Әрлеу жұмыстарының технологиясы
Автор: Ainura9898 • Март 10, 2018 • Реферат • 1,072 Слов (5 Страниц) • 4,089 Просмотры
Жоспар
1.Әрлеу жабуларының міндеті мен түрлері.
2.Сылақ міндеті және түрлері.
3.Сылаққа беттерді дайындау.
4.Сәндік және арнайы сылақтармен әрлеу.
Әрлеу жұмыстарының технологиясы
Әрлеу жұмыстары — үйлер мен ғимараттардың сақталу мерзімін арттыру, санитарлық-гигиеналық және әсемдік сапасын жақсарту мақсатымен орындалатын жұмыстар жиынтығы. Оған сылау, сырлау, түсқағазбен қаптау, әйнек салу, еден төсеу, әшекейлеу т.б. жұмыстар жатады. Ұзақтығы мен құнын азайту үшін әрлеу жұмыстарының көпшілігі механикаландырылған, ал кейбіреуі заттарда, ірі өлшемді құрама элементтер мен құрылғыларды дайындау кезінде орындалады.
Әрлеу жабуларының міндеті мен түрлеріне әрлеу жабуларын жасау үймереттер мен ғимараттар тұрғызудың соңғы кезеңі болады. Олардың міндеті — үймеретке немесе ғимаратка аяқталған түр беру болады. Әрлеудің техникалық міндеті ең алдымен түзілістердің қоршаған ортаның өзара байланысымен анықталады. Әрлеу жабулары түзілістерді дымқылдану, коррозия, механикалық бүлдіру әсерлерінен қорғайды. Олар және де бөлмелердің акустикалық қасиеттерін, олардың инсоляциясын, ауа алмасуын беруі мүмкін.
Әрлеу жұмыстары технологиялық белгілері бойынша сылақ, қаптау, майлау,түсқағаз, әйнек және еден салуға бөлінеді.
Сылақ міндеті және түрлері.
Сылақ — құрылыс түзілістерін әдемілейтін және кейбір жағдайда арнайы міндет атқаратын олардың бетіндегі жасанды тастың қабаты. Осы бет қабаты құрылыс ерітінділерінен жасалған жағдайда сылақты «сулы» немесе тұтас деп атайды. Табақ материалдарынан зауыдта жасалған сыртқы әрлеу қабатын «құрғақ» сылақ деп атайды. Бұл бағыттың дамуы объект тұрғызудың еңбек шығындарын азайту үшін тсозымды материалдарды өңдеумен байланысты процестерді құрылыс алаңынан зауыд жағдайына көшіру талабымен түсіндіріледі. Тұтас сылақтың атқаратын міндеті, орындау сапасы, ерітінді байланыстырғыш түрі және қондыру технологиясы бойынша өзгешеленеді.
Кәдімгі сылақ. Мұндай жабу жалғыз-ақ мақсатпен — астыңғы негіздің ақауларын жасыруға жасалады. Осындай сылақтардың беті тегіс және жатық болады.Дағдыдағыдай кәдімгі сылақ міндетті іс атқаратын жеке қабаттармен қондырылады.
Бүркеу — жабу мен әрленетін беттің тұтасуын қамтамасыз ететін сылақ жабуының бірінші қабаты. Сондықтан бүрку үшін көбінесе жылжымалы ерітінді (конус отыруы 9— 14 см) қолданады. Бүрку қабатының қалыңдығы әк және әк-гипс ерітіндісінде — 6 мм, цемент ерітіндісінде — 5 мм-ден аспайды. Бүрку беті тегістелмейді, кедір-бұдырлы болып қалады.
Грунт — жабудың қажетті калыңдығын жасайтын сылақ жабуының екінші қабаты. Егер әрленетін түзілістің ақаулары едәуір, ал сылақ сапасына қойылған талап жоғары болса сылақтың қажетті қалыңдығы үлкейеді және грунт бірнеше қабатпен қондырылады. Әр қабаттың қалыңдығын оның бетте қалқымайтын тұрақтылығын қамтамасыз ететін шартқа сүйене отырып алу керек: ок-гипс ерітінділерінде — 7 мм-ге дейін және цемент ерітінділерінде — 5 мм-ге дейін.
Жамылғы — қондыру мақсаты әрленетін бетті бояуға дайындау болатын сылақжабуының үшінші қабаты. Қабаттың жеткілікті қалыңдығы 2 мм болу керек, себебі бұл қабат кейде механикаланған ысқылауға ұшырайды, сондықтан жамылғы қабатының ерітіндісі біркелкі, жақсы араластырылған болуы және 1,2 мм артық толтырғыштары болмау керек.
Сылақ жұмыстарының түрлері
Кәдімгі сылақ орындау сапасы бойынша жай — тұруға міндеттелмеген бөлмелер үшін (үй асты, қоймалар және т. б.), жақсартылған — азаматтық және өнеркәсіптік құрылысының үймереттері үшін, жоғары сапалы — қоғамдық және жеке жобалармен тұрғызатын үймереттерде.
Жай сылақ дағдыдағыдай жалпы қалыңдығы 12 мм-ге дейін ерітіндінің екі қабаты— бүрку және грунттан тұрады. Грунттың үстінгі қабаты өрлеусіз тегістеледі. Жақсартылған сылақ жалпы калыңдығы 15 мм-ге дейін ерітіндінің үш қабаты — бүрку, грунт, жамылғыдан тұрады.
...