Биогенді стимуляторлар, олардың қасиеттері және алу жағдайлары. Жас өсімдіктерден алынатын препараттар
Автор: kanagat.zhak • Февраль 9, 2018 • Реферат • 2,143 Слов (9 Страниц) • 5,056 Просмотры
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Дәрілер технологиясы кафедрасы
Реферат
Кредит №1
Тақырыбы:«Биогенді стимуляторлар, олардың қасиеттері және алу жағдайлары. Жас өсімдіктерден алынатын препараттар.»
Орындаған: Рыскул К.
Тобы: 501 Б ФК
Қабылдаған: Жузенова Г.А.
Шымкент 2017 ж.
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Өсімдік текті биогендік препараттар.
- Емдік саз балшық препараттары.
- Жануар текті биостимуляторлар.
- Жас өсімдіктер препараттары.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Биогенді стимуляторлар – оқшауланған жануарлар және өсімдік тіндерінде олардың өмір сүруге қолайсыз жағдайларға түскен кезде пайда болатын заттар. Қолайсыз жағдайлар болып жануарлар тіндері үшін төмен (+2-4ºC) температура, ал өсімдік шикізаты үшін – төмен температура және қараңғылық. Осындай жағдайда тіндердің ұлпаларында биохимиялық өзгерістер жүреді, нәтижесінде өмір сүруге қажетті процестерге қолдау жасайтын белсенді заттар түзіліп, жинақталады. Мұндағы заттардың пайда болуын тіндердің орта жағдайына бейімделуі нәтижесі деп қарастырады.
Осы саладағы алғашқы зерттеулерді ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында академик В.И.Филатов жүргізген болатын және осы топтағы заттарды биогенді стимуляторлар деп атауды ұсынған.
Биогенді стимуляторлардың түрлік және гистологиялық айрықша белгілері болмайды, әртүрлі жануарлар мен өсімдік тіндері бірдей жағдайларда әртүрлі заттар түзеді және жинақтайды. Биогенді стимуляторлар құрамына ароматты қатардағы қышқылдар, қанықпаған ароматты қосылыстар, шектелмеген дикарбон қышқылдары кіреді. Биогенді стимуляторлардың химиясы әлі толық зерттелген жоқ. Олар заттардың күрделі комплексі болып табылады.
Биогенді стимуляторлардың бірқатар ортақ қасиеттері бар:
- олар суда ериді;
- су буымен жартылай айдалады;
- жоғарғы температура әсеріне төзімді (120 ºC температурада стерилизацияға шыдамды).
Өсімдік текті биогендік препараттар
Алоэ сұйық экстракты (Extractum Aloes fluidum) биостимуляцияланған ағаш тәріздес алоэ жапырақтарынан алынады. Тері сыртындағы іріңді жара, күйік, қағынған жараларға өсімдіктің жапырағы мен сөлін қолданады. Көздің де әр түрлі жұқпалы аурулары үшін қолданылады. Сонымен қатар демікпеде, асқазан ойық жарасында, асқазан ауруларына қарсы қолданады. Кейбір шырындарға қосады. Алоэның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Оны Египетте, кейін Индияда, Италия, Грецияда сыртқы күйіктерге арнап қолданды. Орыс медицинасында жапырақ сөлін жүйке ауруларын, бас ауруы т.б. сырқат үшін, бал мен борсық майын қосып туберкулезді емдейді.
Іш тәнге қолдануға 100 мл-ден флакондарда шығарады.
Иньекцияға арналған препарат алу үшін мөлдір экстракты (pH 5,0–6,8) 1 мл-ден ампулаларға құйып, 120 ºС температурада 1 сағат стерильдейді. Жарықтан қорғалған жерде сақтайды.
Алу жағдайлары
- Биостимуляциялау үшін алоэ жапырақтарын қараңғы жерде 4-8ºС температурада 10-12 күн сақтайды.
- Сонан соң оларды жуып, кептіріп, тісшелерінен, сарғайған шеттерінен ажыратып, біліктерге ұнтақтайды.
- Алынған қоймалжың массаға тазартылған судың 3 бөлігін құйып, бөлме температурасында жібітіп қояды.
- Осыдан кейін 2 сағаттан соң тұндырғыштағы қоспаны қыздырады, 1-2 минут қайнатады және фильтрлейді.
- Фильтратты салқындатады, көлемін өлшейді және оның тотықтануын анықтайды.
- Фильтрат үлгісін 0,01 н. калий перманганаты ерітіндісмен күкірт қышқылының катысуында титрлейді.
- Талдау нәтижесі бойынша фильтратты оның тотықтануы 1 л фильтратта 1500 мг оттегі болатындай етіп, сумен сұйылтады.
- Содан соң 1 л фильтратқа 7 г натрий хлоридін қосып, 2 минут қайнатады және фильтрлейді.
- Сулы экстракт – ашық сары түстен қызғылт сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.
Биосед (Biosedum) биостимуляцияланған үлкен боз кілем (Sedum maximum L.Suter) жас шөбінен дайындалатын сулы экстракт.
Офтальмология, терапия, хирургия және стоматологияда тін регенерациясын және алмасу процестерін стимуляциялаушы қосалқы зат ретінде қолданылады.
...