Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алматы қаласының су нысандарының сапасы және экологиялық жағдайы

Автор:   •  Февраль 15, 2018  •  Дипломная работа  •  6,708 Слов (27 Страниц)  •  2,378 Просмотры

Страница 1 из 27

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Алматы қаласының су нысандарының  сапасы және экологиялық жағдайы

МАЗМҰНЫ

   КІРІСПЕ

6

2 ЗЕРТТЕУ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ  

28

2.1 Алматы қаласының климаттық және физикалық-географиялық  жағдайы

28

2.2 Алматы қаласында таралған өзендердің физикалық-географиялық сипаттамасы

31

3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

35

3.1 Зерттеу нысаны және әдістері

35

4  ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

42

4.1  Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Есентай өзендерінің су сапасының гидрохимиялық көрсеткіштері

42

4.2  Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Есентай өзендерінің суларының ластану индексі  

49

ҚОРЫТЫНДЫ

57

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

58

        

        

         


КІРІСПЕ

Қазіргі таңда су нысандарының ластануы өзекті проблема болып табылады, өйткені барлығына мәлім ақиқат «Су – өмірдің көзі». Алайда, адамзат су нысандарын пайдалануда түсірілістер мен қалдықтарды тастау арқылы судың табиғи режимін қайтарылмастай етіп бұзуда.

Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су таранспорттарымен ластану үлесі де жоғары. Қазір бүкіл планетада іс жүзінде қандай да бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде ластанбаған беттік тұщы су көзі жоқ деуге болады.

Өндіріс ауылшаруашылықтың және басқа да кәсіпорныдарының табиғи су орындары мен өзендерге кері әсер соңғы 10 жылдықта бір мезетте көтеріліп, содан олар катастрофалық жағдайда тұр. Олардың экожүйелері өте үлкен әсер, яғни қайта қалпына келмейтін өзгерітерді өткізуде. Оған өкінішті дәлел болып, Арал теңізі болып табылады.

Су көздерінің ластану мәселесі Алматы қаласының өзендерін де айналып өтпеді. Алматы қаласында 22 өзен және 4 жасанды арналы су қоймалары орналасқан. Өзендердің арналарының жалпы ұзындығы 220,8 км, су қоры айналарының жалпы ауданы -1116 га. Алматыдағы ең үлкен өзендер: Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Есентай өзендері.  

2009 жылы Үлкен Алматы өзен суының сапа көрсеткіші 1,43 (3 кл.), яғни орташа сипаттағы деңгейге ие болған. Ал, 2010 жылы «ластану» деңгейі (СЛИ - 1,53, 3 кл) көтерілген. Ластаушы заттардың құрамы бойынша мыс пен темірдің мөлшері ШМК- дан - 4,9 және 1,1 есе артып кеткен.

2009-2010 жылдардағы мәлімет бойынша Есентай өзені суының ластану индексі (СЛИ) 2009 ж.-1,58 (3кл), 2010 ж. 1,56 (3кл) тең болған. Өзен суындағы мыс мөлшері ШМК-дан 5,1 есе артып кеткен.

Үлкен Алматы және Кiшi Алматы өзен сулары әлi күнге дейiн тау бөктерiндегi су тартқыштар арқылы Алматы қаласын сумен қамтамасыз етiп келедi. Бұл сулар ауыз су талаптарына сәйкес. Бiрақ, өзендердiң сулары таулы аудандардан шығысымен-ақ бiрден сапасын төмендетедi. Соңғы жылдары жеке құрылыстар салудың нәтижесiнде өзен арналары топырақпен көмiлiп, олардың арнасы табиғи бұзылуда. Соңғы деректер бойынша Алматы өзендерiнiң суын қорғау аймағына 1252 нысан орналасыпты. Олардың iшiнде 1090 – тұрғын үй, 3 – АЖБ, 11 – ТЖО, 27 – кафе, 20 – дүкен, 5 – жел үрлеу бекеттерi, 45 – гараж, 26 – кәсiпорын мен ұйымдар бар екен. Осыдан кейін Алматы өзендерiнiң ластану деңгейiнің жоғарылауы заңдылық, ал бұл өз кезегінде су сапасының төмендеуіне алып келеді. Сондықтан да, Алматы қаласын сумен қамтамасыз етіп отырған негізгі өзендер суының экологиялық жағдайын зерттеу өзекті мәселе болып табылады.

2 ЗЕРТТЕУ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

  1. Алматы қаласының климаттық және физикалық-географиялық жағдайы

Алматы қаласы Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде, Тянь-Шань тау жүйесі сілемдерінің бірі Іле Алатауының солтүстік баурайының бөктерінде, теңіз деңгейінен 600-1600 метр  биіктікте, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің алқабында орналасқан. Аумағы 190 км2, тұрғыны 2 млн астам адам. 1929 жылдан 1997 жылдың қазан айына дейін Қазақстанның астанасы болды. 6 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. Жергілікті басқару органы – Алматы қалалық әкімшілігі. Алматы Іле Алатауынан бастау алатын Қорғалы, үлкен және кіші Алматы, Есентай т.б. өзендер атырабында орналасқан. Қаланың айналасы, негізінен, таулы, сайлы – жыралы келеді. Қала маңындағы биік таулы еңіс бедері тік жартасты, терең құзды, құлама беткейлі. Тау бастарының біраз бөлігін мұз басқан. Тау етегіне ұштасып жататын жазық өңір, негізінен, борпылдақ жыныстардан және молтасты – дөңбектасты шөгінділерден түзілген. Оның беті лесті, құмды – сазды қабаттардан тұрады.Таудан келген жер асты және жер беті ағындарының сүзілуі нәтижесінде жер асты суының мол қоры жиналған. Мұнда апатты жер сілкінулері болған (28.05.1887 ж; 22.12.1910 ж). Сондай–ақ лайлы тасқындар мен сел қатері жиі байқалады. Таудан бастау алатын өзендерге сел тасқындарынан қорғайтын бөгеттер салынған.        

...

Скачать:   txt (88.1 Kb)   pdf (317 Kb)   docx (50.7 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club