Шұбат дайындау технологиясы
Автор: G1967 • Февраль 23, 2023 • Практическая работа • 3,865 Слов (16 Страниц) • 227 Просмотры
БИЗНЕС ЖОСПАР
Тақырыбы: «Шұбат дайындау технологиясы»
Орал 2022
Жоспар[pic 1]
Кіріспе................................................................................................... | 3 | |
1. | Негізгі бөлім......................................................................................... | 5 |
1.1. | Жобаның түйіндемесі.......................................................................... | 5 |
1.2. | Компанияның сипаттамасы................................................................. | 7 |
1.3. | Өнімнің сипаттамасы........................................................................... | 8 |
1.4. | Маркетингтік жоспар........................................................................... | 9 |
1.5. | Өндірістік жоспар................................................................................. | 11 |
1.6. | Нарықты талдау, бәсекелестік деңгейін бағалау............................... | 14 |
1.7. | Ұйымдастару, басқару және құрам.................................................... | 14 |
1.8. | Қаржылық жоспар................................................................................ | 16 |
1.9. | Тәуекелді бағалау................................................................................. | 17 |
1.10. | Инвеститциялық жоспар(SWОT-талдау............................................ | 18 |
Қорытынды........................................................................................... | 19 | |
Пайдаланылған әдебиет....................................................................... | 20 |
.
[pic 2][pic 3]
Кіріспе
Қазақстан Республикасында түйе шаруашылығы шөлді және шөлейтті климаттық жағдаларға басқа мал шаруашылығына қарағанда тиімді сала болып табылады. Түйе шаруашылығымен айналысатын аймақтарға: Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы облыстары. Жатады.[1]
Түйе біздің Маңғыстау облысының табиғатына сай түлік. Оны он екі ай қорада ұсталмайды. Сондықтан түйе өз азығын шөлді жерде жүрсе де табады. Ал оның сүтіне бола табын иелері қорада ұстап, жем – шөппен азықтандырып отырмайды.
Түйе сүті – шұбат және басқада сүт өнімдері секілді дәрумендерге бай, атап айтқанда С дәруменіне бай, бұл иммунитетке жақсы әсер етеді. Түйе сүтінде ақуыз концентрациясы мол болады. Ең бастысы түйе малы ауруларға шалдықпауы қажет.
Қазіргі таңда ағзаға қажетті калорияны беретін бір тостақ шұбат қымбаттап барады. Бұл күнде қолжетімді бағада шұбатты іздеп таппайсыз. Есесіне алыпсатарлар су қосып, қымыранды шұбат деп қымбат бағаға сатып жүр. Елімізде болған соңғы жағдайларға байланысты яғни, карантиннің әсерінен шұбаттың бағасы шарықтап кеткен. Осыған орай біз халыққа қолжетімді және тиімді шұбат өндіреміз.
Шұбат – түйеден өндірілетін бұл сусын қазақ асханасында кеңінен қолданылады. Шұбат түйенің сүтін ашыту арқылы дайындалатын сусын. Өзінің биологиялық құрамының арқасында ол тек нәрлі және дәмді азық қана емес, сондай-ақ А, В1, В2, С витаминдеріндерге бай. Мысалы, В1, В2 витаминдері бойынша түйе сүті сиыр сүтінен асып түседі. Шұбаттың бір литрі адам организмінің С витаминіне және рибофлавиніне тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыра алады. Айранға қарағанда шұбат майға, ақуызға, кейбір минералды заттарға, витаминдерге өте бай. [2, 3]
...