі жоспар болуы керек. Нарықтағы қатаң бәсекелестік жағдайында өндіруші әлемдік тәжірибеде жасалған барлық құралдарды қолдана отырып, өз өнімінің тұрақты сапасына қол жеткізуге тырысады.Соның бірі - сапа менеджменті жүйесі, ол кәсіпорын қызметінің барлық аспектілерін жан-жақты қамтиды және бүкіл әлемде кең таралуы мен танылуына ие болды. Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) сапа саясатының мақсаттарын қалыптастыру және жүзеге асырумен байланысты кәсіпорынның жалпы басқару функциясының бөлігі болып табылады.
Сапа менеджментінің жүйесі - әлем мойындаған және кез-келген ұйымды басқару құрудың тиімді құралы. Бүгінгі таңда Сапа менеджменті жүйесін ИСО 9000:2000 сериялы халықаралық стандарттар талабына сәйкестендіріп жасау және сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.[1]
Қазіргі кезде қосалқы фактордан алынған сапа кәсіпорындардың табысты жұмыс істеуі мен жалпы ел экономикасын қалпына келтірудің маңызды шартына айналуда. Сондықтан, қаншалықты қиын болса да, бірақ нарықтық жағдайда өмір сүру үшін кәсіпорындарға өнімнің қажетті сапасын қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді үнемі шешуге тура келеді.
Сапаны қамтамасыз ету әрқашан өнім шығару мен қызмет көрсету кезінде кездесетін ең қиын міндеттердің бірі болғандығына және болып қала беретіндігінде. Кәсіпорында ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттардың ережелерін енгізу және іске асыру осы мәселені ойдағыдай шешудің тиімді құралы болып табылады. Олар кепілдендірілген сапа деңгейінің дәлелденген стандартталған элементтерін және сапа жүйесін құруға арналған ұсыныстарды ғана баяндайды.Аталған мәселелердің өзектілігі мен көкейкестілігі
зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Халықаралық талапқа сай кәсіпорынның сапа жүйесінің қалыптасуы» - деп таңдауға себеп болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Халықаралық талапқа сай кәсіпорынның сапа жүйесінің қалыптасуын талдап,тиімді жолдарын қарасытру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Кәсіпорынға сапа менеджмент жүйесін енгізу тәртібін қарастыру;
- Сапа менеджмент жүйесін тұрғызылу кезеңдерін анықтау;
- «SIMEX LTD» ЖШС кәсіпорынына шолу және СМЖ-сін іске асыруының негізгі мақсатын айқындау;
- "SIMEX LTD" ЖШС -ның сапа саласындағы саясаты мен сапа жүйесінің қалыптасуын талдау
- Халықаралық талапқа сай кәсіпорынның сапа жүйесінің қалыптасуының тиімділігін аныұтау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, Халықаралық талапқа сай кәсіпорынның сапа жүйесінің қалыптасуының тиімді жолы анықталса, онда, ол кәсіпорынның қызмет көрсету тиімділігін және сапасын жоғарылатуына, қоғамдық сенуі дәрежесін, қызмет процесстерін стандарттауына, қабылданған шешімдерінің сапасына кепіл беруіне және ашық етуіне қамтамасыз етеді.
...