Мұнай өндірудің техникасы мен технологиясы
Автор: m.kuanyshkali • Февраль 24, 2018 • Курсовая работа • 3,542 Слов (15 Страниц) • 1,888 Просмотры
КІРІСПЕ
Мұнай - көмір сутектердің күрделі (негізінен парафинді және нафтенді, аз дәрежеде-ароматты) қоспасы. Әр түрлі кен орындарында мұнайдың көмірсутектік құрамы түрліше өзгеріп отырады. Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі. Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.
Қазір «Қара алтын» деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болды. Мұнайдың, ал ертеректе оны «тас майы» деп атаған, болашағы зор екенін болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. «Жер қойнауында тереңнен орналасқан шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып, саңылаулар арқылы ағады… Бұл дегеніміз – сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы – мұнайдың негізі…», – деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов.
- ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
- Мұнай өндірудің техникасы мен технологиясы
Өндіріс орынындағы технологиялық жасап шығару көрсеткіші өнімдік пласт және пласттық флюидтерге тікелей байланысты.
Технологиялық көрсеткіштерді есептеу әрбір жеке объект үшін бөлек, әрі өндіріс орны үшін екі түрлі тәсілмен есептеледі.Бірінші тәсіл бойынша, мұнайды өндіріп алу ШГН бойынша жүргізіледі. Бұл тәсіл бойынша есептеу сызбада көрсетілген нұсқамен салыстыру үшін ыңғайлы. Әрбір I-объект үшін винттік сорғы қолданылады.
Жоғарыда айтылғандай, 2 тәсіл бойынша технологиялық көрсеткіштер жазылып алынады:
1-тәсіл. Мұнай өндірудің максималды деңгейі көлем қатынасында 95,74 мың тоннаға тең. Келісім бойынша берілген уақыт аралығында 1294,95 мың тонна немесе бастапқы берілген мөлшердің 78,2 % игерілуі тиіс. Мұнай игері коэффициенті бұл кезде 0,266 –ны құрайды.
2-тәсіл. Мұнай өндірудің максималды деңгейі көлем қатынасында 115,09 мың. тоннаға тең. Келісім бойынша қысқа мерзімде берілген мөлшердің 6,95 %-ы игерілуі тиіс. Бұл мерзімде игерілген мұнай қоры 1541,41 мың тонна, немесе 93,1% болып табылады. Мұнай игеру кожффициенті бұл жағдайда 0,317-ге тең болады.
Екі жағдайда да скважиналардың жалпы қоры 86-ті құрайды, бірінші объектке – 54 дана, екінші объектке – 32 дана.Жаңадан қосылған скважиналардың жұмыс істеу уақыты 175 күн болып табылады. Сондағы жұмыс істелу коэффициенті 0,92 болып табылады.
Барлық проектілі скважиналардың тереңдігі 600м болып қабылданған. Бұл тереңірек жатқан қорды әрі қарай зерттеуге ыңғайлы болу үшін қарастырылған.Қосалқы скважиналар саны 10-12 болып табылады.
Игеру орындарындағы ақпараттарға сүйенсек, мұнайды өндірудің ең негізгі тәсілі – штангалық терең насос арқылы жұмыс істейтін механизм. Жоғары шырышты мұнаймен жұмыс тәжірибесі арқылы, жанама сулардың өндірістің алғашқы сатысынан бастап пайда болатынын және осы салдардан мұнай үлесінің тез төмендеуін айта кетуге болады. Сондықтан үрдіс басталмай тұрып, скважинадағы су деңгейін қалыптағы деңгейге жетуін қадағалау керек.
...