Құрама жемді дайындау қауіпсіздігі және технологиясы, химиялық құрамы мен қоректілігі
Автор: BOSS FF • Октябрь 8, 2021 • Реферат • 2,335 Слов (10 Страниц) • 658 Просмотры
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Құрама жемді дайындау қауіпсіздігі және технологиясы, химиялық құрамы мен қоректілігі
Орындаған:Тұрғанғали Бақдәулет
Топ:ВС-316
Қабылдаған:Ұзынтлеуова А.Д
Алматы 2021
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мал шаруашылығы еліміздің халқын сапасы жоғары азықпен, өнеркәсіпті
шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының ең маңызды сапасы. Еліміздің ауыл шаруашылығынан алынатын барлық ½ бөлігі малдан өндіріледі. Ауыл шаруашылығы жерінің ⅘ бөлігінен астамы, акционерлік қоғам мен шағын фермерлердің өндірістік қорының ⅔ бөлігі мал шаруашылығының қажетіне пайдаланылады, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін барлық қызметкердің жартысынан астамы осы салада еңбек етеді. Басқа шаруашылық малдарына қарағанда шошқа өсімтал, тез жетіледі, яғни 114 тәулік (3 ай, 3 апта, 3 тәулік) буаздықтан кейін әр мегежін орташа 10-12 торай тауып, олар 7-8 айлығында 110-120 килограмға жетіп қосылған әр 1 кг салмаққа не бәрі 4-6 азық өлшемі жұмсалғандықтан шошқадан жыл бойында мол да арзан ет өндіріледі.
Мал өсірушілердің еңбегі бұрынғыдан да гөрі назар аудартады, күрделі механизмдер, жабдықтар мен автоматтарда жұмыс істеу үшін үлкен білім мен техникаға машықтануды талап етеді, сөйтіп ол индустриялық еңбектің түріне айналады. Мал түлектерінің өнімділігі бір жағынан оның нәсілдік, тұқымдық қасиеттеріне негізделген болса, екінші жағынан сол қасиеттерін дамытып іске асыратындай қолайлы факторларының ішінде оның дамып, жоғары өнімдік қасиеттерін баянды етуіне ең күшті әсер ететін жағдай қоректену болып табылады. Малды азықтандыру – олардың қоректенуін ғылыми түрде ұйымдастыру. Малды дұрыс азықтандыру арқылы организімдегі морфологиялық және функционалдық өзгерістерді бағыттап отыруға болады. Шаруашылық дамып, ондағы өндіріс технологиясы күрделенген сайын, малды дұрыс азықтандыруға қойылатын талап деңгейі де жоғарылай түседі. Ол талаптың орындалуын білімді мамандар ғана азық қоректілігін мал түлектерінің ас қорыту ерекшеліктеріне орай қолдана отырып шешеді.
II. Негізгі бөлім
Құрама жемнің қысқаша сипаттамасы және жіктелуі
Құрама жем - деп ғылыми негізіделген рецепттер бойынша өндірілетін және жануарлардың құнарлы қоректенуін қамтамасыз ететін, әртүрлі құрама заттар мен микроқоспалардың қажетті ірілікке дейін ұзақталған және тазартылған күрделі біртекті қосындыларды атайды. Құрама жем өндірудің құңдылығы тағамдық, ұн-жармалық, ет-сүттік және балық өңдеу өнеркәсібінің әртүрлі өнімдерінің қалдықтарын рационалды қолдануға мүмкіндік беруімен сипаттталады. Құрама жем зауыттары келесі өнімдерді өндіреді: жемдік қосындылар, құрама жем-концентраттарды, толық рационды құрама жемдерді, премикстерді, карбамидті конценттарттарды және т.б. Жемдік қосындылар жануарларды қоректендіруде қолданылатын жемдік заттардан тұратын, бірақ қоректік заттардың толық тобы болмайтын біртекті өнім. Бірақ бұл қоспалар жеке қоректендіруде қолданылатын компоненттерге қарағанда құңды. Сонымен қатар шикізаттың жануарлардың белгілі бір түрі мен тобына лайықты ірілікке дейін ұсақталу нәтижесінде олардың сіңімділігі жоғары болады. Құрама жем-концентраттар. Бұл құрама жемде протеин, минералдық заттар және микроқоспалар құрамы жоғары болады, сондықтан оларды жануарларды биологиялық құнарлы қоректендіруді қамтамасыз ету үшін қолданады. Толық рационды құрама жем. Белгілі бір жануар түрінің құнарлы минералдық және биологиялық белсенді заттарға қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Оны қолдану кезінде басқа жемдік затарды қосу талап етілмейді. Ақуызды-дәруменді қоспалар. Жоғары ақуызды және минералдық жемдік заттар мен микроқоспалардың белгілі бір күйге дейін ұсақталған біртекті қосындысы. Оларды ғылыми негізделген рецепт бойынша дайындайды және азықтық құңдылықты көтеру үшін құрама жемге қосады. Премикстер. Толықтырғыш (мысалы, ұсақ кебектер) пен биологиялық белсенді заттардың (дәрумендер, антибиотиктер, микроэлементтер) біртекті жоғары дисперсті қосындысы. Оларды құрама жемге 1% дейін енгізеді және арнайы тізбектерде дайындайды. Карбамидті концентрат. Тек қана ересек күйіс қайыратын жануарларға арналған құрама жем құрамында қолданады. Карбамидтен, ұсақталған дәннен және бентониттен тұрады. Оны экструдерде алады, нәтижесінде карбамид дәндік компонентпен және бентонитпен физикалық байланысады. Алынған тығыз құрылымды қажетті ірілікке дейін ұсақтап және құрама жемге қосады. Карбамид күйіс қайыратын жануарларда ақуыздың бір бөлігін ауыстырады. Күйіс қайыратын жануарлардың қарын сөлдері және микроағзалармен бөлінетін ферменттер әсерінен ол аммиак пен көміртек диоксидіне ыдырап, содан кейін бұл қосылыстар жануарлар жақсы сіңіретін бактериалды ақуызға синтезделеді. Бірақ күйіс қайыратын жануарларға концентратты құрама жемге қатаң түрде шектеулі мөлшерде енгізеді. 41 Карбамидті концентрат негізіндегі ақуызды-дәруменді қоспалар. Кебектің карбамидті концентратын, ас тұзын, премиксті және басқа конпоненттреді талап етілетін ірілікке дейін ұсақталған біртекті қосынды. Бекітілген рецепттер бойынша өндірілетін қосындыны күйіс қайыратын жануарларға арналған құрама жемдер мен жемдік қосындылар өндіру үшін қолданады.
...